[:kz]Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы[:ru]Маркакольский государственный природный заповедник

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1248048?lang=kk 

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстанның шығысындағы Оңтүстік Алтай өңірінің көркем Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Қорықтың басты табиғи байлығы – тау ормандары, гүлге көмкерілген шалғындар мен қарлы шыңдар қоршаған Алтайдағы ең ірі су айдыны – Марқакөл көлі.

Қорық 1976 жылғы 4 тамызда Оңтүстік Алтайдың бірегей табиғи кешендерін сақтау мақсатында құрылған. 2026 жылы қорық өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. Оның негізгі қызмет бағыттары – табиғи экожүйелерді қорғау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеу, олардың генетикалық қорын сақтау, сондай-ақ Марқакөл көлінің экологиясы мен балық қорын ғылыми тұрғыдан зерттеу.

Қорықтың негізгі қорғау нысандары – бірегей ихтиофаунасы бар Марқакөл көлі, таулы-тайгалы және биік таулы ландшафттар, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың бай дүниесі. Қазіргі таңда қорық аумағы 102 971 гектарды құрайды және Марқакөл қазаншұңқырының шамамен 87 пайызын қамтиды.

Марқакөл көлі теңіз деңгейінен шамамен 1449 метр биіктікте орналасқан. Оның ұзындығы 38 шақырым, ауданы шамамен 455 шаршы шақырымды құрайды. Көлге көптеген тау өзендері мен бұлақтар құяды, ал одан Қалжыр өзені ғана бастау алады.

Марқакөл қазаншұңқырының климаты шұғыл континенттік. Қысы ұзақ әрі қарлы, аяз кейде –45°С-қа дейін жетеді. Жазы қысқа әрі салқын келеді. Климаттық ерекшеліктеріне байланысты Марқакөл Қазақстандағы ең суық өңірлердің бірі саналады.

Қорық флорасында жоғары сатыдағы өсімдіктердің 710-ға жуық түрі кездеседі. Олардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек және эндемик өсімдіктер бар. Атап айтқанда, сібір қандығы, алтай рауғашы және алтынтамыр өседі.

Жануарлар дүниесі омыртқалы жануарлардың 300-ден астам түрінен тұрады. Қорықта марал, бұлан, қоңыр аю, сілеусін, бұлғын сияқты тайга жануарлары мекендейді. Сирек кездесетін түрлердің қатарында қар барысы, бүркіт, аққұйрық субүркіт, балықшы тұйғын және қара ләйлек ерекше орын алады.

Елу жыл ішінде Марқакөл қорығы биоалуантүрлілікті сақтау мен Оңтүстік Алтай табиғатын зерттеудің маңызды орталығына айналды. Бүгінде ол Қазақстанның ең көркем әрі бірегей табиғи аймақтарының бірін сақтап, келер ұрпаққа жеткізу жолында маңызды рөл атқарып келеді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1248048?lang=ru

Маркакольский государственный природный заповедник расположен в живописной Маркакольской котловине на Южном Алтае, в восточной части Казахстана. Его главной природной жемчужиной является озеро Маркаколь — крупнейший водоём Алтая, окружённый горно-таёжными лесами, цветущими лугами и снежными вершинами.

Заповедник был создан 4 августа 1976 года для сохранения уникальных природных комплексов Южного Алтая. В 2026 году он отмечает своё 50-летие. Основными направлениями деятельности заповедника являются охрана природных экосистем, изучение флоры и фауны, сохранение генетического фонда растений и животных, а также исследование экологии озера Маркаколь и его рыбных ресурсов. Главными объектами охраны являются озеро Маркаколь с его уникальной ихтиофауной, таёжные и высокогорные ландшафты, а также богатый растительный и животный мир. Сегодня площадь заповедника составляет 102 971 гектар и охватывает около 87% территории Маркакольской котловины.

Озеро Маркаколь расположено на высоте около 1449 метров над уровнем моря. Его длина достигает 38 км, площадь — около 455 км². В озеро впадает множество горных рек и ручьёв, а вытекает только одна река — Кальджир, являющаяся притоком Чёрного Иртыша.

Климат Маркакольской котловины резко континентальный. Зимы здесь суровые и снежные, с морозами до -45 °С, а лето короткое и прохладное. По климатическим условиям Маркаколь считается одним из самых холодных районов Казахстана.

Флора заповедника насчитывает около 710 видов высших сосудистых растений. Здесь встречаются редкие и эндемичные виды, многие из которых занесены в Красную книгу Казахстана, включая кандык сибирский, ревень алтайский и родиолу розовую.

Животный мир представлен более чем 300 видами позвоночных животных. В заповеднике обитают марал, лось, бурый медведь, рысь, соболь и другие представители таёжной фауны. Среди редких видов особую ценность представляют снежный барс, беркут, орлан-белохвост, скопа и чёрный аист.

За полвека существования Маркакольский заповедник стал важным центром сохранения биоразнообразия и изучения уникальной природы Южного Алтая, сохранив для будущих поколений один из самых живописных уголков Казахстана.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх