[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1205087?lang=kk
Өңірлік экологиялық саммит аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму жөніндегі кеңсесінің (UNOSD) басшысы Чун Кю Пак мырза арасында екіжақты кездесу өткізілді.
Қазақстан тарапы UNOSD ұйымына Өңірлік экологиялық саммитке қатысқаны үшін, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларының ұлттық түгендеу жүйесін нығайту және климаттық ашықтықты дамыту бағытындағы дәйекті қолдауы үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, бұған дейін өткізілген оқыту семинарының маңыздылығы, сондай-ақ Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңірі мен Африка елдеріне арналған парниктік газдар түгендеуі бойынша оқыту бағдарламасына (2026–2028 жж.) қатысуға шақырылуы атап өтілді. Қазақстан өтінімнің қаралуына ризашылығын білдіріп, аталған бастамаға белсенді қатысуға мүдделілігін растады.
Кездесу барысында тараптар ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтетін «Корея Республикасы – Орталық Азия» саммитін өткізу жоспарларын да талқылады. Аталған алаңда климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау және орнықты энергетикалық даму мәселелерін қарастыру көзделіп отыр.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1205087?lang=ru
В рамках Регионального экологического саммита проведена двусторонняя встреча вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан М.Т. Ошурбаева с Главой Офиса ООН по устойчивому развитию (UNOSD) господином Чун Кю Паком.
Казахстанская сторона выразила благодарность UNOSD за участие в Региональном экологическом саммите, а также за последовательную поддержку в укреплении национальной системы инвентаризации парниковых газов и развитии климатической прозрачности.
Отдельно была отмечена значимость проведённого ранее обучающего семинара, а также приглашения Казахстана к участию в Программе обучения по инвентаризации парниковых газов для стран Азиатско-Тихоокеанского региона и Африки (2026–2028 гг.).Казахстан выразил признательность за рассмотрение заявки и подтвердил заинтересованность в активном участии в данной инициативе.
В ходе встречи стороны также обсудили планы проведения в сентябре текущего года саммита «Республика Корея – Центральная Азия», в рамках которого планируется обсуждение вопросов изменения климата, охраны окружающей среды и устойчивого энергетического развития.
