[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1221466?lang=kk
Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында вице-министр Тараз қаласында тұрғындармен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен және қоғам белсенділерімен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында өңірдегі экологиялық ахуал, атмосфералық ауаның сапасы, қалдықтарды басқару, өндірістік кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері және экологиялық бақылау мәселелері талқыланды. Азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстары назарға алынды.
Кездесуде облыстағы экологиялық мониторинг жұмыстары, өндірістік шығарындыларды бақылау, қалдықтарды қайта өңдеу және ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірде тазалық және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Акция барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Сапар барысында вице-министр өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар Жомарт Әлиев «Қазфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар» филиалында болып, кәсіпорынның өндірістік жұмысымен және экологиялық қауіпсіздік шараларымен танысты. Атап айтқанда, экстракциялық фосфор қышқылы өндірісі, аммофос цехы және фосфогипс сақтау орны араланды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту, өндіріс орындарының экологиялық жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1221466?lang=ru
Сегодня вице-министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Жомарт Алиев прибыл с рабочей поездкой в Жамбылскую область.
В рамках визита в Таразе вице-министр провел встречу с жителями региона, представителями неправительственных организаций и общественности, а также личный прием граждан. В ходе встречи были обсуждены вопросы экологической ситуации в области, качества атмосферного воздуха, обращения с отходами, воздействия промышленных предприятий на окружающую среду и экологического контроля. По обращениям жителей даны соответствующие разъяснения.
В ходе встречи также была озвучена информация о проводимой работе по экологическому мониторингу, контролю промышленных выбросов, внедрению наилучших доступных технологий и развитию системы переработки отходов. Особое внимание уделено республиканской экологической акции «Таза Қазақстан», в рамках которой в регионе продолжаются работы по очистке территорий, благоустройству и озеленению населённых пунктов.
Кроме того, вице-министр провел брифинг для представителей региональных средств массовой информации и ответил на вопросы журналистов.
В ходе рабочей поездки Жомарт Алиев посетил филиал ТОО «Казфосфат» «Минеральные удобрения», где ознакомился с производственным процессом и мерами экологической безопасности предприятия. В частности, были посещены цех экстракционной фосфорной кислоты, цех аммофоса и участок хранения фосфогипса.
По итогам визита даны поручения по дальнейшему улучшению экологической ситуации в регионе, повышению экологической ответственности предприятий и продолжению системной природоохранной работы.
