[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1193968?lang=kk
2026 жылғы 4 сәуірде Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Шәрбиев пен Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Амренова – облыс орман мекемелеріне 13 бірлік өртке қарсы жаңа техниканы табыстады.
Өрт сөндіру автокөлігі – отандық өндіріс өнімі, орман өрттерін сөндіруге тікелей қатысатын орман шаруашылығы мамандарының ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген.
Маневрлігін арттыру үшін цистерна көлемі 3 тоннаны құрайды, жоғары өтімділігі қамтамасыз етілген, өзін-өзі сөндіру жүйесі бар және қозғалыс барысында өрт сөндіру мүмкіндігі қарастырылған.
Аумаққа барлығы 24 өрт сөндіру автокөлігін жеткізу жоспарлануда.
2025 жылы 30 трактор және 31 кіші орман патрульдік кешені жеткізілді.
2011–2023 жылдар аралығында орман және табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы іс жүзінде жаңартылмаған.
2024–2025 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен 21,5 млрд теңге бөлініп, оның есебінен 92 өрт сөндіру автокөлігі, 118 кіші орман патрульдік кешені (КОПК), 244 трактор, 240 патрульдік автокөлік және 3 мыңнан астам өзге техника мен жабдық сатып алынды.
Сонымен қатар, лизингтік қаражат есебінен 1057 бірлік өртке қарсы техниканы сатып алуға 35 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 333 өрт сөндіру автокөлігі, 350 трактор және 374 кіші орман патрульдік кешені бар.
Республика бойынша тракторлар мен кіші орман өрт сөндіру кешендерін жеткізу толық аяқталды, сондай-ақ 152 өрт сөндіру автокөлігі жеткізілді.
Ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін тағы 168 өрт сөндіру автокөлігін жеткізу күтілуде.
Қабылданып жатқан шаралар елдің өрт қаупі жоғары өңірлеріндегі мемлекеттік орман иелерін өртке қарсы техникамен жаңарту және жабдықтауды көздейді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1193968?lang=ru
4 апреля 2026 года вице-министр экологии и природных ресурсов Н.Шарбиев и заместитель акима Акмолинской области А. Амренова – передали лесным учреждениям Акмолинской области 13 единиц новой противопожарной техники.
Пожарная машина – отечественного производства, разработана с учетом предложений специалистов лесного хозяйства, непосредственно участвующих в тушении лесных пожаров.
Для повышения маневренности объем цистерны составляет 3 тонны, обеспечена высокая проходимость, имеется система самотушения и возможность тушения на ходу.
Всего в регион планируется поставить 24 пожарные машины.
В 2025 году было поставлено 30 тракторов и 31 малых лесных патрульных комплексов.
В период с 2011 по 2023 год материально-техническая база лесных и природоохранных учреждений практически не обновлялась.
В 2024–2025 годах из республиканского и местного бюджета выделено 21,5 млрд тенге, за счет которых приобретено 92 пожарные машины, 118 малых лесопатрульных комплексов (МЛПК), 244 трактора, 240 патрульных машин и более 3 тыс. единиц другой техники и оборудования.
Кроме того, за счет лизинговых средств выделено 35 млрд тенге на приобретение 1057 единиц противопожарной техники, в том числе 333 пожарные машины, 350 тракторов и 374 малых лесопатрульных комплексов.
По всей республике завершена поставка тракторов и малых лесопожарных комплексов, а также доставлены 152 пожарные машины.
До конца мая текущего года ожидается поставка еще 168 пожарных машин.
Принимаемые меры предусматривают обновление и оснащение государственных лесовладельцев противопожарной техникой в наиболее пожароопасных регионах страны.
