[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1268861?lang=kk
ҚР Президентінің «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ 2024 жылдан бүгінгі күнге дейін мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, орман резерваттарын, қорықтар мен орман шаруашылығы мекемелерін заманауи арнайы техникамен қамтамасыз етуге кәдеге жарату төлемдері есебінен 33 121 711 000 теңге бағыттады.
Осы кезеңде табиғат қорғау ұйымдары үшін орман және дала өрттерінің алдын алуға әрі оларды жедел сөндіруге арналған 1 006 бірлік заманауи арнайы техника сатып алынды. Олардың қатарында өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын автокөліктер, түрлі үлгідегі тракторлар және орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға қажетті өзге де арнайы техникалар бар.
Табиғат қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту олардың өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығын арттыруға, өрт ошақтарына ден қою уақытын қысқартуға және табиғи өрттермен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қаржыландырудың ең жоғары көлемі мына өңірлерге бағытталды:
– Шығыс Қазақстан облысы — 5,05 млрд теңге, 148 бірлік техника;
– Ақмола облысы — 4,94 млрд теңге, 160 бірлік техника;
– Павлодар облысы — 4,44 млрд теңге, 136 бірлік техника;
– Қостанай облысы — 4,10 млрд теңге, 112 бірлік техника;
– Абай облысы — 3,34 млрд теңге, 82 бірлік техника;
– Солтүстік Қазақстан облысы — 3,31 млрд теңге, 107 бірлік техника.
Бүгінде жеткізілген техника еліміздің барлық өңіріндегі табиғат қорғау мекемелерінде белсенді пайдаланылып келеді. Ол өрт сөндіру бөлімшелерін өрт ошақтарына жедел жеткізуге, аумақтарды патрульдеуге, сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі өзге де жұмыстарды тиімді орындауға мүмкіндік береді.
«Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдері есебінен еліміздің экологиялық қауіпсіздігін нығайтуға, орман экожүйелерін сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған экологиялық жобаларды іске асыруды жалғастыруда
[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1268861?lang=ru
В рамках экологической инициативы Президента РК «Таза Қазақстан» при поддержке Министерства экологии и природных ресурсов РК АО «Жасыл даму» с 2024 года по настоящее время направило 33 121 711 000 тенге средств утилизационного платежа на приобретение современной специализированной техники для государственных национальных природных парков, лесных резерватов, заповедников и лесохозяйственных учреждений страны.
За этот период для природоохранных организаций приобретено 1 006 единиц специализированной техники, предназначенной для предупреждения и оперативного тушения лесных и степных пожаров. В их числе — пожарные автоцистерны, автомобили повышенной проходимости, тракторы различных модификаций и другая техника, необходимая для защиты лесного фонда и особо охраняемых природных территорий.
Обновление материально-технической базы природоохранных учреждений направлено на повышение их готовности к пожароопасному сезону, сокращение времени реагирования на возгорания и повышение эффективности борьбы с природными пожарами.
Наибольший объем финансирования получили:
– Восточно-Казахстанская область — 5,05 млрд тенге, 148 единиц техники;
– Акмолинская область — 4,94 млрд тенге, 160 единиц;
– Павлодарская область — 4,44 млрд тенге, 136 единиц;
– Костанайская область — 4,10 млрд тенге, 112 единиц;
– область Абай — 3,34 млрд тенге, 82 единицы;
– Северо-Казахстанская область — 3,31 млрд тенге, 107 единиц.
Сегодня поставленная техника уже используется природоохранными учреждениями по всей стране. Она позволяет оперативно доставлять пожарные расчеты к очагам возгорания, проводить патрулирование территорий и выполнять другие работы по предупреждению и ликвидации лесных пожаров.
АО «Жасыл даму» продолжает реализацию экологических проектов за счет средств утилизационного платежа, направленных на укрепление экологической безопасности страны, сохранение лесных экосистем и повышение эффективности защиты особо охраняемых природных территорий Казахстана.
