[:kz]«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында республикалық тал егу және тазалық акциясы өтті[:ru]В рамках общенациональной акции «Таза Қазақстан» прошла республиканская акция по посадке деревьев и санитарной очистке

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1208613?lang=kk

Бүгін республика бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында жаппай тал егу және санитарлық тазарту акциясы өтті.

Іс-шара қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы іске асырылған кезеңде республика бойынша 1,5 мыңнан астам экологиялық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 2 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 5,5 млн-ға жуық ағаш отырғызылды. Жыл сайын акцияларға 6,5 млн-ға жуық адам қатысады.

Азаматтардың экологиялық белсенділігі артып келеді. Атап айтқанда, TazaQazBot арқылы келіп түсетін өтініштер саны 2024 жылғы 9 935-тен 2025 жылы 26 137-ге дейін өсіп, шамамен 3 есеге артты. Платформа арқылы ел аумағында санитарлық тазарту жұмыстары туралы хабарламалар қабылданып, тиісті шаралар қабылдануда.

Инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 276 км веложол салынып, 469 электр көліктеріне арналған зарядтау станциясы орнатылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орман қорын ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. 2021–2025 жылдары 1,6 млрд-тан астам көшет отырғызылды. Оның ішінде соңғы екі жылда 804 млн көшет егілді. 2026 жылға жоспар – 210,4 млн көшет.

Қалдықтарды басқару саласында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 30,7%-ға дейін ұлғайды. Биыл бұл көрсеткішті 40%-ға жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, алдағы үш жылда 46 эко-аумақ құру көзделген, оның 33-і ағымдағы жылы іске асырылады.

2026 жылға арналған Бірыңғай іс-шаралар күнтізбесі бекітіліп, 440 іс-шараны қамтиды, оның ішінде 110-ы – жалпыұлттық маңызы бар негізгі іс-шаралар.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1208613?lang=ru

Сегодня по всей республике в рамках общенациональной акции «Таза Қазақстан» состоялась масштабная акция по посадке деревьев и санитарной очистке территорий.

Мероприятие направлено на охрану окружающей среды, благоустройство населённых пунктов и повышение экологической культуры населения.

В целом за период реализации инициативы «Таза Қазақстан» по республике проведено более 1,5 тыс. экологических мероприятий. В результате собрано свыше 2 млн тонн отходов и высажено порядка 5,5 млн деревьев. Ежегодно в акциях принимают участие около 6,5 млн человек.

Отмечается рост экологической активности граждан. В частности, количество обращений через TazaQazBot увеличилось почти в 3 раза — с 9 935 в 2024 году до 26 137 в 2025 году. Посредством платформы поступают сообщения о необходимости проведения санитарной очистки, по которым принимаются соответствующие меры.

В рамках развития инфраструктуры проложено 276 км велодорожек и установлено 469 зарядных станций для электромобилей.

В соответствии с поручением Главы государства продолжаются работы по увеличению лесного фонда. В 2021–2025 годах высажено более 1,6 млрд сеянцев, из них 804 млн — за последние два года. План на 2026 год составляет 210,4 млн сеянцев.

В сфере управления отходами уровень переработки твёрдых бытовых отходов увеличился до 30,7%. В текущем году планируется довести данный показатель до 40%.

Кроме того, в ближайшие три года планируется создание 46 эко-территорий, из которых 33 будут реализованы уже в текущем году.

Утверждён Единый календарь экологических мероприятий на 2026 год, включающий 440 мероприятий, из которых 110 имеют общенациональное значение.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх