[:kz]Жұмыс сапары аясында орман шаруашылығы мекемесіне бару[:ru]Посещение лесхоза в рамках рабочей поездки 1 / 8

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1240361?lang=kk

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында «Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-нің қызметімен танысты.

Мекеменің жалпы аумағы 863,9 мың гектарды құрайды, оның ішінде 548,4 мың гектары орманмен көмкерілген. Мекеме мемлекеттік орман қоры аумағында ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, сондай-ақ жануарлар дүниесін сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

Министрге жүргізіліп жатқан орманды қалпына келтіру жұмыстары, ауданы 20 гектар болатын уақытша орман питомнигінің қызметі, қара сексеуіл тұқымын дайындау және алдағы уақытта орман дақылдарын егу жоспарлары туралы ақпарат ұсынылды.

Мекеменің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, орман шаруашылығы және өртке қарсы іс-шараларды жүргізуге қажетті техникалармен және жабдықтармен қамтамасыз етілуі мәселелері таныстырылды.

Сапар қорытындысы бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту, орманды қалпына келтіру жұмыстарының сапасын арттыру және мемлекеттік орман қорының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1240361?lang=ru

Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан в ходе рабочей поездки в Жамбылскую область ознакомился с деятельностью КГУ «Мойынкумское учреждение по охране лесов и животного мира».

Общая площадь учреждения составляет 863,9 тыс. га, из них 548,4 тыс. га покрыты лесом. Учреждение осуществляет охрану, защиту и воспроизводство лесов, а также мероприятия по сохранению животного мира на территории государственного лесного фонда.

Министру была представлена информация о проводимых лесовосстановительных работах, деятельности временного лесного питомника площадью 20 га, заготовке семян саксаула черного и планах по дальнейшему посеву лесных культур.

Отдельно рассмотрены вопросы материально-технического оснащения учреждения, обеспеченности лесной охраны техникой и оборудованием для проведения лесохозяйственных и противопожарных мероприятий.

По итогам посещения даны поручения по укреплению материально-технической базы, повышению качества лесовосстановительных работ и обеспечению сохранности государственного лесного фонда.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх