[:kz]Жапония мен БҰҰДБ Каспий теңізін қолдау үшін жаңа бастаманы іске қосып жатыр[:ru]Япония и ПРООН запускают новую инициативу для поддержки Каспийского моря

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1227651?lang=kk

2026 жылғы 25 мамыр, Астана — Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Жапония Үкіметі су ресурстарын басқару мен мониторингті жетілдіру, сондай-ақ елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы Қазақстанға Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуіне ден қоюға көмектесетін құны 3 миллион АҚШ долларын құрайтын бірлескен жобаны іске қосып жатыр. Бастама Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп іске асырылатын болады.

Жоба, сонымен қатар, экологиялық орнықтылықты арттыруға бағытталған және Орталық Азия мен Кавказды байланыстыратын маңызды көлік және экологиялық дәлізде су ресурстарын орнықты басқаруды дамытуды қолдайды. Ол Жапония Үкіметінің өткен жылдың желтоқсан айында өткен «Орталық Азия + Жапония» Диалогы мен Саммиті аясында айтылған Транскаспий халықаралық көлік бағытын қолдау жөніндегі бастамасына сәйкес келеді.

Каспий теңізі — Еуразияның маңызды экологиялық аймақтарының бірі және 400-ден астам эндемикалық және қоныс аударатын түрлер үшін тіршілік ету ортасы болып табылады. Биоалуантүрлілік, балық аулау, экономикалық орнықтылық және аймақтағы миллиондаған адамдардың әл-ауқаты тікелей оның жағдайына байланысты. Теңіз екпінді түрде таяздануда: бұған климаттың өзгеруі, температураның өсуі, буланудың жоғарылауы, өзен ағынының азаюы және су ресурстарына жүктеменің артуы әсер етеді.

«Каспий теңізінің деңгейін өзгерту мәселесі бүгінде бүкіл Каспий өңірі үшін аса өзекті сын-қатерлердің бірі болып табылады. Теңіз деңгейінің үздіксіз төмендеуі экожүйеге, биоалуантүрлілікке, су ресурстарына, экономикалық қызметке және Каспий маңы аумақтары халқының әл — ауқатына кешенді әсер етеді», — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев.

Жоба су ресурстарын басқару және су деңгейін төмендетуге бірлесіп ден қою мәселелерінде Каспий маңы мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге көмектеседі. Экологиялық деректермен алмасу, іс-қимылдарды үйлестіру және мониторингті дамыту, әсіресе Каспийдің ең осал солтүстік бөлігіне және өзен салалары аудандарына басты назар аударылады.

«Бүгін біз Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне, экожүйелердің құлдырауына және су ресурстарына жүктеменің артуына байланысты елеулі сын-қатерлердің туындағанын көріп отырмыз. Бұл процестер уақтылы және үйлестірілген шешімдерді қажет етеді. Жобаны іске асыру су ресурстарының мониторингі мен басқару жүйесін нығайтуға, сондай-ақ Каспий теңізінің экожүйесін сақтау үшін мемлекетаралық ынтымақтастықты күшейтуге көмектесетініне сенімдімізм», — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Жапония Үкіметі БҰҰДБ-ның орнықты дамуды ілгерілетудегі және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму күн тәртібіне сәйкес адамдардың неғұрлым әділ және орнықты болашақ құру мүмкіндіктерін кеңейтудегі елдерді қолдаудағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. Қазір Жапония Үкіметінің қолдауымен Қазақстандағы БҰҰДБ гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін нығайту, қалалардың апаттар мен климаттың өзгеруіне төзімділігін арттыру, сондай-ақ Орталық Азиядағы төтенше жағдайларға дайындықты дамыту бойынша үш жобаны іске асырады. Жаңа жоба осы әріптестік аясындағы төртінші бірлескен бастама болады және апат тәуекелдерін азайту және климаттық орнықтылық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады.

«Жапония өңірлік ынтымақтастық, ғылыми мониторинг және халықаралық әріптестік арқылы Каспий теңізінің деңгейін төмендету мәселесін шешуде Қазақстанды қолдау мүмкіндігін мақтан тұтады», — деп атап өтті Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджима.

Жоба шеңберінде Солтүстік Каспийдің қазіргі заманғы мониторинг және зерттеу әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Бастама сондай-ақ су ресурстарын басқару климаттың өзгеруіне бейімделудің негізгі бағыттарының бірі ретінде бөлінген Қазақстанның ұлттық деңгейде айқындалатын жаңартылған үлесінде (ҰДАҮ) белгіленген басымдықтарды қолдайды.

«Бұл жоба Қазақстанның ұлттық климаттық басымдықтарымен тікелей байланысты. Ол деректер негізінде шешімдер қабылдауды нығайтуға және елдің орнықты дамуы үшін су ресурстарын кешенді басқаруды дамытуға көмектеседі», — деп атап өтті БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа.

Жоба сондай-ақ Қазақстанның климаттық және табиғатты қорғау міндеттемелерін, соның ішінде ҰДАҮ-ны, ұлттық бейімделу жоспарын және биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын іске асыруға ықпал ететін болады, сондай-ақ БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосатын болады.

 

 [:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1227651?lang=ru

25 мая 2026 года, Астана — Программа развития ООН (ПРООН) в Казахстане и Правительство Японии запускают совместный проект стоимостью 3 миллиона долларов США, который поможет Казахстану реагировать на снижение уровня воды в Каспийском море через совершенствование управления водными ресурсами и мониторинга, а также развитие сотрудничества между странами. Инициатива будет реализовываться совместно с Министерством экологии и природных ресурсов и Министерством водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан.

Проект также направлен на повышение экологической устойчивости и поддерживает развитие устойчивого управления водными ресурсами в важном транспортном и экологическом коридоре, связывающем Центральную Азию и Кавказ. Он соответствует инициативе Правительства Японии по поддержке Транскаспийского международного транспортного маршрута, которая была озвучена в рамках Диалога и Саммита «Центральная Азия + Япония» в декабре прошлого года.

Каспийское море — одна из важнейших экологических зон Евразии и среда обитания для более чем 400 эндемичных и мигрирующих видов. От его состояния напрямую зависят биоразнообразие, рыболовство, экономическая стабильность и благополучие миллионов людей в регионе. Море стремительно мелеет: на это влияют изменение климата, рост температуры, усиление испарения, сокращение речного стока и возрастающая нагрузка на водные ресурсы.

«Вопрос изменения уровня Каспийского моря сегодня является одним из наиболее актуальных вызовов для всего Каспийского региона. Продолжающееся снижение уровня моря оказывает комплексное воздействие на экосистему, биоразнообразие, водные ресурсы, экономическую деятельность и благополучие населения прикаспийских территорий», — отметил Мансур Ошурбаев, вице-министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

Проект поможет усилить сотрудничество между прикаспийскими государствами в вопросах управления водными ресурсами и совместного реагирования на снижение уровня воды. В центре внимания — обмен экологическими данными, координация действий и развитие мониторинга, особенно в наиболее уязвимой северной части Каспия и в районах речных притоков.

«Сегодня мы наблюдаем серьезные вызовы, связанные со снижением уровня Каспийского моря, деградацией экосистем и растущей нагрузкой на водные ресурсы. Эти процессы требуют своевременных и скоординированных решений. Мы уверены, что реализация проекта поможет укрепить системы мониторинга и управления водными ресурсами, а также усилить межгосударственное сотрудничество для сохранения экосистемы Каспийского моря», — отметил Аслан Абдраимов, вице-министр водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан.

Правительство Японии является одним из ключевых партнеров ПРООН в продвижении устойчивого развития и поддержке стран в расширении возможностей людей для построения более справедливого и устойчивого будущего в соответствии с Повесткой дня в области устойчивого развития на период до 2030 года. Сейчас при поддержке Правительства Японии ПРООН в Казахстане реализует три проекта по укреплению безопасности гидротехнических сооружений, повышению устойчивости городов к бедствиям и изменению климата, а также развитию готовности к чрезвычайным ситуациям в Центральной Азии. Новый проект станет четвертой совместной инициативой в рамках этого партнерства и дополнительно укрепит сотрудничество в области снижения рисков бедствий и климатической устойчивости.

«Япония гордится возможностью поддержать Казахстан в решении проблемы снижения уровня Каспийского моря посредством регионального сотрудничества, научного мониторинга и международного партнерства», — отметил, Чрезвычайный и Полномочный Посол Японии в Республике Казахстан Ясумаса Ииджима.

Отдельное внимание в рамках проекта будет уделено развитию современных систем мониторинга и исследовательского потенциала Северного Каспия. Инициатива также поддерживает приоритеты, обозначенные в обновленном определяемом на национальном уровне вкладе Казахстана (ОНУВ), где управление водными ресурсами выделено как одно из ключевых направлений адаптации к изменению климата.

«Этот проект напрямую связан с национальными климатическими приоритетами Казахстана. Он поможет укрепить принятие решений на основе данных и поддержит развитие комплексного управления водными ресурсами для устойчивого развития страны», — подчеркнула Катаржина Вавьерниа, Постоянный представитель ПРООН в Казахстане.

Проект также будет способствовать реализации климатических и природоохранных обязательств Казахстана, включая ОНУВ, Национальный план адаптации и Национальную стратегию и план действий по сохранению биоразнообразия, а также внесет вклад в достижение Целей устойчивого развития ООН.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх