[:kz]Қазақстан пластикпен ластануға қарсы күрес жөніндегі жаһандық келісімді әзірлеуге арналған бейресми кездесуге қатысты[:ru]Казахстан принял участие в неформальной встрече по подготовке глобального соглашения по борьбе с пластиковым загрязнением

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253611?lang=kk

2026 жылғы 30 маусым мен 3 шілде аралығында Кенияның Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесінде пластикпен ластануға қарсы күрес жөніндегі халықаралық заңды күші бар келісімді әзірлеу мақсатында құрылған Үкіметаралық келіссөздер комитетіне қатысушы мемлекеттер делегациялары басшыларының бейресми кездесуі өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысты. Делегация болашақ халықаралық келісімнің негізгі бағыттары бойынша еліміздің ұстанымдарын ұсынып, мемлекеттердің көзқарастарын жақындастырудың ықтимал жолдарын талқылауға белсенді қатысты.

Аталған кездесу биылғы ақпан айында сайланған Үкіметаралық келіссөздер комитетінің төрағасы ұсынған жаңа жұмыс форматына байланысты ерекше маңызға ие болды. Дәстүрлі келіссөздерден айырмашылығы, пікірталастар бейресми форматта ұйымдастырылып, құжат мәтінін келісуге емес, пікір алмасуға, мемлекеттердің ұстанымдарындағы ортақ тұстарды айқындауға және болашақ келісімнің ең күрделі мәселелері бойынша өзара тиімді ымыралы шешімдер іздеуге бағытталды.

Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттердің ұсыныстары мен ұстанымдарын жинақтайтын анықтамалық құжат әзірленеді. Бұл құжат 2026 жылғы қыркүйекте өтетін бейресми консультацияларға, сондай-ақ алдын ала 2027 жылғы наурызға жоспарланған Үкіметаралық келіссөздер комитетінің қайта жалғасатын бесінші сессасына (ҮКК-5.2) дайындықтың негізі болады.

Қазақстан пластикпен ластануға қарсы күрес жөніндегі тиімді әрі теңгерімді халықаралық келісімді әзірлеу мақсатындағы келіссөздер процесіне белсенді қатысуын жалғастырады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253611?lang=ru

С 30 июня по 3 июля 2026 года в ОтделенииООН в г. Найроби (Кения) состоялась неформальная встреча глав делегаций государств – участников Межправительственного переговорного комитета по разработке международного юридически обязательного соглашения по борьбе с пластиковым загрязнением.

В работе встречи приняла участие делегация Республики Казахстан, возглавляемая Вице-министром экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Жомарт Алиевым, которая представила национальные подходы по ключевым элементам будущего международного соглашения и приняла активное участие в обсуждении возможных путей сближения позиций государств.

Особое значение данная встреча приобрела в связи с новым форматом работы, предложенным Председателем Межправительственного переговорного комитета, избранным в феврале текущего года. В отличие от традиционного переговорного процесса, дискуссии были организованы в неформальном формате и были направлены не на согласование текста документа, а на открытый обмен мнениями, выявление областей совпадения позиций и поиск возможных компромиссных решений по наиболее сложным вопросам будущего соглашения.

По итогам обсуждений будет подготовлен справочный документ, который обобщит предложения и позиции государств и станет основой для дальнейших неформальных консультаций в сентябре 2026 года, а также подготовки к возобновленной пятой сессии Межправительственного переговорного комитета(МПК-5.2), предварительно запланированной на март 2027 года.

Казахстан продолжит принимать активное участие в переговорном процессе, выступая за разработку эффективного и сбалансированного международного соглашения по борьбе с пластиковым загрязнением.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх