[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1206556?lang=kk
Ашылу рәсімі көрменің алғашқы күніндегі басты оқиғаға айналып, үкімет өкілдерін, халықаралық ұйымдарды, даму институттарын және бизнес қауымдастығын біріктірді. Іс-шараға Орталық Азия елдерінің экология министрлері, Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Antonello De Riu, сондай-ақ Green Climate Fund және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Салтанатты рәсімнің негізгі бөлігі экологиялық трансформацияның стратегиялық бағыттарын қамтитын келісімдерге қол қою болды. Олар жаңартылатын энергия көздерін дамыту, төмен көміртекті технологияларды енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу, тұрақты өнеркәсіп өндірісі және климаттық қаржыландыру салаларын қамтиды.
Соның ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Италия Республикасының Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігі арасындағы меморандум ерекше атап өтілді. Бұл құжат экология және климаттың өзгеруі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға, жасыл технологияларды енгізуге, табиғи ресурстарды тиімді басқаруға және энергия тиімді шешімдерді дамытуға негіз болады.
Жаңа платформа энергетика және климаттық трансформация салаларындағы басым ұлттық жобаларды жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді. Ол мемлекеттік органдарды, даму банктерін және жеке инвесторларды біріктіріп, климаттық қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетеді.
Энергетика саласында бірқатар инвестициялық келісімдерге қол қойылды. Олардың қатарында Қарағанды облысында құны 645 млн доллар болатын, қуаты 500 МВт жел электр станциясын салу жобасы, сондай-ақ жалпы қуаты 2 ГВт-қа дейін жететін жаңартылатын энергия нысандарын салу жөніндегі келісімдер бар.
Қазақстан Даму Банкінің қатысуымен жасалған келісімдер ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Атап айтқанда, олардың ішінде құны 256 млн доллардан асатын «Qarmet» АҚ үшін газ құбырын салу жобасы, сондай-ақ құны 650 млн долларға дейін жететін калий тыңайтқыштарын өндіру жобасы бар.
Келісімдердің маңызды бөлігі «жасыл» энергетика мен қалдықтарды басқару саласына қатысты. Олардың ішінде Астана, Шымкент және Алматы қалаларында жалпы құны 560 млн доллардан асатын қоқыс жағу зауыттарын салу жобалары, сондай-ақ еліміздегі күн және су электр станцияларын дамыту бастамалары бар.
Сонымен қатар тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру, көміртек нарықтарын дамыту және орман-климаттық шешімдерді енгізу бойынша келісімдерге қол қойылды. Бұл бастамалар парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және Қазақстанның халықаралық климаттық міндеттемелерін орындауға бағытталған.
Қол қойылған келісімдер халықаралық инвестицияларды тартуға, жасыл технологияларды кеңінен енгізуге және тұрақты даму саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға негіз болады.
Еске салайық, RES 2026 EXPO көрмесі 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында өтуде. Көрме 30 елден шамамен 300 компанияны және 20 000-нан астам келушіні біріктіріп, Орталық Азиядағы экологиялық күн тәртібін, инвестициялар мен инновацияларды ілгерілететін негізгі алаң ретінде қызмет етеді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1206556?lang=ru
Церемония открытия стала центральным событием первого дня выставки и объединила представителей правительств, международных организаций, институтов развития и бизнеса. В мероприятии приняли участие министры охраны окружающей среды стран Центральной Азии, Чрезвычайный и Полномочный Посол Италии в Республике Казахстан Antonello De Riu, а также представители Green Climate Fund и других международных структур.
Ключевым элементом церемонии стало подписание пакета соглашений, охватывающих стратегические направления экологической трансформации, включая развитие возобновляемой энергетики, внедрение низкоуглеродных технологий, переработку отходов, устойчивое промышленное производство и климатическое финансирование.
В их числе – меморандум между Министерством экологии и природных ресурсов Республики Казахстан и Министерством окружающей среды и энергетической безопасности Итальянской Республики. Документ создаёт основу для реализации совместных проектов в сфере экологии и изменения климата, внедрения зелёных технологий, рационального управления природными ресурсами, а также продвижения экологически чистых и энергоэффективных решений.
Платформа позволит системно формировать и сопровождать приоритетные страновые проекты в секторах энергетики и климатической трансформации, объединяя государственные органы, банки развития и частных инвесторов, а также снижая барьеры для привлечения климатического финансирования.
Подписан ряд инвестиционных соглашений в энергетике, включая проект строительства ветровой электростанции мощностью 500 МВт в Карагандинской области стоимостью 645 млн долларов, а также соглашения по строительству объектов возобновляемой энергетики мощностью до 2 ГВт.
Отдельный блок составили договоренности с участием Банка развития Казахстана, направленные на финансирование крупных инфраструктурных и промышленных проектов, включая строительство газопровода для АО «Qarmet» с объемом финансирования более 256 млн долларов, а также проект по производству калийных удобрений на сумму до 650 млн долларов.
Существенную часть соглашений составили проекты в сфере «зеленой» энергетики и обращения с отходами – в частности, строительство мусоросжигательных заводов в Астане, Шымкенте и Алматы общей стоимостью свыше 560 млн долларов, а также развитие солнечных и гидроэлектростанций в регионах страны.
Кроме того, подписаны документы по реализации проектов устойчивого авиационного топлива (SAF), развитию карбоновых рынков и внедрению лесоклиматических решений, направленных на сокращение выбросов и выполнение международных климатических обязательств Казахстана.
Подписанные соглашения формируют основу для привлечения международных инвестиций, масштабирования «зеленых» технологий и укрепления регионального сотрудничества в сфере устойчивого развития.
Напомним, выставка RES 2026 EXPO проходит с 22 по 24 апреля 2026 года в Астане в рамках Регионального экологического саммита и объединяет более 300 компаний из 30 стран, свыше 1500 делегатов и более 20 000 посетителей, выступая ключевой платформой для продвижения экологической повестки, инвестиций и инноваций в Центральной Азии.
