[:kz]Эколог күніне арналған іс-шаралар АНОНСЫ[:ru]АНОНС мероприятий в рамках празднования Дня эколога

[:kz] 

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234266?lang=kk

Жыл сайын 5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі. Қазақстанда бұл күн Эколог күні ретінде мерекеленеді. Аталған мереке 1972 жылы қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында БҰҰ бастамасымен бекітілген.

Эколог күніне орай Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республика көлемінде бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

4 маусым күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Таза Қазақстан» бастамасының іске асырылу нәтижелері, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін дамыту мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Іс-шараға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Е. Кожиков, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары А. Ким, Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Д. Есмағамбетов және Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Р. Төкенов қатысады.

Эколог күніне арналған салтанатты шаралар еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады. Мереке аясында қоршаған ортаны қорғау ісіне елеулі үлес қосқан экологтар мен қоғам белсенділеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталады.

5 маусым күні республика бойынша «Эко-сағат» акциясы өтеді.    Оның аясында ашық дәрістер, тақырыптық көрмелер, интерактивті алаңдар, шеберлік сабақтары мен экологиялық сыныптар ұйымдастырылады. Іс-шараларға экологтар, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық материалдар таратылады.

Сондай-ақ Эколог күні аясында Атырау қаласындағы «Фибратекс» ЖШС пластик өңдеу зауытына және Қостанай қаласындағы «Север-Комбинат» ЖШС қайталама шикізат пен қағаз өнімдерін өңдеу кәсіпорнына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз турлары ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, эко-белсенділер мен еріктілер әлеуметтік желілерде «Өзіңнен баста» челленджін өткізеді.

Эколог күніне арналған барлық ақпараттық материалдар #ЭкологКүні, #ДеньЭколога, #ТазаҚазақстан және #ӨзіңненБаста хэштегтерімен жарияланады.

 [:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234266?lang=ru

Ежегодно 5 июня отмечается Всемирный день охраны окружающей среды. В Казахстане в этот же день празднуется День эколога. Праздник был учрежден ООН в 1972 году для привлечения внимания общества к экологическим проблемам и стимулирования бережного отношения к природе.

Министерством экологии и природных ресурсов совместно с местными исполнительными органами предусмотрено проведение ряда мероприятий различного формата.

4 июня т.г. в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК состоится пресс-конференция на тему: «Таза Қазақстан»: результаты реализации инициативы, ликвидация несанкционированных свалок и развитие системы обращения с ТБО».

Спикерами выступают председатель Комитета экологического регулирования и контроля МЭПР РК Е.Кожиков, заместитель председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР РК А.Ким, директор Департамента экологической культуры и политики МЭПР РК Д.Есмагамбетов, директор Департамента управления отходами МЭПР РК Р.Тукенов.

Торжественные мероприятия, приуроченные к празднованию Дня эколога, пройдут по всей стране. В ходе мероприятий будут вручены государственные и ведомственные награды экологам, общественникам, внесшим свой вклад в защиту окружающей среды.

Акции «Час эколога» пройдут во всех регионах страны 5 июня т.г.

В рамках акции будут проведены открытые лекции, тематические выставки, интерактивные площадки, мастер-классы и эко-классы с участием экологов, волонтеров и жителей регионов, с раздачей экологических памяток для экологического просвещения и вовлечения общества в вопросы охраны окружающей среды.

В рамках Дня эколога также будут проведены пресс-туры на предприятия по переработке отходов в г.Атырау (ТОО «Фибратекс», завод по переработке пластмасс и г.Костанай (ТОО «Север-Комбинат», завод по переработке вторичного сырья и бумажных изделий).

Также экоактивистами и волонтерами будет проведен в соцсетях челлендж «Өзіңнен баста».

Все материалы будут опубликованы под хештегами: #Эколог күні, #День эколога, #ТазаҚазақстан, #Өзіңнен баста

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх