[:kz]Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі[:ru]Катон-Карагайский государственный национальный природный парк

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1240363?lang=kk

Катонқарағай – Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия шекаралары түйісетін, мәңгілік мұздықтармен көмкерілген Мұзтау баурайында асқақ таулар, алып самырсындар, тулап аққан өзендер, мөлдір көлдер мен алқызыл гүлге толы шырынды альпілік шалғындар тоғысқан ғажайып мекен.

Ұлттық парк 2001 жылдың 17 шілдесінде құрылған. Алтай-Саян таулы жүйесіне кіреді. Бұл өңір Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) тарапынан жаһандық экологиялық маңызы бар экоаймақ ретінде танылған. Бұл – Қазақстандағы ең ірі ұлттық парк, жалпы аумағы 643 477 гектар.

Келушілерге табиғат ғажайыптарын таныстыру мақсатында парк аумағында ұзындығы 680 шақырымды құрайтын 14 туристік бағыт пен соқпақ бар.
2014 жылдың 12 маусымында Швецияда өткен ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесі отырысында Катонқарағай МҰТП-і Әлемдік биосфералық резерваттар желісіне қосу туралы шешім қабылданды. Ал 2017 жылы ЮНЕСКО бұл аумақты «Үлкен Алтай» трансшекаралық биосфералық резерват ретінде ресми түрде бекітті.

Табиғат көрінісі, әсемдігі жағынан ғажайып әдемі әрі қайталанбас жер. Орманы мен таулары, өзендері мен көлдері таңырқау сезіміне бөлеп, өзінің ұлылығымен және тазалығымен қайран қалдырады. Жабайы құстарға толы орманы, балыққа толы өзен көлдері ежелден-ақ осы аймаққа мыңдаған адамдарды қызықтыра тартқан.

Қаракөл, Шабанбай мен Қаумыш көлдері, Көккөл мен Арасан сарқырамалары, Берел қорғандары, қарлы асумен Марқакөл көліне әкелетін ежелгі Австриялық жол, Алтай тауларының екі басты ханшайымы, Мұзтау және басқа да ерекшеленген жерлер Қазақстанның мақтанышы мен бүкіл әлемдік табиғи әрі мәдени мұрасы болып табылады.

Фауна
Катонқарағай ұлттық паркінің жануарлар әлемі өте бай әрі алуан түрлі. Ұлттық парктің фаунасының құрамында сүтқоректілердің 67 түрі, құстардың 301 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, балықтардың 17 түрі және омырқасыздардың 10000 астам түрі кездеседі.

Парк аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жан-жануарлардың көптеген түрі мекен етеді: сүтқоректілердің 5 түрі – қар барысы, Алтай арқары, тассусары, сабаншы және Иконников жарқанаты, құстардың 26 түрі олардың ішінде: дөңтұмсық, тұрпан, лашын, ителгі, балықшы тұйғын, бүркіт, қарақұс, үкі, сұр тырна, ақбас тырна, алтай ұлары; балықтың 1 түрі – таймень (қызыл балық); омыртқасыздардың ішінде жәндіктердің 2 түрі – Михайлов барылдауық қоңызы және керемет барылдауық қоңызы.

Флора.
Парк аумағының 40%-ын (260705 га) орманалып жатыр. Ормандар негізін қылқанжапырақты құрайды.

Ұлттық парктің флорасы таңқаларлық, әртүрлі ғажайып, онда жоғарғы сатылы өсімдіктердің 1000 түрінен астам түрлері, мүктер, қыналар мен саңырауқұлақтардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың 30-дан астам түрі Казақстан және Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер тізіміне еңгізлген.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1240363?lang=kk

Катон-Карагай – удивительное место, где на стыке границ Казахстана, России, Китая и Монголии, вблизи вечных ледников Белухи сошлись неподступные горы, могучие кедры, быстрые реки, прозрачные озера, сочные альпийские луга с редчайшими цветами.

Национальный парк создан 17 июля 2001 года. Входит в систему Алтае-Саянской горной страны, которая признана Всемирным фондом дикой природы (WWF) экорегионом глобального экологического значения. Самый большой национальный парк Казахстана – площадь 643 477 га.

С целью ознакомления посетителей с природными достопримечательностями на территории существуют 14 туристических маршрутов и троп общей протяженностью 680 км.
12 июня 2014 года в Швеции на очередном заседании МКС программы МАБ ЮНЕСКО «Человек и биосфера», было принято решение о включении Катон-Карагайского ГНПП во Всемирную сеть биосферных резерватов. В 2017 году ЮНЕСКО официально одобрила номинацию в качестве трансграничного биосферного резервата «Большой Алтай».

Удивительно красивы, разнообразны яркими контрастами природные ландшафты здешних мест. Леса и горы, реки и озера вызывают чувство восхищения, поражают своим величием и чистотой. Богатые дичью леса, рыбой река и озера, издревле привлекали в эти края тысячи людей.

Озеро Язевое, Бухтарминское, Рахмановское, Маралье, водопады Кокколь, Арасан, Берельские курганы, старинная Австрийская дорога, ведущая через заснеженные перевалы к озеру Маркаколь, двуглавая царица алтайских гор, гора Белуха и многие другие достопримечательности являются гордостью Казахстана, всемирным природным и культурным наследием.

Фауна
Фауна национального парка также богата видовым разнообразием и включает 67 видов млекопитающих, 301 видов птиц, 3 вида земноводных, 6 видов пресмыкающихся, 17 видов костных рыб и более 10 тыс. беспозвоночных.

Здесь обитают виды, которые внесены в списки Красной книги Республики Казахстан это: – 5 вида млекопитающих: снежный барс, архар-аргали, каменная куница, манул и ночница Иконникова; 26 видов птиц: горбоносый турпан, сапсан, сокол-балобан, скопа, беркут, могильник, филин, серый журавль, журавль-красавка, алтайский улар; из рыб 1 вид- таймень; из беспозвоночных 2 вида: жужелица Михайлова и жужелица восхитительная.

Флора.
Леса занимают 40% от территории парка (260705 га), и в основном представлены хвойными породами.

Произрастает более 1000 видов высших сосудистых растений
Из них более 30 видов занесены в перечень редких и исчезающих видов растений Казахстана и Международного союза охраны природы (МСОП).

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх