[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1241250?lang=kk
Қорғалжын, 2026 жылғы 12 маусым — Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қолдауымен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен әріптестікте экологиялық және климаттық бастамаларды іске асыруда жергілікті қоғамдастықтарды қолдауға бағытталған Шағын гранттар бағдарламасының (ШГБ) жетінші кезеңінің нәтижелерін ұсынды.
Үш жыл ішінде бағдарламаға қатысушылар Қазақстанның 10 облысында: Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында 25 бастаманы іске асырды.
ШГБ жетінші кезеңінің негізгі нәтижелерінің бірі жергілікті қоғамдастықтар мен азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін нығайту болды. Өз бастамаларын жүзеге асыра отырып, ауылдық аумақтардың тұрғындары проблемаларды анықтау мен шешімдерді жоспарлаудан бастап қаржыны басқаруға, сатып алуға, іс-шараларды жүзеге асыруға және нәтижелерді бағалауға дейінгі жобаларды басқарудың толық циклынан өтті. Мұндай практикалық тәжірибе азаматтардың жергілікті даму және шешім қабылдау процестеріне неғұрлым белсенді қатысуы үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.
«Бүгінгі таңда тұрғындардың белсенді қатысуынсыз аумақтарды орнықты дамыту мүмкін емес. Жергілікті жобаларды қолдай отырып, біз экологиялық міндеттерді шешіп қана қоймай, қоғамдастықтардың әлеуетін нығайтып, азаматтардың өз аумақтарын дамытуға белсенді қатысуы үшін жағдай жасаймыз», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті директорының орынбасары Шаттық Тастемирова.
ШГБ жетінші кезеңі 25.900 тікелей бенефициарларды, соның ішінде әйелдер, ерлер мен жастарды қамтыды. Мыңдаған үй шаруашылықтары орнықты агроэкологиялық тәжірибелер мен жер ресурстарын орнықты басқару әдістерін енгізді, 120-дан астам ұйым жаңартылатын энергия және энергия тиімділігі технологияларына қол жеткізді.
Жергілікті қауымдастықтар алған тәжірибе маңызды экологиялық нәтижелермен қатар жүрді. Мәселен, 87.700 гектар тозған жер қалпына келтірілді, 23.200 тонна парниктік газдар шығарындылары қысқартылды. 124.000 гектар ландшафт қазір жергілікті қауымдастықтардың орнықты басқаруында, ал жеті тәжірибе мен технология одан әрі кеңейіп, оны басқа қауымдастықтар қолданады.
«Шағын гранттар бағдарламасы бұл тәжірибелік білім алу мүмкіндігі, әрі адамдар мен жергілікті қауымдастықтарға инвестиция болып табылады. Қауымдастық мүшелері жобаларды тұжырымдамадан іске асыруға дейін жеткізе отырып, жоспарлау, ресурстарды басқару және нәтижелерді бағалау саласында практикалық тәжірибе алды. Бұған жабдықтарды сатып алу және ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету де кіреді. Бұл дағдылар аумақтардың орнықты дамуына және жергілікті көшбасшылықты қалыптастыруға негіз болады», – деп атап өтті БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, БҰҰДБ-ның, ШГБ ұлттық үйлестіру комитетінің, жергілікті қоғамдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында грантталушылардың, бенефициарлардың және жоба серіктестерінің қатысуымен панельдік сессиялар өтті. Сондай-ақ мини-презентациялар мен өнімдерді көрсетуді қамтыған білім жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қолдау тапқан бастамалардың қатарында жастарға климаттық білім беру, агроэкология мектептерін дамыту, орнықты ауыл шаруашылығы тәжірибелерін енгізу, тозған жерлерді қалпына келтіру, жаңартылатын энергетиканы дамыту және қалдықтарды басқару жөніндегі жобалар бар.
ШГБ жетінші кезеңінің нәтижелері шағын гранттар жергілікті қоғамдастықтарға орнықты шешімдерді енгізуге және Қазақстанның Ұлттық экологиялық және климаттық мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуға көмектесе отырып, дамудың тиімді құралы бола алатынын көрсетеді.
БҰҰДБ Шағын гранттар бағдарламасын 1992 жылы ЖЭҚ пилоттық бағдарламасы ретінде іске қосты. Бағдарлама мақсаты — ЖЭҚ негізгі тақырыптық салаларында жұмыс істейтін үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметін дамытуға жәрдемдесу. Бүгінгі таңда ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасы 127 елде жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасындағы Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы Қазақстан Республикасында 1997 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінгі күнге дейін 374 жобаға қолдау көрсетілді (алтыншы кезең шеңберіндегі 49 жоба). Қазақстандағы Шағын гранттар бағдарламасы туралы https://www.gefsgp.kz сайтынан толығырақ білуге болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) ‒ БҰҰ-ның кедейліктен туындаған әділетсіздіктермен, теңсіздіктермен және климаттың өзгеруімен күресетін жетекші ұйымы. 170 елдегі сарапшылар мен серіктестердің кең желісімен жұмыс істей отырып, біз адамдар мен планета үшін интеграцияланған, ұзақ мерзімді шешімдер жасауға көмектесеміз. Біз туралы undp.org сайтынан немесе @UNDP-ке қосылу арқылы толығырақ білуге болады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1241250?lang=ru
Коргалжын, 12 июня 2026 года — Программа развития ООН в Казахстане (ПРООН) в партнерстве с Министерством экологии и природных ресурсов Республики Казахстан при поддержке Глобального экологического фонда (ГЭФ) представила результаты Седьмой фазы Программы малых грантов (ПМГ), направленной на поддержку местных сообществ в реализации экологических и климатических инициатив.
За три года участники программы реализовали 25 инициатив в 10 областях Казахстана: Алматинской, Акмолинской, Восточно-Казахстанской, Карагандинской, Костанайской, Кызылординской, Туркестанской и областях Абай, Жетысу и Улытау.
Одним из ключевых результатов Седьмой фазы ПМГ стало укрепление потенциала местных сообществ и организаций гражданского общества. Реализуя собственные инициативы, жители сельских территорий проходили полный цикл управления проектами, от выявления проблем и планирования решений до управления финансами, закупок, реализации мероприятий и оценки результатов. Такой практический опыт способствует формированию навыков, необходимых для более активного участия граждан в процессах местного развития и принятия решений.
«Сегодня устойчивое развитие территорий невозможно без активного участия самих жителей. Поддерживая местные проекты, мы не только решаем экологические задачи, но и укрепляем потенциал сообществ и создаем условия для более активного участия граждан в развитии своих территорий», – отметила Шаттык Тастемирова, заместитель директора Департамента климатической политики Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.
Седьмая фаза ПМГ охватила 25.900 прямых бенефициаров, включая женщин, мужчин и молодёжь. Тысячи домохозяйств внедрили устойчивые агроэкологические практики и методы устойчивого управления земельными ресурсами, более 120 организаций получили доступ к технологиям возобновляемой энергии и энергоэффективности.
Практический опыт, полученный местными сообществами, сопровождался и значимыми экологическими результатами. Так, восстановлено 87.700 гектаров деградированных земель, сокращено 23.200 тонн выбросов парниковых газов. 124.000 гектаров ландшафтов теперь находятся под устойчивым управлением местных сообществ, а семь практик и технологий получили дальнейшее распространение и применяются другими сообществами.
«Программа малых грантов — это и школа, и инвестиции в людей и местные сообщества. Проходя путь от идеи до закупки оборудования и обеспечения устойчивости проекта, местные жители получают практический опыт планирования, управления ресурсами и оценки результатов. Это становится основой для устойчивого развития территорий и формирования местного лидерства», – подчеркнул Сухроб Ходжиматов, заместитель Постоянного представителя ПРООН в Казахстане.
В мероприятии приняли участие представители государственных органов, ПРООН, Национального координационного комитета ПМГ, местных сообществ и неправительственных организаций. В рамках мероприятия состоялись панельные сессии с участием грантополучателей, бенефициаров и партнеров проектов, и ярмарка знаний с мини-презентациями и демонстрацией продуктов.
Среди поддержанных инициатив – проекты по климатическому образованию молодежи, развитию школ агроэкологии, внедрению устойчивых сельскохозяйственных практик, восстановлению деградированных земель, развитию возобновляемой энергетики и управлению отходами.
Результаты Седьмой фазы ПМГ показывают, что небольшие гранты могут становиться эффективным инструментом развития, помогая местным сообществам внедрять устойчивые решения и вносить вклад в достижение национальных экологических и климатических целей Казахстана.
ПРООН запустила Программу малых грантов в 1992 году как пилотную программу ГЭФ. Цель программы — содействие развитию деятельности неправительственных и некоммерческих организаций (НПО), работающих в основных тематических областях ГЭФ. Сегодня Программа малых грантов ГЭФ действует в 127 странах.
Программа малых грантов Глобального экологического фонда в Республике Казахстан работает в Республике Казахстан с 1997 года, и на сегодняшний день было поддержано 374 проекта (49 проектов в рамках шестой фазы).Узнайте больше о Программе малых грантов в Казахстане на сайте: https://www.gefsgp.kz.
Программа развития Организации Объединенных Наций (ПРООН) является ведущей организацией ООН, борющейся c несправедливостью, вызванной нищетой, c неравенством и изменением климата. Работая с широкой сетью экспертов и партнеров в 170 странах, мы помогаем создавать интегрированные, долгосрочные решения для людей и планеты. Узнайте o нас больше на сайте undp.org или присоединяйтесь на @UNDP.
