[:kz]
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1241088?lang=kk
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2007 жылы құрылған, жер аумағы 161 045 га. Қазақстанның табиғи байлықтарының інжу-маржаны – «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Ол Солтүстік Тянь-Шаньда, Күнгей Алатауы жотасында, теңіз деңгейінен 1800–3500 метр биіктікте орналасқан.
Парктің флорасы айрықша байлығымен ерекшеленеді және теңіз деңгейінен 1400–4265 м биіктікте таралған бес биіктік белдеуді қамтиды. Парк аумағында 1000-нан астам өсімдік түрлері анықталған, олардың 19-ы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.
Парктің фаунасы да алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда 225-тен астам омыртқалы жануарлар және шамамен 1000-ға жуық омыртқасыз түрлер тіршілік етеді. Жануарлар әртүрлі экологиялық жағдайларда – тау бөктерлерінде, ормандарда, альпілік белдеуде, су айдындарында және елді мекендердің маңында кездеседі. Омыртқалы жануарлар ішінде 51 сүтқоректілер түрі тіркелген, олардың 7-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олар: Тянь-Шань қоңыр аюы, түркістан сілеусіні, қар барысы, Тянь-Шань арқары, тас сусары, Ортаазиялық құндызы, манул. Орнитофаунасы 160 құс түрімен ұсынылған, олардың 14-і Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Олардың қатарында: сақалтай, қара дегелек, ергежейлі бүркіт, дала бүркіті, бүркіт, күйкентай, қарашақаз, үкі, көк құс, сұңқылдақ аққу, құмай, дуадақ, жыланжегіш қыран, сұр тырна. Парк аумағында 500-ден астам омыртқасыз түрлері де тіркелген. Олардың ішінде ерекше қорғалатын түрлер бар: император инелігі, қарақанат шегіртке, екітаңбалы, қысқақанатты.
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орман ресурстарын сақтау, табиғи тепе-теңдікті қолдау және сирек кездесетін ағаш-бұта түрлерін қалпына келтіруге бағытталған кешенді іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылады. Бұл шаралар экожүйенің тұрақты қызметін қамтамасыз ету және өңірдің биологиялық әртүрлілігін сақтау үшін басым мәнге ие. Парктің орман қызметі орман заңнамасының талаптарының қатаң орындалуын қамтамасыз етеді. Заңсыз ағаш кесуді, мал жаюды және браконьерлікті болдырмау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Өрттердің алдын алу үшін жыл сайын маусымдық дайындық ұйымдастырылып, арнайы өртке қарсы жабдықтар мен техника әрдайым дайындықта ұсталады. Парктің қызметкерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға тәулік бойы бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасы ерекше қорғауға алынған. Экологиялық талаптарды сақтау мақсатында жекелеген туристік маршруттарға шектеулер енгізіліп, табиғи кешендерге зиян келтіруі мүмкін әрекеттердің алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Парктің питомниктерінде орман тұқымдас ағаштардың көшеттері өсіріліп, олар көктем мезгілінде жыл сайын отырғызылады. Табиғи қалпына келу процестері қолдау тауып, орман жамылғысын қайта жаңғырту шаралары іске асырылуда. Паркте бейнебақылау жүйесі орнатылған, ол негізгі кіреберістерді, туристік бағыттарды және автотұрақ аймақтарын қамтиды. Қысқы кезеңде экожүйелердің осал уақытында қауіпсіздікті сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қоршаулар мен ескерту белгілері қойылады.
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризмді дамыту басым бағыттардың бірі ретінде танылған. Оның ұйымдастырылуына парк әкімшілігі, туроператорлар және қоғамдық бірлестіктер қатысады. Парктің аумағында әртүрлі климаттық аймақтар бар: таулы шыңдар мен мәңгілік мұздықтардан бастап құмды шөлдерге дейін.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1241088?lang=ru
Государственный национальный природный парк «Көлсай көлдері» создан в 2007 году, площадь территории — 161 045 га. Жемчужиной природного богатства Казахстана является Государственный национальный природный парк «Көлсай көлдері». Он расположен в Северном Тянь-Шане, на хребте Күнгей Алатау, на высоте 1800–3500 метров над уровнем моря.
Флора парка отличается особым богатством и встречается в пределах пяти высотных поясов, от 1400 до 4265 м над уровнем моря. На территории парка «Көлсай көлдері» выявлено более 1000 видов растений, из них 19 видов растений занесены в Красную книгу Республики Казахстан. Фауна парка также отличается большим разнообразием. Здесь обитает более 225 видов позвоночных животных и около 1000 видов беспозвоночных. Животные национального парка обитают в самых разнообразных условиях: от предгорий, лесов до альпийского пояса, а также в водоемах и на территории населенных пунктов. На территории встречаются 51 видов млекопитающих из них 7 видов занесены в Красную книгу Республики Казахстан. Это тянь-шанский бурый медведь, туркестанская рысь, снежный барс, тянь-шаньский баран, каменная куница, среднеазиатская речная выдра, манул. Орнитофауна представлена 160 видами птиц, из которых 14 занесены в Красную книгу Республики Казахстан. Это борадач, черный аист, орел карлик, степной орел, беркут, кумай, серпоклюв, филин, синяя птица, лебедь – кликун, стервятник, журавль красавка, змееяд, серый журавль. В парке обитает более 500 видов беспозвоночных. К особо охраняемым относятся: дозорщик император, кузнечик темнокрылый, жужелица мальчик, хилокорус двуточечный, коранус короткокрылый.
В пределах территории Государственного национального природного парка «Көлсай көлдері» систематически реализуется комплекс мероприятий, направленных на сохранение лесных ресурсов, поддержание природного равновесия и восстановление редких древесно-кустарниковых видов. Данные меры имеют приоритетное значение для обеспечения устойчивого функционирования экосистемы и сохранения биологического разнообразия региона. Лесная служба парка обеспечивает строгое соблюдение норм лесного законодательства. С целью предотвращения незаконных рубок, выпаса скота и браконьерства на регулярной основе проводятся рейдовые мероприятия. Для предупреждения пожаров ежегодно организуется сезонная подготовка, в постоянной готовности содержатся противопожарное оборудование и специализированная техника. Сотрудники парка осуществляют круглосуточный контроль за особо охраняемыми природными участками. Среда обитания растений и животных, занесенных в Красную книгу Республики Казахстан, находится под особой защитой. В целях соблюдения экологических требований вводятся ограничения на отдельных туристских маршрутах, а также предотвращаются действия, способные нанести ущерб природным комплексам. В питомниках парка осуществляется выращивание саженцев лесных пород, которые ежегодно высаживаются в весенний период. Поддерживаются процессы естественного восстановления и реализуются меры по возобновлению лесного покрова. В парке действует система видеонаблюдения, охватывающая основные въезды, туристические маршруты и парковочные зоны. В зимний период устанавливаются ограждения и предупредительные знаки для предотвращения несчастных случаев и сохранения экосистем в уязвимое время года.
Развитие экологического туризма в национальном природном парке «Көлсай көлдері» признано одним из приоритетных направлений: в его организации участвуют сам парк, туроператоры и общественные объединения. В парке есть разные климатические зоны: от горных вершин и вечных ледников до песчаных пустынь.
