[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1205967?lang=kk
Қазақстан астанасында «Орнықты болашаққа ортақ көзқарас» тақырыбымен Өңірлік экологиялық саммит 2026 (бұдан әрі – ӨЭС) өз жұмысын бастайды. Іс-шара Орталық Азия елдеріндегі экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру және ортақ пайдалану, сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі кешенді саясат пен құралдарды қалыптастыруға бағытталған.
ӨЭС Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан Біріккен Ұлттар Ұйымымен және бірқатар халықаралық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылып отыр және экологиялық сын-қатерлерді еңсеруге өңірлік тәсілді көрсететін бірлескен шешімдерді әзірлеуге бағытталған алғашқы ауқымды іс-шара болып табылады.
Аталған сын-қатерлер үкіметтер, халықаралық және қаржы ұйымдары, сондай-ақ ғылыми және бизнес қауымдастықтар арасында ынтымақтастықты жолға қоюды талап етеді.
Саммитке Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, Армения, Грузия және Моңғолия президенттері, Әзербайжанның премьер-министрі, сондай-ақ БҰҰ агенттіктерінің (БҰҰДБ, ФАО, БҰҰ ЕЭК, ЮНЕП, ДДСҰ, ДМҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және т.б.), жетекші халықаралық ұйымдардың (ЕҚЫҰ, ЭЫҰ, ЭЫДҰ, ТМҰ, ШЫҰ, ЕЭК, ИСЕСКО, АӨСШК және т.б.) және қаржы институттарының (АДБ, ЕҚҚДБ, Дүниежүзілік банк, Ислам даму банкі) басшылары қатысатынын растады.
Жалпы, 15 елден ресми делегациялардың келуі күтілуде. Олардың қатарында Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Италия, Германия, Грузия, Камбоджа, Қытай, Моңғолия, Ресей, Сербия, Словакия, Хорватия және Жапония бар. Бұл ӨЭС алаңын түрлі мәселелер бойынша екіжақты келіссөздер сериясын өткізу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
ӨЭС жұмысы мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен өтетін пленарлық отырыстан басталады.
Саммиттің мазмұндық бөлігі сегіз басым бағыттың айналасында құрылған:
- Климаттық көшуді қолдау;
- Экологиялық және табиғи тәуекелдерге бейімделу және экономикалық орнықтылық;
- Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экожүйесі;Устойчивое управление природными ресурсами;
- Табиғи ресурстарды орнықты басқару;
- Атмосфералық ауаның ластануымен күрес және қалдықтарды басқару;
- Экологиялық амбицияларға қол жеткізу тетіктері;
- Әділ және инклюзивті көшу;
- Экологиялық және цифрлық құзыреттер.
ӨЭС бағдарламасына 58 іс-шара кіреді, оның ішінде 17-сі жоғары деңгейдегі, 4-еуі Орталық Азия елдік сессиялары және 37-сі дөңгелек үстелдер, конференциялар мен семинарлар форматындағы тақырыптық кездесулер.
Саммит аясында Тегеран конвенциясы бойынша министрлік диалог өтеді, оның қорытындысы бойынша Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға бағытталған мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу бастамасын бекіту көзделетін декларация қабылданады деп күтілуде.
ӨЭС бағдарламасында БҰҰ құрылымындағы Халықаралық су ұйымын құру мәселесі бойынша консультациялар да жоспарланған. Оған БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің су ведомстволарының басшылары, БҰҰ-ның су мандатын іске асыратын агенттіктер және зерттеу институттары қатысады деп күтілуде.
Қорытынды құжаттардың қатарында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» атты бірлескен декларациясын ерекше атап өткен жөн. Бұл құжат экологиялық орнықты даму саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге деген саяси ерікті көрсетеді. Сондай-ақ 2026–2030 жылдарға арналған БҰҰ агенттіктерімен бірлескен Өңірлік іс-қимыл бағдарламасы ұсынылады.
Жалпы, ӨЭС аясында 51 құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Олардың ішінде 13 меморандум, 16 бірлескен мәлімдеме, келісімдер мен декларациялар, 16 өңірлік және елдік бастама, сондай-ақ 6 инвестициялық жоба бар.
Саммиттің маңызды практикалық толықтыруы ретінде Орталық Азия елдерінің және бақылаушы ел ретінде Әзербайжанның ұлттық павильондары ұсынылатын ӨЭС 2026 EXPO халықаралық «жасыл» технологиялар көрмесі өтеді.
Қазақстанның ұлттық павильонында биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы жетістіктер, оның ішінде Пржевальский жылқысы, киік және Тұран жолбарысы популяцияларын сақтау, Солтүстік Аралды қалпына келтіру жобалары, сондай-ақ су және ғылыми шешімдер мен «Таза Қазақстан» бағдарламасының нәтижелері таныстырылады.
Қазақстан экспозициясында ресурстарды басқарудың зияткерлік жүйелерін және «ақылды» экологиялық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылған.
RES 2026 EXPO 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында өтеді және 30 елден шамамен 300 компанияны біріктіреді. Осы кезеңде көрмеге 20 000-ға жуық адам келеді деп күтілуде.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1205967?lang=ru
В столице Казахстана начинает работу Региональный экологический саммит 2026 (далее – РЭС) на тему «Общее видение устойчивого будущего». Мероприятие нацелено на формирование комплексной политики и инструментов по защите, восстановлению и совместному использованию экосистем, водных и земельных ресурсов, а также сохранению биоразнообразия в странах Центральной Азии.
РЭС организован Министерством экологии и природных ресурсов Казахстана совместно с Организацией Объединённых Наций и рядом международных организаций, и является первым масштабным мероприятием, направленным на выработку совместных решений, отражающих региональный подход к преодолению экологических вызовов.
Данные вызовы требуют выстраивания сотрудничества между правительствами, международными и финансовыми организациями, а также научным и бизнес-сообществами.
В саммите подтвердили участие главы государств Центральной Азии, президенты Армении, Грузии и Монголии, премьер-министр Азербайджана, а также руководители агентств ООН (ПРООН, ФАО, ЕЭК ООН, ЮНЕП, ВОЗ, ВМО, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ и др.), ведущих международных организаций (ОБСЕ, ОЭС, ОЭСР, ОТГ, ШОС, ЕЭК, ИСЕСКО, СВМДА и др.) и финансовых институтов (АБР, ЕБРР, Всемирный банк, Исламский банк развития).
Всего ожидается прибытие официальных делегаций из 15 стран (Азербайджан, Армения, Афганистан, Беларусь, Италия, Германия, Грузия, Камбоджа, Китай, Монголия, Россия, Сербия, Словакия, Хорватия, Япония), что позволяет использовать площадку РЭС для проведения серии двусторонних переговоров по широкому спектру вопросов.
Работа РЭС начнется с пленарного заседания с участием глав государств и руководителей международных организаций.
Содержательная часть саммита выстроена вокруг восьми приоритетных направлений:
- Поддержка климатического перехода;
- Адаптация и экономическая устойчивость к экологическим и природным рискам;
- Продовольственная безопасность и экосистема региона;
- Устойчивое управление природными ресурсами;
- Борьба с загрязнением атмосферного воздуха и управление отходами;
- Механизмы достижения экологических амбиций;
- Справедливый и инклюзивный переход;
- Экологические и цифровые компетенции.
Программа РЭС включает 58 мероприятий, из которых 17 высокого уровня, 4 страновых сессии Центральной Азии и 37 тематических встреч в формате круглых столов, конференций и семинаров.
В рамках саммита состоится министерский диалог по Тегеранской конвенции, по итогам которого ожидается принятие декларации, где предполагается закрепить инициативу по разработке Межгосударственной программы, направленной на сохранение экосистемы Каспийского моря.
В программе РЭС также запланированы консультации по созданию Международной водной организации в структуре ООН. Ожидается участие руководителей водных ведомств государств-членов ООН, агентств, реализующих водный мандат ООН, а также исследовательских институтов.
Среди итоговых документов следует отметить совместную декларацию глав государств Центральной Азии «Экологическая солидарность Центральной Азии», отражающую политическую волю к углублению сотрудничества в сфере экологически устойчивого развития, а также Региональную программу действий с агентствами ООН (2026–2030 гг.).
Всего в рамках РЭС планируется подписание 51 документа, в числе которых 13 меморандумов, 16 совместных заявлений, соглашений и деклараций, 16 региональных и страновых инициатив, а также 6 инвестиционных проектов.
Важным практическим дополнением к саммиту станет Международная выставка «зеленых» технологий РЭС 2026 ЭКСПО, где представлены страновые павильоны Центральной Азии и Азербайджана – как страны-наблюдателя.
В национальном павильоне Казахстана представлены достижения страны в области сохранения биоразнообразия (в том числе проекты по сохранению популяций лошади Пржевальского, сайгака и туранского тигра, восстановлению Северного Арала и др.), а также водные и научные решения и результаты программы «Таза Қазақстан».
Особый акцент в экспозиции Казахстана сделан на внедрении интеллектуальных систем управления ресурсами и «умных» экологических решениях.
RES 2026 EXPO пройдет с 22 по 24 апреля 2026 года и объединяет около 300 компаний из 30 стран. Ожидается, что за это период выставку посетят порядка 20 000 человек.
