[:kz]Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы[:ru]Устюртский государственный природный заповедник

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1249837?lang=kk 

«Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ – табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар, қызметтік мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін,өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу, оларды қалпына келтіру болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылы 12 шілдеде Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесінің № 294 Қаулысымен ұйымдастырылған. Қорықты құру мақсаты – Қазақстанның Оңтүстік-Батысындағы шөлдік аймақтың табиғи кешендерін табиғи күйінде сақтап қалу.

Қорықтың жұмысы үш бағыт бойынша орындалады:

– қорықтың аумағын қорғау, қорғалатын табиғи кешендердің табиғи күйінде сақталуын қолдау;

– табиғат жылнамасын жүргізу арқылы экологиялық мониторинг жүргізу, ғылыми зерттеулер жүргізу;

– жергілікті халыққа экологиялық ағарту жұмыстары арқылы табиғат қорғауды насихаттау;

Қорық аумағы Үстірт платосының батыс шыңдарының бір бөлігін, платоның енсіз жолағын және кең ойысты (Кендірлі сор) алып жатыр. Әкімшілік-аумақтық бөліну бойынша қорық Маңғыстау облысы Қарақия ауданының жерінде орналасқан. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Арал-Каспий суайырығының аумағындағы Үстірт жонының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның аумағы ендік бағытта ең жалпақ бөлігі 43 км-ге (шығыс бойлығы 54˚ 09′ бастап, 54˚ 55′ дейін), меридиандық бағытта – 95 км-ге (1942 ж. координаталар жүйесі бойынша солтүстік ендігі 42˚ 34′ – 43˚ 23′) созылған. Қорықтың жалпы ауданы 223 342 га құрайды. Ол Үстірттің Батыс шыңдарының оңтүстік бөлігін (солтүстік-батыста Мәмекқазған құдығынан бастап, оңтүстікте Қызылсай шатқалына дейін), оған жалғасып жатқан Үстірт жонының жіңішке шыңды жолағын, Қарынжарық – Кендірлі-сор ойпатының шығыс бөлігі мен Карынжарық құмды алқабының фрагменттерін, сонымен қатар, Қарамая тауын қамтиды. Қорықтың ең биік нүктесі Көкесем құдығы ауданындағы Үстірттің Батыс жонында (теңіз деңгейінен +340 м биіктікте), ең төменгі нүктесі Кендірлі сордың солтүстік бөлігінде (-52 м) орналасқан.

Жер бедері мен топырақтың әртүрлілігінен қорықтың флорасы мен фаунасы алуан түрлі болып келеді: қазіргі уақытта оның аумағында өсімдіктердің 403 түрі, сүтқоректілердің 33, құстардың 174, бауырымен жорғалаушылардың 15, қосмекенділерден 1 түр тіркелген.

Соның ішінде ҚР Қызыл кітабына: өсімдіктерден-майда қатыран, берік сүттіген, хиуа сораңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, бор рияңы, құстардан – кішкене аққұтан, жалбағай, қарабай, қоқиқаз, жыланжегіш қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, сақалтай, жұртшы, ителгі, лашын, тазтырна, жекдуадақ, қарабас өгіз шағала, қарабауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, үкі; бауырымен жорғалаушылардан: Палассов қарашұбар жыланы; сүтқоректілерден: арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, итаю, сабаншы, шұбар күзен, шағыл мысығы, Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы, ақбауыр жарқанат енген.

Қорықтың әкімшілік ғимараты Жаңаөзен қаласында орналасқан. Қорық әкімшілігіне ең жақын шекара нүктесі 130 км және облыс орталығы Ақтау қаласы 150 км жерде орналасқан. Қорық аумағына Жаңаөзен қаласынан Қызылсай ауылынына (22 км), әрі қарай Бекет Ата грейдерімен (94 км), содан кейін шығысқа қарай Балуанияз Ата қорымына дейін (40 км), қорымнан 1,5 км жерде Мәмекқазған кордоны орналасқан. Қорықтың оңтүстік шекарасына Жаңаөзен қаласынан Құланды ауылына (15 км), әрі қарай Кендірлі-Қаясан дөңі арқылы қорықтың кордоны орналасқан Өнере жеріне дейін (120 км). Қорық аумағына ең жақын орналасқан елді мекен Аққұдық ауылы(30 км).[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1249837?lang=ru

РГУ «Устюртский государственный природный заповедник» — особо охраняемая природная территория, имеющая статус природоохранного и научного учреждения. Основной целью деятельности учреждения является сохранение, изучение и восстановление естественного хода природных процессов и явлений на его территории, объектов растительного и животного мира, отдельных видов и сообществ растений и животных, а также типичных и уникальных экологических систем.

Устюртский государственный природный заповедник был создан 12 июля 1984 года Постановлением Совета Министров Казахской ССР № 294. Цель создания заповедника — сохранение в естественном состоянии природных комплексов пустынной зоны юго-западной части Казахстана.

Деятельность заповедника осуществляется по трем основным направлениям:

– охрана территории заповедника и обеспечение сохранности охраняемых природных комплексов в их естественном состоянии;

– проведение экологического мониторинга посредством ведения «Летописи природы», а также осуществление научных исследований;

– экологическое просвещение местного населения и пропаганда охраны природы.

Территория заповедника включает часть западного чинка плато Устюрт, узкую полосу плато и обширную впадину (солончак Кендерли). В административно-территориальном отношении заповедник расположен на территории Каракиянского района Мангистауской области.

Устюртский государственный природный заповедник расположен в юго-западной части Устюртского плато, в пределах Арало-Каспийского водораздела. Территория заповедника простирается с запада на восток в наиболее широкой части на 43 км (от 54°09′ до 54°55′ восточной долготы), а с севера на юг — на 95 км (от 42°34′ до 43°23′ северной широты по системе координат 1942 года).

Общая площадь заповедника составляет 223 342 га. В его состав входят южная часть Западного чинка Устюрта (от колодца Мамекказган на северо-западе до ущелья Кызылсай на юге), прилегающая узкая полоса Устюртского плато, восточная часть впадины Карынжарык – Кендерли-сор, фрагменты песчаного массива Карынжарык, а также гора Карамая.

Самая высокая точка заповедника расположена на Западном чинке Устюрта в районе колодца Кокесем и находится на высоте +340 м над уровнем моря. Самая низкая точка находится в северной части солончака Кендерли и составляет –52 м над уровнем моря.Благодаря разнообразию рельефа и почвенного покрова флора и фауна заповедника отличаются высоким биологическим разнообразием. В настоящее время на его территории зарегистрировано 403 вида растений, 33 вида млекопитающих, 174 вида птиц, 15 видов пресмыкающихся и 1 вид земноводных. В Красную книгу Республики Казахстан включены следующие виды, обитающие на территории заповедника:

– из растений – катран мелкий, молочай твёрдый, солянка хивинская, мягкоплодник обыкновенный, ревень меловой;

– из птиц – малая белая цапля, колпица, каравайка, фламинго, змееяд, степной орёл, чёрный гриф, беркут, бородач, стервятник, балобан, сапсан, журавль-красавка, дрофа-красотка, черноголовая чайка, чернобрюхий рябок, белобрюхий рябок, филин;

– из пресмыкающихся – полоз Палласа;

– из млекопитающих – архар, джейран, каракал, медоед, манул, перевязка, барханный кот, переднеазиатский леопард и белобрюхий стрелоух.

Административное здание заповедника расположено в городе Жанаозен. Ближайшая точка границы заповедника находится на расстоянии 130 км от администрации заповедника, а областной центр — город Актау — расположен в 150 км. Проезд к территории заповедника осуществляется из города Жанаозен через село Кызылсай (22 км), далее по грейдерной дороге Бекет Ата (94 км), затем на восток до некрополя Балуанияз Ата (40 км). В 1,5 км от некрополя расположен кордон «Мамекказган».К южной границе заповедника можно добраться из города Жанаозен через село Куланды (15 км), далее через возвышенность Кендерли–Каясан до местности Онере, где расположен кордон заповедника (120 км).Ближайшим к территории заповедника населенным пунктом является село Аккудук, расположенное на расстоянии 30 км.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх