[:kz]«Бөкейорда мемлекеттік табиғи резерваты» РММ[:ru]РГУ «Государственный природный резерват «Бокейорда»

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1243926?lang=kk

Батыс Қазақстан облысының ұлан-ғайыр даласы – табиғи байлығы мен биологиялық алуантүрлілігі сақталған ерекше өңірлердің бірі. Осы табиғи мұраны қорғау мақсатында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі – «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы №330 Қаулысымен «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты және «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы құрылды. Резерваттың құрылуының негізгі мақсаты, сирек және эндемикалық өсімдіктер мен жануарлардың, соның ішінде киіктердің Орал популяциясының мекен ету ортасын сақтау, сондай-ақ биологиялық алуантүрлілікті, табиғи кешендерді және оларға байланысты табиғи және тарихи-мәдени нысандарды қорғау, қалпына келтіру және қолдау.

Резерват Қазақстандағы жетінші мемлекеттік табиғи резерват болып табылады. Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда, Жәнібек, Казталов және Жаңақала аудандарының аумағындағы жер қоры санатындағы жер учаскелерінде құрылды. «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының жалпы аумағы – 343 040,1 гектар, ал «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалының аумағы – 314 504,1 гектар. Сонымен қатар резерват қарауына «Кирсанов» мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы (39 000 га) мен «Жалтыркөл» мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы (19 000 га) кіреді. Осылайша мекеме қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы көлемі 715 544,2 гектарды құрайды.

Резерват аумағы «Аралсор» және «Жаңақала» атты екі негізгі учаскеден тұрады. «Аралсор» учаскесі, Батыс Қазақстан облысының батысында Жәнібек, Бөкейорда, Казталов аудандарының аумағында орналасқан. Солтүстіктегі аумақтың шекарасы Жақсыбай – Ақадыр ауылдарынан Жәнібек – Таловка автожолына, одан әрі Борсы – Тегісшіл ауылдары мен Қорған – Қайролла қыстақтарына, одан әрі Жігер- Ақкөл ауылы арқылы Ақоба ауылына дейін өтеді. Содан кейін шекара канал бойымен оңтүстік-шығыс бағытта Күйгенкөл ауылына дейін, одан әрі Құрсай ауылы арқылы, Айдекен, Шарбаққыр қыстақтары арқылы өтеді, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс шекара Бөкейорда ауданының аумағындағы қыстақтары арқылы Чапаев – Сайхын автожолының солтүстік бөлігіне дейін өтеді.Шығыс шекарасы Қазталов ауданының аумағы арқылы Саралжын – Нұрсай ауылдары арқылы өтеді, содан кейін солтүстік – батыс бағытта Қараоба және Жақсыбай ауылдарына бұрылады. «Жаңақала» учаскесі, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде Жаңақала ауданының аумағында орналасқан, батыс және оңтүстік шекарасы Қамыс – Самар көлдерінің төгілу трактаттарының оңтүстік бөлігінен және қыстаудың оңтүстігінен өтеді одан әрі солтүстікке қарай дала жолының шығысына қарай Жаңақазан ауылына қарай бұрылады. Учаске Жаңақазан, Жаңажол, Көпжасар және Маштексай ауылдық округтерінің аумағында орналасқан. «Ащыөзек» өзені, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек және Казталов аудандары жерінде орналасқан. Ұзындығы 258 км, су жиналатын алабының аумағы 7150 км2.

ЕҚТА аумағы Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығысында, Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Жер бедерінің табиғаты бойынша бұл оңтүстікке қарай өте жайпақ еңісі бар жазық. Беткейі кей жерлерде негізінен микро- және сирек мезорельефті ретті ойпаңдармен күрделенген. Аумақтың оңтүстік бөлігі аздап еңісті жалпы рельефті ойпаңдар және әлсіз өрнектелген жалпақ түбі бар созылулар түріндегі нақты анықталған рельефті абсолютті жазық болып табылады. Солтүстік бөлігінде үлкен биіктік байқалады және көктемгі ағынды сулардың эрозиялық белсенділігі күштірек әсер етеді. Мұнда бірнеше үлкен жыралар (сай) бар – Тарылғансай, Қоңырсай т.б. кей жерлері суға толы.

Резерватының топырақ жамылғысы әркелкілігімен және кешенді құрылымымен ерекшеленеді. Аумақта негізінен құба қызғылт, ашық қызғылт және қоңыр топырақтар басым. Ойпаң жерлерде сортаңдар мен сорлар кең таралған, ал құмды аумақтарда қоңыр құмды топырақтар кездеседі. Солтүстік бөлігінде дала және шөлейт өсімдіктерімен байланысты құба қызғылт топырақтар басым болса, оңтүстікке қарай шөлейт және шөлдік ашық қызғылт топырақтар жиі кездеседі.

Гидрографиялық жүйе әлсіз дамыған: өзен аңғарлары нашар қалыптасқан, көбіне ағынсыз немесе уақытша ағын сипатында. Аумақтағы негізгі су нысандары Қамысты-Самара көлдер жүйесімен (Жаңақала учаскесі) байланысты. ЕҚТА ішінде тұрақты өзен ағысы жоқ.

Аумақтың далалық қауымдастықтары флористикалық алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Өсімдік жамылғысының жартылай шөлейт субзонасына тән ерекшеліктері бар – онда ксерофитті шымтезек шөптері (Stipa sareptana, Festuca valesiaca, Agropyron desertorum) және ксерофитті орта бұталар (Artemisia lerchiana, A. Pauciflora, Bassia prostrata). Сонымен қатар, аумақтың өсімдік жамылғысы топырақтың күрделілігіне сәйкес күрделілігімен және жоғары әртүрлілігімен сипатталатын галофитті қауымдастықтың таралуымен сипатталады. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жоғары сатыдағы өсімдіктердің 117 түрі, 85 туысы және 25 тұқымдасы анықталған, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген 4 түрдің болуын растауға мүмкіндік берді, олардың ішінде: Шренк қызғалдағы, Биберштейн қызғалдағы, екі гүлді қызғалдақ, Фишер құссүттігені.

Резерват пен қаумал аумағында ғылыми негіздемеге сәйкес, сүтқоректілердің 31 түрі (жойылып бара жатқан түрлер (IUCN мәртебесі) бар), оның ішінде 1 түрі Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген. Құстардың 68 түрі кездеседі, оның ішінде 10 түрі Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген. Бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі кездеседі, оның ішінде 4 түрі Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген.

«Бөкейорда мемлекеттік табиғи резерваты» аумағында тарихи-мәдени мұра объектілерінің елеулі тізбегі сақталған. Олардың қатарында «Айдарлы I–III», «Ақадыр I–VII», «Жалпақбас I–II», «Ақоба I–II», «Борсы I–II», «Жақсыбай III, VIII, XIV, XVI», «Закир I–VII», «Таткен I–V», «Тегісшіл I, IV–V» қорғандар кешендері, сондай-ақ «Жігер», «Қараоба I–II» және «Саралжын» қорғандары бар.

Қазіргі таңда резерватта экологиялық туризмді дамыту бағытында 2 туристік маршруттың паспорты әзірленіп, бекітілді. Алдағы уақытта осы маршруттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Бөкейорда мемлекеттік табиғи резерваты– кең дала төсінде тербелген боз жусанды алқап, желмен сырласқан құм жоталар, киелі киіктің ізі қалған қасиетті мекен. Ол – тарих пен табиғат тоғысқан тұнық әлем, ұрпаққа аманат болған ұлы дала жүрегінің мәңгілік тынысы.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1243926?lang=ru

Обширные степи Западно-Казахстанской области являются одним из уникальных регионов, где сохраняется природное богатство и биологическое разнообразие. Одной из особо охраняемых природных территорий, созданных с целью сохранения этого природного наследия, является государственный природный резерват «Бокейорда».

Постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2022 года №330 были созданы государственный природный резерват «Бокейорда» и государственный природный (зоологический) заказник «Ащыозек». Основной целью создания резервата является сохранение мест обитания редких и эндемичных видов растений и животных, включая уральскую популяцию сайгака, а также сохранение, восстановление и поддержание биологического разнообразия, природных комплексов и связанных с ними природных и историко-культурных объектов.

Седьмой по счету государственный природный резерват в Казахстане. Он расположен на земельных участках из категории земельного фонда Бокейординского, Жанибекского, Казталовского и Жангалинского районов Западно-Казахстанской области. Общая площадь государственного природного резервата «Бокейорда» составляет 343 040,1 га, а государственного природного (зоологического) заказника «Ащыозек» — 314 504,1 га. Кроме того, в ведение резервата входят государственный природный (комплексный) заказник «Кирсанов» (39 000 га) и государственный природный (зоологический) заказник «Жалтырколь» (19 000 га). Таким образом, общая площадь особо охраняемых природных территорий, находящихся в ведении учреждения, составляет 715 544,2 га.

Территория резервата состоит из двух основных участков — «Аралсор» и «Жанакала». Участок «Аралсор» расположен на западе Западно-Казахстанской области, на территории Жанибекского, Бокейординского и Казталовского районов. Северная граница проходит от населённых пунктов Жаксыбай — Акадыр к автодороге Жанибек — Таловка, далее через сёла Борсы — Тегисшил и зимовки Корган — Кайролла, затем через село Жигер — Акколь до села Акоба. Далее граница проходит вдоль канала в юго-восточном направлении до села Куйгенколь, затем через Курсай, зимовки Айдекен и Шарбаккыр, а южная и юго-восточная граница проходит через зимовки Бокейординского района до северной части автодороги Чапаев — Сайхин. Восточная граница проходит по территории Казталовского района через сёла Саралжин — Нурсай, затем поворачивает на северо-запад к сёлам Караоба и Жаксыбай.

Участок «Жанакала» расположен на юге Западно-Казахстанской области, на территории Жангалинского района. Западная и южная границы проходят от южной части озёрно-болотного комплекса Камыс-Самар и южнее зимовок, далее поворачивают на север к востоку от полевой дороги в сторону села Жанаказан. Участок охватывает территории сельских округов Жанаказан, Жанажол, Копжасар и Маштексай.

Река Ащыозек расположена на территории Жанибекского и Казталовского районов Западно-Казахстанской области. Её длина составляет 258 км, площадь водосборного бассейна — 7 150 км².

Территория ООПТ расположена на юго-востоке Восточно-Европейской равнины, в северо-западной части Прикаспийской низменности. Рельеф представляет собой равнину с очень пологим уклоном на юг. В отдельных местах поверхность осложнена микро- и мезорельефом с понижениями. Южная часть представляет собой слабонаклонённую равнину с выраженными понижениями и плоскими днищами. В северной части наблюдаются большие перепады высот и более активная эрозия весенних вод. Здесь встречаются овраги (сай), такие как Тарылгансай, Конырсай и другие.

Почвенный покров резервата отличается разнообразием и сложной структурой. Преобладают бурые, светло-бурые и коричневые почвы. В понижениях широко распространены солонцы и солончаки, а на песчаных участках — бурые песчаные почвы. На севере преобладают бурые почвы, связанные со степными и полупустынными растительными сообществами, а к югу чаще встречаются светло-бурые пустынные почвы.

Гидрографическая сеть слабо развита: речные долины сформированы плохо, водотоки преимущественно временные или отсутствуют. Основные водные объекты связаны с системой озёр Камыш-Самар (Жангалинский участок). Постоянных рек на территории ООПТ нет.

Степные растительные сообщества характеризуются высоким флористическим разнообразием. Растительность относится к полупустынной подзоне и включает ксерофитные злаки (Stipa sareptana, Festuca valesiaca, Agropyron desertorum), а также ксерофитные полукустарники (Artemisia lerchiana, A. pauciflora, Bassia prostrata). Растительный покров отличается высокой мозаичностью и разнообразием галофитных сообществ. По результатам исследований выявлено 117 видов высших растений, 85 родов и 25 семейств, а также подтверждено наличие 4 видов из Красной книги, включая тюльпан Шренка, тюльпан Биберштейна, двухцветковый тюльпан и птицемлечник Фишера.

На территории резервата и заказников зарегистрировано 31 вид млекопитающих (в том числе виды с охранным статусом IUCN), из них 1 вид занесен в Красную книгу Республики Казахстан, 68 видов птиц (из них 10 видов занесены в Красную книгу Республики Казахстан) и 8 видов пресмыкающихся (из них 4 вида занесены в Красную книгу Республики Казахстан).

На территории резервата «Бокейорда» сохранился значительный комплекс историко-культурных объектов. Среди них курганные комплексы «Айдарлы I–III», «Акадыр I–VII», «Жалпакбас I–II», «Акоба I–II», «Борсы I–II», «Жаксыбай III, VIII, XIV, XVI», «Закир I–VII», «Таткен I–V», «Тегисшил I, IV–V», а также курганы «Жигер», «Караоба I–II» и «Саралжин».

В настоящее время в резервате разработаны и утверждены паспорта двух туристических маршрутов для развития экологического туризма. В дальнейшем планируется поэтапное обеспечение этих маршрутов необходимой инфраструктурой.

Государственный природный резерват «Бокейорда» — это колышущиеся под ветром ковыльные степи, песчаные гряды, звучащие в унисон с ветром, священная земля, где оставил след сайгак. Это мир, где переплетаются история и природа, и вечное дыхание Великой степи, ставшее наследием для будущих поколений.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх