[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1240287?lang=kk
Бүгін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.
Сапар аясында министр облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен кеңес өткізіп, өңірдің экологиялық ахуалы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, орман шаруашылығын дамыту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Кеңес барысында Тараз қаласындағы тазарту құрылыстарын салу мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін арттыру, стихиялық қоқыс үйінділерінің алдын алу және экологиялық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар қаралды.
Атап айтқанда, өңірде қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды қолдауға бағытталған «EcoQolday» бағдарламасын кеңейту мәселесі де талқыланды. Қазіргі уақытта бағдарламаға 4 компания қосылған болса, облыста оған қатысуға әлеуетті тағы 25 кәсіпорын бар. Осыған байланысты әкімдікке салалық ұйымдармен бірлесіп бағдарламаны іске асыру жұмыстарын жандандыру және қалдықтарды жинау мен шығару қызметін көрсететін ұйымдарды бағдарламаға тарту тапсырылды.
Министр орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, орман қорын толықтыру, сексеуіл алқаптарын қалпына келтіру және орман өрттерінің алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Сапар қорытындысы бойынша министр өңірдегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және орман шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды жеделдету жөнінде жауапты мемлекеттік органдарға нақты бірқатар тапсырмалар берді.
[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1240287?lang=ru
Сегодня Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев посетил с рабочей поездкой Жамбылскую область.
В рамках поездки министр провел совещание с акимом области Ерболом Карашукеевым, в ходе которого были обсуждены актуальные вопросы экологической обстановки региона, рационального использования природных ресурсов, управления твердыми бытовыми отходами, развития лесного хозяйства и охраны окружающей среды.
Особое внимание было уделено вопросу строительства очистных сооружений в городе Таразе. Также рассмотрены меры по повышению уровня переработки коммунальных отходов, предотвращению образования стихийных свалок и развитию экологической инфраструктуры.
В частности, обсуждены вопросы расширения программы «EcoQolday», направленной на поддержку предприятий, занимающихся раздельным сбором и переработкой отходов. В настоящее время к программе в регионе подключены 4 компании, при этом еще 25 предприятий обладают потенциалом для участия в ней. В этой связи акимату поручено совместно с отраслевыми организациями активизировать работу по реализации программы и обеспечить привлечение к ней организаций, осуществляющих сбор и вызов отходов.
Министр поручил усилить работу по укреплению материально-технической базы лесохозяйственных учреждений, воспроизводству лесного фонда, восстановлению саксауловых насаждений и профилактике лесных пожаров.
По итогам поездки министр дал ряд поручений ответственным государственным органам по дальнейшему совершенствованию системы обращения с отходами, развитию лесного хозяйства и обеспечению экологической безопасности региона.
