[:kz]ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді[:ru]Вице-министр экологии и природных ресурсов РК посетил Костанайскую область с рабочим визитом

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1226898?lang=kk

Бүгін 2026 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына Жітіқара қаласына келді.

Жітіқара қаласына сапары аясында вице-министр өңір тұрғындарымен, үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылық өкілдерімен кездесу, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында облыстағы экологиялық ахуал, “Элеваторный” карьерінің ашылуының экологиялық тәуекелдері, “Комаров тау-кен кәсіпорны” ЖШС қызметінің теріс әсері, атмосфералық ауа сапасы, қалдықтармен жұмыс істеу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері және экологиялық бақылау мәселелері талқыланды. Тұрғындардың өтініштері бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

Кездесу барысында экологиялық мониторинг, өнеркәсіптік шығарындыларды бақылау, үздік қолжетімді технологияларды енгізу және қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ экологиялық жүктемені азайту, өндірістік нысандарды жаңғырту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және Қостанай облысындағы қоршаған орта сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, вице-министр өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жұмыс сапары барысында Мансұр Ошурбаев “Комаров тау-кен кәсіпорны” ЖШС, “Қостанай минералдары” АҚ-да болып, кәсіпорынның өндірістік үдерісімен және экологиялық қауіпсіздік шараларымен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша өңірдегі экологиялық жағдайды одан әрі жақсарту, кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және табиғатты қорғаудың жүйелі жұмысын жалғастыру жөнінде тапсырмалар берілді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1226898?lang=ru

Сегодня 22 мая 2026 года вице-министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Мансур Ошурбаев прибыл с рабочей поездкой в Костанайскую область г. Житикара.

В рамках визита в г. Житикара вице-министр провел встречу с жителями региона, представителями неправительственных организаций и общественности, а также личный прием граждан. В ходе встречи были обсуждены вопросы экологической ситуации в области, экологические риски открытия карьера «Элеваторный», негативное воздействие деятельности ТОО «Комаровское горное предприятие», качества атмосферного воздуха, обращения с отходами, воздействия промышленных предприятий на окружающую среду и экологического контроля. По обращениям жителей даны соответствующие разъяснения.

В ходе встречи также была представлена информация о мерах, реализуемых в сфере экологического мониторинга, контроля промышленных выбросов, внедрения наилучших доступных технологий и развития системы переработки отходов. Отдельный акцент был сделан на снижении экологической нагрузки, модернизации производственных объектов, совершенствовании системы обращения с отходами и повышении качества окружающей среды в Костанайской области.

Кроме того, вице-министр провел брифинг для представителей региональных средств массовой информации и ответил на вопросы журналистов.

В ходе рабочей поездки Мансур Ошурбаев посетил ТОО «Комаровское горное предприятие», АО «Костанайские минералы», где ознакомился с производственным процессом и мерами экологической безопасности предприятия.

По итогам визита даны поручения по дальнейшему улучшению экологической ситуации в регионе, повышению экологической ответственности предприятий и продолжению системной природоохранной работы.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх