[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1208125?lang=kk
Астанада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің экология және орнықты даму мәселелеріне арналған министрлерінің екінші кездесуі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы төрағалығымен ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қатысушыларды құттықтап, қазіргі экологиялық сын-қатерлерге жауап беруде өңірлік ынтымақтастықты нығайту мен күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында өңір елдерінің бірқатар ортақ мәселелерге тап болып отырғаны айтылды. Олардың қатарында климаттың өзгеруі, су ресурстарының азаюы, жердің тозуы, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі және Арал теңізі құрғауының салдары бар. Қатысушылар орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін іс-қимылдарды үйлестіру және бірлескен бастамаларды іске асыру қажеттігін атап өтті.
«Жасыл түркі әлемі» бастамасын ілгерілетуге ерекше назар аударылды. Бұл бастама экологиялық бағытталған саясатты дамытуға, жасыл технологияларды енгізуге және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған.
Кездесу аясында Қазақстан биологиялық әртүрлілікті сақтау, көгалдандыру және экожүйелерді қалпына келтіру, климат саласындағы бірлескен іс-қимылдар, сондай-ақ қалдықтарды орнықты басқару сияқты ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын ұсынды.
Кездесуге ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты.
Кездесу қорытындысында Е. Нысанбаев: «Қазақстан төраға ретінде практикалық шешімдерді әзірлеуге және келісілген бастамаларды іске асыруға әрі қарай да жәрдемдесуге дайын.
Бүгін қабылданатын Декларация Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы экологиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге сенімді негіз болады деп сенемін», – деп атап өтті.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1208125?lang=ru
В Астане прошла Вторая встреча министров государств-членов Организация тюркских государств, посвящённая вопросам охраны окружающей среды и устойчивого развития. Мероприятие прошло под председательством Республики Казахстан.
Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев поприветствовал участников мероприятия и подчеркнул важность укрепления регионального сотрудничества и консолидации усилий в ответ на современные экологические вызовы.
В ходе встречи было отмечено, что страны региона сталкиваются с рядом общих проблем, включая изменение климата, сокращение водных ресурсов, деградацию земель, снижение уровня Каспийского моря и последствия высыхания Аральское море. Участники подчеркнули необходимость координации действий и реализации совместных инициатив для обеспечения устойчивого развития.
Особое внимание было уделено продвижению инициативы «Зелёное видение тюркского мира», направленной на развитие экологически ориентированной политики, внедрение зелёных технологий и адаптацию к климатическим изменениям.
В рамках встречи Казахстан представил ключевые приоритеты сотрудничества в таких сферах как: сохранение биологического разнообразия, озеленение и восстановление экосистем, совместные действия в сфере климата и устойчивое управление отходами.
В работе встречи приняли участие представители государств-членов ОТГ, а также приглашённые гости.
В завершении Е.Нысанбаев отметил: «Казахстан как председатель готов и далее содействовать выработке практических решений и реализации согласованных инициатив.
Уверен, что Декларация, принимаемая сегодня, станет надежной основой для дальнейшего углубления экологического сотрудничества в рамках Организации тюркских государств».
