[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1188996?lang=kk
28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады — «Жер сағаты» акциясы өтеді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер Сағаты»ихалықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді.
«Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің артқы жарығы сөнеді.
Айта кету керек, «Жер сағаты» акциясы – планетадағы ең жаппай экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қатысады, акцияға 180 елден 7 000 қаланың тұрғындары қосылады. 2026 жылы «Жер Сағаты» халықаралық акциясы 19-шы рет, Қазақстанда 17 – ші рет өтеді.
Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын елдегі акциялар кезінде символдық объектілерді жарықтандыруды өшіреді.
Олардың ішінде:
• «Байтерек» монументі
• «Астана Опера»
• Әзірет Сұлтан мешіті
• Тәуелсіздік Сарайы
• «Астана Арена» стадионы
• «Алау» мұз айданы
• «Қазақстан» қонақ үйі
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т.б.
Науқанды қолдау мүмкіндігінше қарапайым: 28 наурызда сағат 20:30-да шамдар мен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіріңіз.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1188996?lang=ru
28 марта Казахстан снова станет частью глобального экологического движения — акции «Час Земли», с 20:30 до 21:30 часов местного времени состоится Международная экологическая акция «Час Земли», темой которой стало развитие экотуризма в стране.
Ровно в 20:30 по местному времени в домах, офисах и на улицах по всей стране на один час погаснет свет.
Акция «Час Земли» – ежегодное международное событие, проводимое под эгидой Всемирного фонда дикой природы (далее – WWF). В ходе акции WWF призывает выключить свет и бытовые электроприборы на один час в знак неравнодушия к будущему планеты; в это же время гаснет подсветка самых известных зданий и памятников мира.
Стоит отметить, что акция «Час Земли» – самая массовая экологическая акция на планете. В ней принимают участие более 2 млрд человек по всему миру, к акции присоединяются жители 7000 городов из 180 стран. В 2026 году международная акция «Час Земли» состоится в 19-й раз, в Казахстане – в 17-й раз.
Цель акции – привлечь внимание к необходимости ответственного отношения к природе и ресурсам планеты. Каждый год на время акции в стране символически отключают подсветку знаковых объектов.
Среди них:
• монумент «Байтерек»
• «Астана Опера»
• Мечеть Әзірет Сұлтан
• Дворец Независимости
• стадион «Астана Арена»
• ледовый дворец «Алау»
• гостиница «Казахстан»
• КазНУ имени аль-Фараби и др.
Поддержать акцию максимально просто: 28 марта в 20:30 выключите свет и электроприборы на один час.
