[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1229555?lang=kk
Қазақстан жолбарысты оның тарихи таралу аймағына қайтару бағдарламасының негізгі кезеңін бастады: «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына Ресей Федерациясынан әкелінген төрт амур жолбарысы – екі ересек дарақ және жолбарыстың екі төлі жеткізілді. Жануарлар Хабаровск өлкесінің жабайы табиғатынан ұсталып, Орталық Азияда ірі жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шеңберінде берілді.
Қайта жерсіндіру бағдарламасы жолбарысты 70 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен өңірге қайтаруға бағытталған. Қазақстан оны практикалық іске асыруға 2010 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен жолбарысты сақтау жөніндегі форумда қол жеткізілген халықаралық уағдаластықтардан кейін кірісті. Аталған форумда жолбарыс таралған елдер жабайы табиғаттағы жолбарыстардың санын қалпына келтіру ниетін растады, ал Қазақстан тиісті жобаны іске асыруға дайын екенін мәлімдеді.
Бағдарламаның ғылыми негізі 2010–2015 жылдары әзірленген Қазақстан Республикасында жолбарысты қайта жерсіндіру тұжырымдамасы болды. Ол қазақстандық және ресейлік мамандардың, сондай-ақ Халықаралық табиғат қорғау одағы сарапшыларының қатысуымен дайындалды. Қазіргі ғылыми деректер барлық құрлықтық жолбарыстардың бір түршеге – Panthera tigris tigris жататынын растайды. Осыған байланысты амур және тұран жолбарыстары ғалымдар тарапынан жеке түршелер емес, географиялық популяциялар ретінде қарастырылады. Бұл Орталық Азияда жойылып кеткен популяцияны қалпына келтіру мақсатында амур жолбарысын пайдалануға ғылыми негіз қалыптастырады.
Қазақстандық, ресейлік және халықаралық сарапшылардың бірлескен зерттеулерінің қорытындысы бойынша қайта жерсіндіру үшін ең қолайлы аумақ ретінде оңтүстік Балқаш өңірі – Іле өзенінің атырауы ауданы және оған іргелес табиғи кешендер айқындалды. Жобаны іске асыруға дайындық шеңберінде осы өңірде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты құрылып, негізгі мекендеу орындарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ жануарларды ұстау, бейімдеу және кейіннен жабайы табиғатқа жіберу үшін инфрақұрылым қалыптастырылды.
2025 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары кезеңінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына амур жолбарыстарын әкелу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды. Құжат жоба шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықты іске асырудың практикалық тетіктерін бекітті.
Қазақстанға келгеннен кейін жолбарыстар «Іле-Балқаш» резерватының арнайы дайындалған қоршауларына орналастырылып, мамандардың бақылауына алынды. Алдағы кезеңде карантин, бейімдеу және жануарлардың жай-күйін кешенді бағалау шаралары көзделген. Табиғи мекендеу ортасына жіберер алдында жолбарыстарға спутниктік қарғыбаулар тағылып, бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауды және мамандардың жедел әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыру өңірдегі ең маңызды табиғат қорғау бастамаларының бірі ретінде қарастырылады. Іле өзенінің атырауы мен оңтүстік Балқаш өңірінде жолбарыстың тұрақты популяциясын қалыптастыру экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге, экожүйелерді қорғауды күшейтуге және биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы Қазақстанның халықаралық мәртебесін арттыруға ықпал ететін болады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1229555?lang=ru
Казахстан начал ключевой этап программы по возвращению тигра в его исторический ареал: в государственный природный резерват «Иле-Балхаш» доставлены четыре амурских тигра — две взрослые особи и два тигренка, привезенные из Российской Федерации. Животные были отловлены в дикой природе в Хабаровском крае и переданы в рамках международного сотрудничества по восстановлению популяции крупного хищника в Центральной Азии.
Программа реинтродукции направлена на возвращение тигра в регион, где он исчез более 70 лет назад. Казахстан приступил к ее практической реализации после международных договоренностей, достигнутых в 2010 году на форуме по сохранению тигра в Санкт-Петербурге, где страны ареала подтвердили намерение восстановить численность тигра в дикой природе, а Казахстан заявил о готовности реализовать соответствующий проект.
Научной основой программы стала разработанная в 2010–2015 годах концепция реинтродукции тигра в Республике Казахстан, подготовленная при участии казахстанских и российских специалистов, а также экспертов Международного союза охраны природы. Современные научные данные подтверждают, что все континентальные тигры относятся к одному подвиду – Panthera tigris tigris. В этой связи амурский и туранский тигры рассматриваются учеными как географические популяции, а не как отдельные подвиды. Это создает научную основу для использования амурского тигра в целях восстановления исчезнувшей популяции в Центральной Азии.
По итогам совместных исследований казахстанских, российских и международных экспертов наиболее подходящей территорией для реинтродукции определено южное Прибалхашье — район дельты реки Или и прилегающие природные комплексы. В рамках подготовки к реализации проекта в этом регионе создан государственный природный резерват «Иле-Балхаш», проведены работы по восстановлению ключевых местообитаний, а также сформирована инфраструктура для содержания, адаптации и последующего выпуска животных в дикую природу.
12 ноября 2025 года, в период государственного визита Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева в Российскую Федерацию, Министром экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерланом Нысанбаевым и Министром природных ресурсов и экологии Российской Федерации Александром Козловым был подписан План мероприятий по ввозу амурских тигров из Российской Федерации в Республику Казахстан. Документ закрепил практические механизмы реализации двустороннего сотрудничества в рамках проекта.
После прибытия в Казахстан тигры размещены в специально подготовленных вольерах резервата «Иле-Балхаш» и находятся под наблюдением специалистов. Впереди предусмотрены этапы карантина, адаптации и комплексной оценки состояния животных. Перед выпуском в естественную среду обитания тигры будут оснащены спутниковыми ошейниками, что обеспечит постоянный мониторинг их перемещений и оперативное реагирование специалистов.
Реализация проекта рассматривается как один из наиболее значимых природоохранных инициатив в регионе. Формирование устойчивой популяции тигра в дельте реки Или и южном Прибалхашье будет способствовать восстановлению экологического баланса, усилению охраны экосистем и повышению международного статуса Казахстана в сфере сохранения биоразнообразия.
