[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1248811?lang=kk
Сарыарқаның сайын даласындағы көркем тауларға көз салсаңыз, табиғаттың қайталанбас сұлулығы мен тылсым әлемі алдыңыздан ашылады. Сол әсемдіктің жүрегінде табиғат байлығын сақтап тұрған ерекше мекен бар. Ол – Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1998 жылы құрылған. Содан бері парк Қарқаралы өңірінің бірегей табиғи кешендерін, өсімдіктері мен жануарлар дүниесін қорғап, оларды келешек ұрпаққа аман жеткізу жолында қызмет етіп келеді. Бұл – халқымыздың табиғатқа деген жанашырлығының айқын көрінісі.
Парк аумағы 112 120 гектар жерді алып жатыр. Оның құрамына Тау, Қарқаралы, Кент және Бақты орманшылықтары кіреді. Көкке бой созған қарағайлы ормандар, гранитті жартастар мен мөлдір көлдер өңірдің табиғи келбетін ерекше айшықтайды. Әсіресе Шайтанкөл, Бассейн және Пашенное көлдері табиғат сүйер қауымның ерекше қызығушылығын тудырады.
Қарқаралы өлкесінің табиғаты сан алуан. Мұнда қарағай, қайың, көктерек, долана, итмұрын және басқа да көптеген өсімдіктер өседі. Өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігі экожүйенің тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады.
Жануарлар әлемі де өте бай. Парк аумағында құстардың 234 түрі мекендейді, олардың 4 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сонымен қатар сүтқоректілердің 46 түрі кездеседі, олардың 2 түрі де Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – табиғатты қорғаумен қатар, ғылыми зерттеулер мен экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізетін маңызды орталық. Мұнда жыл сайын табиғатты қорғауға бағытталған түрлі акциялар, экологиялық іс-шаралар мен танымдық кездесулер ұйымдастырылады.
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Сарыарқаның інжу-маржаны, табиғаттың қайталанбас сыйы. Оның көркем ормандары, асқақ таулары, мөлдір көлдері мен бай жануарлар дүниесі – туған жеріміздің баға жетпес табиғи мұрасы. Бұл – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек ұрпақтың да аманаты.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1248811?lang=ru
Стоит лишь взглянуть на живописные горы бескрайней Сарыарки, и перед вами откроется неповторимая красота и загадочный мир природы. В самом сердце этого великолепия находится уникальное место, бережно сохраняющее природные богатства, — Каркаралинский государственный национальный природный парк.
Парк был основан в 1998 году. С тех пор он охраняет уникальные природные комплексы Каркаралинского края, его богатый растительный и животный мир, сохраняя это бесценное наследие для будущих поколений. Это яркий пример бережного отношения народа к природе.
Площадь парка составляет 112 120 гектаров. В его состав входят лесные массивы Тау, Каркаралы, Кент и Бакты. Высокие сосновые леса, гранитные скалы и кристально чистые озёра придают этой местности неповторимый облик. Особый интерес у любителей природы вызывают озёра Шайтанколь, Бассейн и Пашенное.
Природа Каркаралинского края отличается большим разнообразием. Здесь произрастают сосна, берёза, осина, боярышник, шиповник и многие другие растения. Богатство растительного мира играет важную роль в поддержании устойчивости экосистемы.
Животный мир парка также чрезвычайно богат. Здесь обитают 234 вида птиц, из которых 4 занесены в Красную книгу Казахстана. Кроме того, встречается 46 видов млекопитающих, включая 2 редких вида, занесённых в Красную книгу Казахстана.
Каркаралинский национальный парк — это не только территория охраны природы, но и важный центр научных исследований и экологического просвещения. Ежегодно здесь проводятся природоохранные акции, экологические мероприятия и познавательные встречи.
Каркаралинский государственный национальный природный парк — настоящая жемчужина Сарыарки и бесценный дар природы. Его величественные леса, горы, прозрачные озёра и богатый животный мир являются неотъемлемой частью природного наследия Казахстана. Это достояние, которое мы обязаны сохранить для будущих поколений.
