[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1242041?lang=kk
2026 жылғы 15-16 маусым күндері – Қазақстан Республикасы делегациясы Париж қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) «Жасыл» іс-қимылдар жөніндегі арнайы жұмыс тобының (Green Action Task Force, GATF) отырыстарына қатысты.
Делегация құрамына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Ержан Несібқұлов, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Қазақстан Республикасының Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің өкілдері кірді.
GATF Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдерінде «жасыл» саясатты ілгерілетуге арналған халықаралық алаң болып табылады.
Отырыстар барысында Қазақстан өкілдері 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммиттің нәтижелері туралы ақпарат ұсынып, аталған саммитті өткізуге қосқан мазмұнды үлесі үшін ЭЫДҰ-ға тағы да алғыс білдірді.
Сәуле Сабиева Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі жасыл экономиканы жоспарлау мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Қазақстандағы жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы мен көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асырудың қазіргі жай-күйі мен негізгі басымдықтары туралы ақпарат берді.
Орталық Азиядағы тұрақты инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шараларды іске асыру мәселесін талқылау аясында Ержан Несібқұлов Қазақстанда Sustainable Infrastructure Programme in Asia (SIPA) бағдарламасын іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, SIPA бағдарламасы командасының қолдауымен Қазақстанның 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясының жобасын әзірлеу, елдің инвестициялық саясатын, әсіресе «жасыл» жобаларға инвестициялар тарту тетіктерін жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлеу жұмыстары туралы айтып, SIPA бағдарламасын Қазақстанда одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді.
Талқылаулар барысында су секторына ерекше назар аударылды. Бұл бағыт Ұлттық іс-қимыл жоспарының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Қазақстан тарапы осы саладағы шараларды әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға, сондай-ақ су секторын тұрақты дамудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде таңдауға қатысты халықаралық тәжірибені зерделеуге қызығушылық танытатынын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев 2027–2028 жылдарға арналған GATF бюросы төрағасының орынбасары болып сайланды. Іс-шара аясында Қазақстан өкілдері бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, ЭЫДҰ Даму орталығының және Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының басшылығымен кездесулер ұйымдастырылып, олардың барысында одан әрі ынтымақтастық перспективалары, бірлескен жобаларды іске асыру және өзара іс-қимылдың басым бағыттары талқыланды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1242041?lang=kk
Париж, 15-16 июня, 2026 г. – Делегация Республики Казахстан приняла участие в заседаниях Специальной рабочей группы по «зелёным» действиям (Green Action Task Force, GATF) Организации экономического сотрудничества и развития (ОЭСР), прошедших в Париже.
В состав делегации вошли Директор Департамента климатической политики Министерства экологии и природных ресурсов РК Сауле Сабиева, Директор Департамента международного экономического сотрудничества Министерства национальной экономики РК Ержан Несибкулов, представители Международного финансового центра Астана и Постоянного представительства РК при международных организациях в Париже. GATF является платформой по продвижению «зелёной» политики в странах Центральной Азии и Восточной Европы.
В ходе заседаний представители Казахстана представили информацию о результатах Регионального экологического саммита 22-24 апреля 2026 года в Астане, а также еще раз поблагодарили ОЭСР за содержательный вклад в проведение данного саммита.
С. Сабиева выступила на круглом столе, посвященном вопросам планирования зеленой экономики в странах Восточной Европы, Кавказа и Центральной Азии. В своем выступлении она проинформировала участников о текущем состоянии и приоритетах реализации Концепции перехода к зеленой экономике в Казахстане и Стратегии достижения углеродной нейтральности.
В рамках обсуждения вопроса по реализации мер по обеспечению устойчивой инфраструктуры в Центральной Азии Е. Несибкулов поделился опытом реализации программы Sustainable Infrastructure Programme in Asia (SIPA) в Казахстане, в частности, по разработке при поддержке команды SIPA проекта Стратегии низкоуглеродного развития Казахстана до 2060 г., разработки мер по совершенствованию инвестиционной политики страны, особенно по инвестициям в “зеленые” проекты, а также выразил заинтересованность в продолжении реализации программы SIPA в Казахстане.
Особое внимание в ходе обсуждений было уделено водному сектору, который определен одним из приоритетных направлений Национального плана действий. Казахстанская сторона отметила заинтересованность в обмене опытом по вопросам разработки и реализации соответствующих мер, а также в изучении международных практик по выбору водного сектора в качестве одного из ключевых приоритетов устойчивого развития.
По итогам заседания Вице-министр экологии и природных ресурсов РК Мансур Ошурбаев был избран заместителем председателя Бюро GATF на 2027-2028 гг.
На полях мероприятия представители Казахстана провели ряд двусторонних встреч, в том числе с руководством Центром развития ОЭСР и Евразийской программы конкурентоспособности, в ходе которых были обсуждены перспективы дальнейшего сотрудничества, реализация совместных проектов и приоритетные направления дальнейшего взаимодействия.
