[:kz]Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қоршаған ортаны қорғау және экологияға жауапты министрлерінің екінші кездесуі[:ru]Вторая встреча министров государств-членов Организации тюркских государств, ответственных за охрану окружающей среды и экологию

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1206901?lang=kk

Астанада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қоршаған ортаны қорғау және экология мәселелеріне жауапты министрлерінің екінші кездесуі өтті. Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдерінің өкілдері, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмүралиев және ұйымның бақылаушылары қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар климаттың өзгеруі, су ресурстарының азаюы, жердің тозуы, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі және Арал теңізінің тартылуы салдарынан туындаған ортақ экологиялық сын-қатерлерді талқылады. Осы жағдайда практикалық ынтымақтастықты нығайту және іс-қимылды үйлестірудің маңызы ерекше екені атап өтілді.

«Біз халықтарымыздың әл-ауқаты және табиғи мұраны келер ұрпаққа сақтау үшін күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет. Бұл тұрғыда “Түркі әлемінің жасыл көзқарасы” бастамасының маңызы зор. Ол тұрақты даму, жасыл трансформация және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ортақ ұмтылысымызды айқындайды», – деді Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Қазақстан бірлескен жұмысты бірнеше басым бағытқа шоғырландыруды ұсынды.

Бірінші бағыт – биоалуантүрлілікті сақтау. Біздің елдер аумағында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер мекендейді, оларды қорғау үйлестірілген іс-қимылды талап етеді.

Кеше Орталық Азия елдерінің биоалуантүрлілікті қорғау және оны орнықты басқару саласындағы өңірлік ынтымақтастық туралы декларациясы – «Тұрақты даму жолындағы табиғатпен үйлесім» қабылданды. Қазақстан бұл бастамаға Әзербайжан мен Түркияның қосылуын ұсынды. Биыл наурыз айында Қазақстан 2026–2035 жылдарға арналған биоалуантүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану тұжырымдамасын бекітті және өз тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Барлық елдерде аумақтарды көгалдандыру және экожүйелерді қалпына келтіру бағытында маңызды бастамалар жүзеге асырылуда. Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2027 жылға дейін 2 миллиард ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. 2021 жылдан бері елде 1 миллиард 648 миллионнан астам ағаш отырғызылып және себілді. Қазақстан 22 сәуірді «Жер шарын көгалдандырудың халықаралық күні» ретінде жариялауды ұсынды.

Қазақстан климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі халықаралық күш-жігерді дәйекті түрде қолдайды. Париж келісімі аясында еліміз 2030 жылға қарай 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқартуға міндеттеме алды. Жаңартылған ұлттық үлесте 2035 жылға қарай шығарындыларды 17%-ға дейін қысқарту мақсаты көзделген.

«Қазіргі уақытта Климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұлттық жоспар және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асырудың Жол картасы әзірлену үстінде. Бұл құжаттар барлық салаларды біріктіріп, төмен көміртекті дамуға көшуге бағытталған. Біз Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы тәжірибе алмасу БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 31-конференциясына (COP31) дайындыққа маңызды үлес қосады деп есептейміз. Бұл конференция 2026 жылы Түркияда өтеді», – деп атап өтті министр.

Төртінші бағыт – қалдықтарды тұрақты басқару. Қазақстан қоршаған ортаның ластануы, соның ішінде пластик қалдықтар мәселесіне ерекше мән береді.

«2025 жылдың соңында 2026–2030 жылдарға арналған барлық түрдегі қалдықтарды басқару тұжырымдамасы бекітілді. Ол қалдықтарды ресурс ретінде қарастыратын заманауи циркулярлық модельге көшуге бағытталған. Біз осы салада тәжірибе алмасуға және практикалық ынтымақтастықты дамытуға ашықпыз», – деді Ерлан Нысанбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экология министрлерінің декларациясы қабылданды.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1206901?lang=ru

В Астане состоялась Вторая встреча министров государств-членов Организации тюркских государств по вопросам окружающей среды и экологии. Участниками встречи стали представители Азербайджана, Казахстана, Кыргызстана, Турции, Узбекистана, Генеральный секретарь ОТГ Кубанычбек Омуралиев и наблюдатели ОТГ.

Страны сталкиваются с общими экологическими вызовами: изменение климата, сокращение водных ресурсов, деградация земель, снижение уровня Каспийского моря и последствия высыхания Аральского моря. В этих условиях особенно важно укреплять практическое сотрудничество и координировать наши действия.

«Мы должны объединять усилия ради благополучия наших народов и сохранения природного наследия для будущих поколений. Особую значимость в этом контексте имеет «Зеленое видение тюркского мира», отражающее наше общее стремление к устойчивому развитию, зеленой трансформации и адаптации к изменению климата», – сказал в своем вступительном слове министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев.

Казахстан предлагает сосредоточить совместную работу на нескольких приоритетных направлениях.

Первое направление – сохранение биологического разнообразия. На территории наших стран обитают редкие и находящиеся под угрозой исчезновения виды, охрана которых требует согласованных действий.

Вчера была подписана Региональная декларация о сотрудничестве стран Центральной Азии в области охраны и устойчивого управления биоразнообразием — «Гармония с природой во благо устойчивого развития региона». Казахстан пригласил Азербайджан и Турцию присоединиться к этой инициативе. В марте текущего года Казахстан утвердил Концепцию по сохранению и устойчивому использованию биологического разнообразия на 2026–2035 годы и готов делиться опытом и лучшими практиками.

Во всех наших странах реализуются важные инициативы по озеленению и восстановлению экосистем. В Казахстане по поручению Главы нашего государства продолжается работа по посадке 2 млрд деревьев до 2027 года. С 2021 года в стране уже посажено и посеяно более 1 млрд 648 млн деревьев. Казахстан предложил объявить 22 апреля Международным днем озеленения планеты.

Казахстан последовательно поддерживает международные усилия по борьбе с изменением климатаи вести совместные действия в этой сфере. В рамках Парижского соглашения наша страна взяла на себя обязательство сократить выбросы парниковых газов на 15% к 2030 году по сравнению с уровнем 1990 года. В Обновленном национальном вкладе предусмотрено повышение амбиций до 17% сокращения выбросов к  2035 году.

«На активной стадии находится разработка Национального плана адаптации к изменению климата и Дорожной карты по реализации Стратегии по достижению углеродной нейтральности до 2060 года, объединяющей усилия всех секторов экономики для перехода к низко//углеродному развитию. Мы считаем, что обмен опытом между государствами-членами ОТГ может стать важным вкладом в подготовку к 31-ой Конференции сторон Рамочной конвенции об изменении климата ООН (COP31), которая пройдет в 2026 году в Турции», – отметил министр.

Четвертое направление – устойчивое управление отходами. Казахстан придает большое значение вопросам загрязнения окружающей среды отходами, включая пластик.

«В конце 2025 года была одобрена Концепция управления всеми видами отходов на 2026 – 2030 годы, направленная на переход к современной циркулярной модели, в которой отходы рассматриваются как ресурс. Мы открыты к обмену опытом и заинтересованы в развитии практического сотрудничества в этой сфере», – сказал Ерлан Нысанбаев.

По итогам встречи подписана Декларация министров экологии стран ОТГ.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх