[:kz]ҚР Экология және табиғи ресуртар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК ресми сайтында https://iacoos.kz/kz/2026/06/17/43236
Астана қ., 2026 жылғы 17 маусым — Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдамалық орталығы» РМК (ИАЦ ООС) EcoAgent интеллектуалды экологиялық талдау жүйесін енгізу туралы хабарлайды. Жоба мемлекеттік экологиялық бақылауды сапалы трансформациялауға және қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректерді жинау мен талдау процестерін оңтайландыруға бағытталған.
Жобаны әзірлеудің алғышарттары
Қазіргі жағдайда экологиялық ахуалды мониторингтеу өндірістік экологиялық бақылау (ПЭК) есептері, автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің (АСМ) деректері, рұқсат құжаттамалары мен тексеру нәтижелері сияқты құрылымдалмаған үлкен көлемдегі деректерді өңдеумен байланысты. Осындай көлемдегі ақпаратты қолмен талдау адами фактор тәуекелдерін арттырады. EcoAgent платформасын әзірлеу табиғатты қорғау қызметін цифрландыру жолындағы заңды қадам болды.
EcoAgent платформасының негізгі мүмкіндіктері
EcoAgent платформасы кешенді аналитикалық шешім болып табылады:
- Автоматтандырылған кросс-талдау: Ұлттық деректер банкі (НБД), e-License, кәсіпорындар, ЕРАП және ЕРСОР жүйелеріндегі деректерді интеллектуалды байланыстыру. Жүйе нақты шығарындылар көрсеткіштерін белгіленген лимиттермен жедел салыстырады.
- АСМ жүйелерімен интеллектуалды жұмыс: Жасанды интеллект модулі автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің деректерін нақты уақыт режимінде талдап, инспектордың қатысуынсыз нормативтердің асып кетуін анықтайды.
- Тәуекелдерді басқару: Экологиялық бақылау объектілерін проактивті бағалау жүйесі. ЖИ кәсіпорындарға тәуекел рейтингтерін тағайындап, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті инспекторларына ең проблемалы учаскелерге назар аударуға мүмкіндік береді.
- Визуализация және есептілік: Экологиялық жағдайдың интерактивті картасы өңірлер бөлінісінде толық көрініс береді, ал ПЭК есептерін автоматты түрде өңдеу жүйесі құжаттарды өңдеу уақытын бірнеше күннен бірнеше минутқа дейін қысқартады.
Технологиялық инфрақұрылым
Жүйенің негізінде заманауи есептеу қуаттары жатыр — жоба «ҰАТ» АҚ Alem.Cloud суперкомпьютерінде 8 GPU көлемінде сәтті орналастырылды. Бұл деректерді өңдеудің жоғары жылдамдығы мен ауқымдылығын қамтамасыз етеді.
Пилоттық енгізу және перспективалар
Қазіргі кезеңде жүйе еліміздің бес ірі өнеркәсіптік кәсіпорнының базасында пилоттық тестілеуден өтуде. Олардың қатарында ТШО, Казцинк, Қазақстан алюминийі, АМӨЗ және Kazakhmys Smelting бар. Платформаға Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 21 қызметкерлік аккаунты қосылған.
«EcoAgent AI жүйесін енгізу — қоршаған ортаны қорғаудың цифрлық контурын нығайтуға қосқан үлесіміз. Біз Қазақстандағы экологиялық бақылаудың ашық, жедел әрі тиімді болуына ұмтыламыз», — деп атап өтті ИАЦ ООС өкілдері.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе РГП на ПХВ «Информационно-аналитический центр охраны окружающей среды» Министерства экологии и природных ресурсов РК https://iacoos.kz/2026/06/17/43236
Астана, 17 июня 2026 г. — РГП «Информационно-аналитический центр охраны окружающей среды» (далее — ИАЦ ООС) при Министерстве экологии и природных ресурсов РК о ходе разработки интеллектуальной системы экологического анализа EcoAgent. Проект направлен на качественную трансформацию государственного экологического контроля и оптимизацию процессов сбора и анализа данных о состоянии окружающей среды.
Предпосылки создания
В современных условиях мониторинг экологической обстановки сопряжен с обработкой огромных массивов неструктурированных данных: отчетов ПЭК, данных АСМ, разрешительной документации и результатов проверок. Ручной анализ таких объемов информации неизбежно ведет к рискам человеческого фактора. Создание платформы EcoAgent стало закономерным шагом для цифровизации природоохранной деятельности.
Ключевые возможности EcoAgent
Платформа EcoAgent представляет собой комплексное аналитическое решение:
- Автоматизированный кросс-анализ: Интеллектуальная связка данных из различных источников — Национального банка данных (НБД), e-License, предприятия, ЕРАП и ЕРСОР. Система мгновенно сопоставляет фактические показатели выбросов с установленными лимитами.
- Интеллектуальная работа с АСМ: Модуль ИИ в реальном времени анализирует данные автоматизированных систем мониторинга, выявляя превышения нормативов и другие нарушения без участия инспектора.
- Управление рисками: Проактивная система оценки объектов экологического контроля. ИИ присваивает предприятиям рейтинги риска, позволяя инспекторам Комитет экологического регулирования и контроля (далее — КЭРК) фокусироваться на наиболее проблемных участках.
- Визуализация и отчетность: Интерактивная карта экологической обстановки дает полное представление о ситуации в разрезе регионов, отраслей экономики и в разрезе загрязняющих веществ, а автоматизированная система обработки ПЭК-отчетов сокращает время обработки документов с нескольких дней до минут.
Технологическая инфраструктура
В основе системы лежат передовые вычислительные мощности — проект успешно развернут на суперкомпьютере Alem.Cloud АО «НИТ» в объеме 8 GPU, что обеспечивает беспрецедентную скорость обработки данных и масштабируемость. В разрезе
Пилотное внедрение и перспективы
На текущем этапе система проходит пилотное тестирование на базе пяти крупнейших промышленных предприятий страны, включая ТШО, Казцинк, Алюминий Казахстана, АНПЗ и Казахмыс Смэлтинг. К платформе уже подключена 21 учетная запись региональных сотрудников КЭРК.
«Внедрение EcoAgent AI — это наш вклад в укрепление цифрового контура охраны окружающей среды. Мы стремимся к тому, чтобы экологический контроль в Казахстане стал прозрачным, оперативным и эффективным», — отмечают в ИАЦ ООС.
