[:kz]Шарын – табиғат пен тарих тоғысқан өлке[:ru]Чарын — удивительное творение природы и времени

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1239517?lang=kk

Қазақстанның табиғат кереметтерінің бірі – Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.

Алматы облысында орналасқан бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақ 127050 гектар жерді алып жатыр және ЮНЕСКО-ның Халықаралық биосфералық резерваттар желісіне енген.

Бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақ 2004 жылы экологиялық, ғылыми, тарихи және эстетикалық маңызы зор табиғи кешендерді сақтау мақсатында құрылған.

Шарын ұлттық паркі – табиғаттың қайталанбас туындысы. Мұнда миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан ерекше ландшафттар, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар әлемі сақталған.

Парктің ең танымал нысандарының бірі – Шарын шатқалы. Табиғаттың өзі сомдаған алып қамалдарға ұқсас қызыл жартастардан құралған бұл шатқалдың тарихы миллиондаған жылдарға созылады. Биіктігі 370 метрге дейін жететін шатқал Қазақстанның ғана емес, әлемдік деңгейдегі табиғи мұралардың бірі болып саналады.

Шарынның тағы бір ерекше байлығы – Шарын ерен тоғайы. Бұл – мұз басу дәуірінен бері сақталып келе жатқан сирек табиғи ескерткіш. Өзен бойында табиғи жағдайда өсетін соғды ерені ағаштары өткен дәуірдің үнсіз куәсіндей бүгінгі күнге жеткен. Жергілікті халық бұл ағашты «ерен» деп атайды. Әлемде өте сирек кездесетін бұл ағаштардың табиғи өсетін негізгі мекендерінің бірі дәл осы Шарын өңірі болып табылады.

Ұлттық парк құрамындағы Қызыл Қарасай мен Үлкен Бұғыты учаскелері де табиғи байлыққа аса бай. Мұнда қарақұйрықтар еркін жайылып, бүркіт, ителгі, дуадақ секілді сирек құстар мекендейді. Сонымен қатар ондаған эндемикалық және сирек кездесетін өсімдіктер түрлері өседі.

Шарын ұлттық паркінің жануарлар дүниесі де ерекше. Мұнда сүтқоректілердің 34 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 18 түрі, қосмекенділердің 4 түрі және 246-ға жуық құс түрі тіршілік етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына енген қарақұйрық, Түркістан сілеусіні, сабаншы және Орта Азия кәмшаты сияқты сирек жануарлар осы өңірді мекендейді.

Табиғатты тамашалауға келген қонақтар үшін парк аумағында жалпы ұзындығы 30,5 шақырым болатын төрт туристік бағыт ұйымдастырылған. Шарын ерен тоғайы, Шарын шатқалы- Қамалдар аңғары, Бейіттер мен қорғандар бағыты және Темірлік – Кіші шатқал бағыты келушілерге табиғат пен тарихтың тылсым сырларын ашып көрсетеді.

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – бұл табиғаттың өткенін бүгінмен жалғаған, ерекше биоалуантүрлілікті сақтап тұрған баға жетпес мұра. Оның әсем көріністері, бай табиғаты мен терең тарихы әрбір адамды таңғалдырып, туған жер табиғатын қадірлеуге шақырады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1239517?lang=ru

Одним из природных чудес Казахстана является Чарынский государственный национальный природный парк.

Этот уникальный особо охраняемый природный объект расположен в Алматинской области и занимает площадь 127 050 гектаров. Парк входит во Всемирную сеть биосферных резерватов ЮНЕСКО.

Чарынский национальный парк был создан в 2004 году с целью сохранения природных комплексов, имеющих особую экологическую, научную, историческую и эстетическую ценность.

Чарынский национальный парк — это неповторимое творение природы. Здесь сохранились уникальные ландшафты, сформировавшиеся на протяжении миллионов лет, а также богатый мир редких растений и животных.

Одной из самых известных достопримечательностей парка является Чарынский каньон. Сложенный из красных скал, напоминающих величественные замки, созданные самой природой, каньон имеет многомиллионную историю. Его высота достигает 370 метров. Чарынский каньон считается одним из выдающихся природных памятников не только Казахстана, но и мирового значения.

Еще одним уникальным природным богатством Чарына является Чарынская ясеневая роща. Это редкий природный памятник, сохранившийся со времён ледникового периода. Растущие вдоль реки согдийские ясени являются живыми свидетелями далёких эпох, дошедшими до наших дней. Одно из немногих мест в мире, где данные деревья произрастают в естественных условиях, находится именно в Чарынском национальном парке.

Особой природной ценностью отличаются также участки Кызылкарасай и Большой Бугуты, входящие в состав национального парка. Здесь свободно обитают джейраны, а среди редких птиц встречаются беркут, балобан и дрофа. Кроме того, на этой территории произрастают десятки эндемичных и редких видов растений.

Животный мир Чарынского национального парка также отличается богатством и разнообразием. Здесь обитают 34 вида млекопитающих, 18 видов пресмыкающихся, 4 вида земноводных и около 246 видов птиц. Среди редких животных, занесённых в Красную книгу Казахстана, встречаются джейран, Туркестанская рысь, манул и Среднеазиатская выдра.

Для посетителей, желающих познакомиться с природными красотами парка, разработаны четыре туристских маршрута общей протяжённостью 30,5 километра. Маршруты «Чарынская ясеневая роща», «Чарынский каньон – Долина замков», «Могильники и курганы» и «Темирлик — Малый каньон» позволяют гостям прикоснуться к удивительным тайнам природы и истории этого края.

Чарынский государственный национальный природный парк — это бесценное природное наследие, соединяющее прошлое и настоящее, сохраняющее уникальное биологическое разнообразие региона. Его величественные пейзажи, богатая природа и глубокая история восхищают каждого посетителя и вдохновляют бережно относиться к окружающему миру.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх