[:kz]Экология министрі Ерлан Нысанбаев Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті[:ru]Министр экологии Ерлан Нысанбаев встретился с населением Карагандинской области

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1221330?lang=kk

15 мамыр күні Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Теміртау қаласының тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында өңірдегі экологиялық ахуал, атмосфералық ауа сапасы, өндірістік кәсіпорындардың экологиялық міндеттемелері, қалдықтарды басқару және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар талқыланды. Өңір тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарына  жан-жақты әрі нақты жауап алды.

Өз сөзінде министр Қарағанды облысы еліміздің ірі индустриялық өңірлерінің бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты атмосфералық ауа сапасына ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді.

Бүгінде облыс аумағында 17 экологиялық бақылау бекеті жұмыс істейді. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қарағанды қаласында ауа ластануының жоғары деңгейі сақталып отыр. Негізгі ластаушы көздер – өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындылары және жеке секторда қатты отынды пайдалану.

Осыған байланысты 2025–2030 жылдарға арналған Қарағанды облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасы іске асырылуда. Құжат 53 іс-шараны қамтиды. Оның елеулі бөлігі «Qarmet» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Теміртауда өндірістік қуаттарды және газтазарту жабдықтарын жаңғырту жалғасуда. Атап айтқанда домна пештері табиғи газға көшіріліп, заманауи экологиялық талаптарға сәйкес жаңа кокстық батареялар салу және шығарындыларды онлайн-бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Министр өңірде автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта 8 ірі кәсіпорында жүйелер жұмыс істеп, қоршаған орта жағдайы туралы мәліметтерді Ұлттық деректер банкіне нақты уақыт режимінде жіберуде.

Кездесу барысында тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бүгінде облыста 168 қоқыс полигоны жұмыс істейді, олардың 53-і ғана экологиялық талаптарға сәйкес келеді. 2025 жылы Абай және Балқаш қалаларында жаңа полигондар пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, өңірде пластик қалдықтарын қайта өңдеу жобалары іске асырылуда. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу деңгейі 64 пайыздан асты.

Министр рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстары да жалғасып жатқанын айтты. 2025 жылы ғарыштық мониторинг нәтижесінде анықталған 587 заңсыз қоқыс орнының барлығы дерлік жойылған.

Кездесу барысында министр «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы экологиялық акциялар мен көгалдандыру жұмыстары туралы да айтылды. Көктемгі екі айлық аясында өңірде 25 мыңнан астам адам табиғатты қорғау шараларына қатысқан.

Сондай-ақ министр Теміртау қаласының айналасында жасыл белдеу құру жобасын қайта жандандыру мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, бұрын әзірленген жобалар қаржыландырудың болмауына байланысты тоқтатылған. Қазіргі таңда бұл бастаманы «Qarmet» АҚ-мен бірлесіп қайта іске асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Кездесуден кейін өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг ұйымдастырылып, министр журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жұмыс сапары аясында Ерлан Нысанбаев «Qarmet» АҚ өндірістік нысандарын аралап, кокстық батареялар құрылысының және №3 домна пешін жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1221330?lang=ru

Сегодня в рамках рабочей поездки в Карагандинскую область Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев провел встречу с жителями города Темиртау, представителями общественности и неправительственных организаций.

В ходе открытого диалога были обсуждены актуальные вопросы экологической ситуации в регионе, качество атмосферного воздуха, работа промышленных предприятий, обращение с отходами и меры по улучшению экологической обстановки.

Министр отметил, что Карагандинская область остается одним из крупнейших индустриальных регионов страны, поэтому вопросам экологии и снижению негативного воздействия на окружающую среду уделяется особое внимание.

Сегодня в регионе функционируют 17 постов экологического мониторинга. По итогам первого квартала 2026 года в Караганде по-прежнему фиксируется высокий уровень загрязнения атмосферного воздуха. Основными источниками остаются промышленные выбросы и использование твердого топлива в частном секторе.

Для комплексного решения экологических проблем реализуется Дорожная карта на 2025–2030 годы, включающая 53 мероприятия. Значительная часть проектов осуществляется совместно с АО «Qarmet».

В Темиртау продолжается экологическая модернизация производственных объектов. Доменные печи переведены на природный газ.

Ведется строительство новых коксовых батарей с современными системами очистки, а также внедрение автоматизированной системы мониторинга выбросов в онлайн-режиме.

Как подчеркнул министр, работа по внедрению автоматизированных систем мониторинга в регионе продолжается. На сегодняшний день такие системы уже действуют на 8 крупных предприятиях и передают данные о состоянии окружающей среды в Национальный банк данных в режиме реального времени.

Особое внимание в ходе встречи было уделено вопросам обращения с твердыми бытовыми отходами. В области функционируют 168 полигонов ТБО, однако лишь 53 из них соответствуют экологическим требованиям. В прошлом году в Абае и Балхаше были введены в эксплуатацию новые полигоны.

Кроме того, в регионе реализуются проекты по переработке пластиковых отходов. По итогам первого квартала уровень сортировки и переработки ТБО превысил 64%.

Министр также сообщил, что продолжается системная работа по ликвидации несанкционированных свалок. В 2025 году по результатам космического мониторинга было выявлено 587 стихийных свалок, практически все из которых были ликвидированы.

Отдельно министр остановился на реализации инициативы «Таза Қазақстан». В рамках весеннего двухмесячника в природоохранных и экологических акциях приняли участие более 25 тысяч жителей области.

Также министр сообщил о планах по возобновлению проекта создания зеленого пояса вокруг Темиртау. Ранее реализация инициативы была приостановлена из-за отсутствия финансирования, однако в настоящее время рассматривается возможность ее продолжения совместно с АО «Qarmet».

После встречи для представителей региональных средств массовой информации был организован брифинг, в ходе которого министр ответил на вопросы журналистов по актуальным экологическим вопросам региона.

В рамках рабочей поездки Ерлан Нысанбаев также посетил производственные объекты АО «Qarmet», где ознакомился с ходом реализации экологических и инвестиционных проектов, включая строительство коксовых батарей и модернизацию доменной печи №3.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх