[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1256788?lang=kk
Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де болып, кәсіпорынның іске асырылып жатқан табиғат қорғау іс-шараларымен және экологиялық көрсеткіштерімен танысты.
Кәсіпорын қоршаған ортаға әсер ету деңгейін дәйекті түрде төмендетеді. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы шеңберінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 22 % — ға-2020 жылғы 20 123 тоннадан 2025 жылға қарай 15 642 тоннаға дейін қысқарды. Экологиялық рұқсатқа сәйкес 2026 жылға шығарындылардың рұқсат етілген көлемі 14 637 тоннаға дейін төмендетілді.
АМӨЗ өндірістік объектілерінде эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі (АСМ) енгізілді, ол тәулік бойы негізгі ластаушы заттардың шоғырлануын және технологиялық параметрлерді бақылайды. Орташа деректер әр 20 минут сайын Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкіне беріледі.
Сонымен қатар, кәсіпорында санитарлық-қорғау аймағының периметрі бойынша орналасқан атмосфералық ауаның сапасын бақылаудың төрт автоматты станциясын қамтитын экологиялық мониторинг жүйесі жұмыс істейді. Экопосттардан алынған деректер сағат сайын «Қазгидромет» РМК-ға келіп түседі, AirKz қосымшасына біріктіріледі және қала мен кәсіпорынның ақпараттық LED-экрандарында көрсетіледі. Келешекте атмосфералық ауаның сапасын бақылаудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүйесін жаңғырту көзделген.
Зауытта табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыруға ерекше көңіл бөлінеді. «Tazalyq» жобасы аясында ағынды суларды механикалық тазарту қондырғысын қайта жаңарту аяқталды. Жаңғыртудың арқасында ағынды сулармен келетін ластаушы заттардың көлемі азайды, ал тазартылған ағынды суларды қайта пайдалану 258 мың текше метрге жетті. Сондай-ақ, буландырғыш тоғанның бірінші және екінші секторларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қалған секторлар бойынша жұмыстар жобаның келесі кезеңі іске асырылғаннан кейін орындалатын болады.
Бұдан басқа, 2026-2028 жылдары АМӨЗ өзінің әсер ету аумағында биоалуантүрлілікті зерттеу және мониторингтеу бағдарламасын іске асырады. Бағдарлама халықаралық экологиялық стандарттарға, Қазақстан Республикасының биоалуантүрлілігін сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі Тұжырымдамаға, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ экологиялық стратегиясына сәйкес келеді және өндірістің қоршаған ортаға әсерін одан әрі төмендетуге бағытталған.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1256788?lang=ru
В рамках рабочей поездки в Атыраускую область Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Е. Нысанбаев посетил ТОО «Атырауский нефтеперерабатывающий завод», где ознакомился с реализуемыми природоохранными мероприятиями и экологическими показателями предприятия.
Предприятие последовательно снижает уровень воздействия на окружающую среду. В рамках национального проекта «Жасыл Қазақстан» объем выбросов загрязняющих веществ в атмосферу сокращен на 22 % — с 20 123 тонн в 2020 году до 15 642 тонн к 2025 году. В соответствии с экологическим разрешением допустимый объем выбросов на 2026 год снижен до 14 637 тонн.
На производственных объектах АНПЗ внедрена автоматизированная система мониторинга эмиссий (АСМ), которая в круглосуточном режиме контролирует концентрацию основных загрязняющих веществ и технологические параметры. Усредненные данные каждые 20 минут передаются в Национальный банк данных о состоянии окружающей среды и природных ресурсов.
Дополнительно на предприятии функционирует система экологического мониторинга, включающая четыре автоматические станции контроля качества атмосферного воздуха, расположенные по периметру санитарно-защитной зоны. Данные с экопостов ежечасно поступают в РГП «Казгидромет», интегрируются в приложение AirKz и отображаются на информационных LED-экранах города и предприятия. В перспективе предусмотрена модернизация системы мониторинга для повышения эффективности контроля качества атмосферного воздуха.
Особое внимание на заводе уделяется реализации природоохранных мероприятий. В рамках проекта «Tazalyq» завершена реконструкция установки механической очистки сточных вод. Благодаря модернизации снижены объемы загрязняющих веществ, поступающих со сточными водами, а повторное использование очищенных стоков достигло 258 тыс. кубических метров. Также проведена рекультивация первого и второго секторов пруда-испарителя. Работы по оставшимся секторам будут выполнены после реализации следующего этапа проекта.
Кроме того, в 2026–2028 годах АНПЗ реализует программу исследований и мониторинга биоразнообразия на территории своего воздействия. Программа соответствует международным экологическим стандартам, Концепции по сохранению и устойчивому использованию биоразнообразия Республики Казахстан, а также экологической стратегии АО НК «КазМунайГаз» и направлена на дальнейшее снижение воздействия производства на окружающую среду.
