[:kz]Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы: Батыс Алтайдың орта және биік таулы табиғи кешендерінің эталоны[:ru]Западно-Алтайский государственный природный заповедник: эталон среднегорных и высокогорных природных комплексов обширного региона Западного Алтая

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1246151?lang=kk

«Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ 1992 жылғы 3 шілдеде Батыс Алтайдың табиғи үдерістерін, табиғи кешендерін, биологиялық әртүрлілігін және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің генетикалық қорын табиғи күйінде сақтау мен зерттеу мақсатында құрылды. Қорық Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде, Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан. Бастапқыда қорықтың аумағы 56 078 гектарды құраса, 2008 жылы оның аумағы кеңейтіліп, бүгінде 86 122 гектарға жетті.

Қорық аумағы Батыс Алтайдың негізгі жоталары – Иванов, Үлбі, Көксу, Холзун жоталарының беткейлері мен сілемдерін қамтиды. Оларға Тұрғысын және Линей жоталары жалғасады. Бұл өңір Батыс Алтайдың орта және биік таулы табиғи кешендерінің эталоны болып табылады.

Линей жотасында «Линей бағандары» атты геоархитектуралық кешен орналасқан. Бұл бірегей гранитті жартастар уақыт пен атмосфералық құбылыстардың әсерінен қалыптасқан, өткен дәуірлердің ерекше геологиялық ескерткіштері болып саналады.

Линей және Холзун жоталарының арасында Батыс Алтайдағы ең ірі биік таулы батпақ – «Гүлбище» орналасқан. Ол қорық аумағындағы бірегей табиғи кешендердің бірі.

Қорық аумағында тармақталған биік таулы гидрологиялық өзен жүйесі қалыптасқан. Ең ірі өзендері – Ақ Үбі (Белая Уба) және Қара Үбі (Черная Уба).

Өсімдіктер дүниесі. Қорық флорасында жоғары сатыдағы тамырлы өсімдіктердің 889 түрі бар. Оның 27 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Өсімдіктер дүниесі жабайы жануарлар үшін тіршілік ету ортасы ғана емес, сондай-ақ қоректену, көбею және төлдерін өсіру орны болып табылады. Сонымен қатар өсімдіктер дүниесі белгілі бір дәрежеде теріс әсерлерге де ұшырайды.

Жануарлар дүниесі. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жануарлардың 230 түрі мекендейді, оның ішінде:

  • Құстардың 165 түрі бар, оның ішінде 120 түрі ұялайды. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек және жойылып бара жатқан құстардың 6 түрі қорықта кездеседі: қара ләйлек, бүркіт, сұңқар, сұр тырна, жапалақ, ителгі. Сонымен қатар, бөдене тектес деркач (коростель) пен дубровник сұлыторғайы BirdLife International ұйымы (2005) жасаған жаһандық қауіп төнген құстар тізіміне енгізілген.
  • Сүтқоректілердің 57 түрі мекендейді. Тұяқты жануарлардың үш түрі бар: бұлан, марал және елік. Қоңыр аю, сілеусін, бұлғын, ақкіс, сасықкүзен, аққалақ, тиін, аламан, алтай шақылдағы және ақ қоян кең таралған.

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек сүтқоректілердің бірі – Иконников жарқанаты (ночница Иконникова) қорық аумағында тіршілік етеді.

  • Герпетофауна құрамына қосмекенділердің 2 түрі және бауырымен жорғалаушылардың 4 түрі кіреді.
  • Өзендер мен көлдердің ихтиофаунасы балықтардың 5 түрімен ұсынылған. Оның ішінде таймень Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

2020 жылы «Адам және биосфера» бағдарламасы жөніндегі Халықаралық үйлестіру кеңесінің шешімімен Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізілді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1246151?lang=ru

РГУ «Западно-Алтайский государственный природный заповедник» создан 3 июля 1992 года с целью осуществления функций по сохранению и изучению в естественном состоянии и развитии природных процессов типичных и уникальных экологических систем, биологического разнообразия и генетического фонда растительного и животного мира Западного Алтая. Расположен в северо–восточной части Восточно-Казахстанской области на границе с Российской Федерацией. Первоначально площадь заповедника составляла 56078 га, в 2008 году произошло расширение площади Западно-Алтайского заповедника, и сегодня составляет 86122 га.

Территория заповедника распространяется по склонам оконечностей и отрогов главных хребтов Западного Алтая – Ивановского, Ульбинского, Коксуйского, Холзуна, к которым примыкают менее мощные хребты – Тургусунский и Линейский. Местность представляет эталон среднегорных и высокогорных природных комплексов обширного региона Западного Алтая.

На Линейском хребте расположен геоархитектурный комплекс «Линейские столбы». Эти уникальные образования — гранитные останцы представляют собой оригинальные геологические памятники минувших эпох, сформированные временем и атмосферными явлениями.

Между хребтами Линейский и Холзун раскинулось высокогорное болото «Гульбище». Оно является самым большим на Западном Алтае. Это уникальный для заповедника природный комплекс.

На территории заповедника высокогорная гидрологическая речная сеть, характеризующаяся значительной разветвленностью. Наиболее крупными реками являются Белая и Черная Уба.

Растительный мир. Флора сосудистых растений составляет 889 видов. 27 растений занесены в Красную Книгу Казахстана.

Растительный мир служит для диких животных не только сферой обитания, но и местом пропитания, размножения, вскармливания молодняка. Растительный мир при этом претерпевает некоторое отрицательное воздействие.

Животный мир. На территории Западно-Алтайского заповедника обитает 230 видов животных, в том числе:

  • птиц 165 видов, в том числе 120 гнездящихся. Из числа редких и исчезающих птиц, занесённых в Красную книгу Казахстана, в Западно-Алтайском заповеднике отмечено пребывание 6 видов, (чёрный аист, беркут, сапсан, серый журавль, филин, балобан. Коростель, овсянка-дубровник занесены в международный список глобально угрожаемых видов птиц, составленный BirdLifeInternational (2005).
  • 57 видов млекопитающих. Три вида копытных – лось, марал, косуля. Обычными видами являются бурый медведь и рысь соболь, горностай, солонгой, ласка, белка, бурундук, алтайская пищуха, заяц-беляк.

Из редких млекопитающих, занесенных в Красную книгу Казахстана, в заповеднике обитает ночница Иконникова.

  • Герпетофауна включает 2 вида земноводных и 4 вида пресмыкающихся.
  • Ихтиофауна рек и озёр представлена 5 видами рыб, из них 1 вид – таймень занесен  в Красную книгу Казахстана.

В 2020 году Западно-Алтайский государственный природный заповедник внесён во всемирную сеть резерватов ЮНЕСКО по решению Международного координационного совета программы «Человек и биосфера».

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх