[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234455?lang=kk
Жаһандық экологиялық қордың 8-ші Ассамблеясы аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Пәкістан Ислам Республикасының Климаттың өзгеруі және экологиялық үйлестіру мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Шерза Мансаб Али Хан Карал ханыммен кездесті.
Кездесу барысында тараптар биылғы жылдың ақпан айында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру перспективаларын талқылады. Әңгіме барысында екі ел үшін ортақ болып саналатын су қауіпсіздігі, жердің тозуы және табиғи экстремалды құбылыстардың жиілеуі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Пәкістанның су ресурстары мен ауыл шаруашылығының климаттық орнықтылығын арттыруға бағытталған «Мұздықтардан фермерлерге дейін» бағдарламасына бірлесіп қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша министрлер ортақ экологиялық және климаттық сын-қатерлерді шешуге бағытталған бірлескен бастамаларды одан әрі дамытуға өзара мүдделілік танытатынын растады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234455?lang=ru
На полях 8-й Ассамблеи Глобального экологического фонда Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев провел встречу с Государственным Министром по вопросам изменения климата и экологической координации Исламской Республики Пакистан госпожой Шерзой Мансаб Али Хан Карал.
В ходе беседы Министры обсудили перспективы реализации подписанного в феврале текущего года Меморандума о взаимопонимании. Особое внимание было уделено общим для двух стран вызовам, связанным с водной безопасностью, деградацией земель и учащением экстремальных природных явлений.
Стороны также отметили значимость совместного участия Казахстана и Пакистана в программе «От ледников к фермерам», направленной на укрепление климатической устойчивости водных ресурсов и сельского хозяйства.
По итогам встречи министры подтвердили заинтересованность в развитии дальнейших совместных инициатив, направленных на решение общих экологических и климатических вызовов.
