[:kz]CycleLab: Болашақ экологиясы – студенттік байқаудың финалистері экологиялық жобаларын ұсынды[:ru]CycleLab: экология будущего – финалисты студенческого конкурса представили экологические проекты

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1185445?lang=kk

Астанада Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы мен «Жасыл даму» АҚ ұйымдастыруымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлескен ұйымдастыруымен және бас демеуші – ЦентрКредит Банкі қолдауымен «CYCLELAB: Болашақ экологиясы» атты студенттік жобалар байқауының финалдық кезеңі өтуде. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 31 өтінімнің ішінен сарапшылар комиссиясы таңдаған 10 үздік жоба финалға шықты.

Байқауға Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының колледждері мен жоғары оқу орындарының 16 мен 30 жас аралығындағы студенттері қатысты. Қатысушылар тұрақты даму бағыттары бойынша жобаларын ұсынды: қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары, бөлек жинау шешімдері, ақылды сұрыптау жүйелері, экологиялық қаптама дизайны, логистикаға арналған цифрлық құралдар және экологиялық ағарту.

Сарапшылар алқасының бағалау нәтижесі бойынша 10 финалистің ішінен ең перспективалы әрі жан-жақты әзірленген үш жоба жеңімпаз атанады. Финалда қатысушылар жүлде қоры үшін өз бастамаларын қорғайды.

Байқау жұмыстарын бағалауды қайта өңдеу саласының, мемлекеттік сектордың, бизнестің және экологиялық қауымдастықтың өкілдерінен құралған кәсіби қазылар алқасы жүргізеді: Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Аубакиров, ЦентрКредит Банкі корпоративтік бизнес филиалы директорының орынбасары Асет Құсайынбеков, «Жасыл даму» АҚ қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру департаментінің бас менеджері Рустем Ускенбаев, эколог және эко-белсенді Айдана Қыдырова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Коммуналдық қалдықтар басқармасының сарапшысы Дамигуль Рахманбердиева, сондай-ақ тұрақты даму саласының сарапшысы Асыл Оқапова.

«Біз жастардың жоғары деңгейдегі белсенділігін және ұсынылған идеялардың сапасын көріп отырмыз. Әсіресе жобалардың практикалық қолданысқа бағытталғаны және Қазақстандағы қалдықтарды басқару жүйесін дамытуға нақты үлес қоса алатыны маңызды», — деп атап өтті Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Аубакиров.

CYCLELAB байқауы экологиялық мәдениетті қалыптастыруда және жас жаңашылдарды қолдауда маңызды рөл атқарады. Ол қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы инновациялық шешімдерді дамытуға, тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға және мемлекет, бизнес пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Жалпы жүлде қоры 3 700 000 теңгені құрайтын марапаттау рәсімі 2026 жылдың сәуір айында өтеді. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы кеңейтіп, CYCLELAB платформасын экологиялық жобаларды қолдаудың және Қазақстанның «жасыл» экономикасы үшін мамандар даярлаудың тиімді құралы ретінде дамытуды жоспарлап отыр.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1185445?lang=ru

В Астане проходит финальный этап конкурса студенческих проектов «CYCLELAB: Экология будущего», организованного Ассоциацией переработчиков вторичного сырья Казахстана и АО «Жасыл даму» при соорганизации Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева и поддержке генерального спонсора – Банка ЦентрКредит. По итогам первого этапа в финал вышли 10 лучших проектов, отобранных экспертной комиссией из 31 поданной заявки.

В конкурсе приняли участие студенты колледжей и вузов Астаны, Акмолинской и Карагандинской областей в возрасте от 16 до 30 лет. Участники представили проекты по ключевым направлениям устойчивого развития: технологии переработки отходов, решения для раздельного сбора, умные системы сортировки, эко-дизайн упаковки, цифровые инструменты логистики и экологическое просвещение.

По итогам оценки экспертного жюри из 10 финалистов будут определены три победителя – авторы наиболее перспективных и проработанных проектов. В финале участники представляют свои инициативы, претендуя на призовой фонд конкурса.

Оценку конкурсных работ осуществляет профессиональное жюри, в состав которого вошли представители отрасли переработки, государственного сектора, бизнеса и экологического сообщества: председатель правления Ассоциации переработчиков вторичного сырья Казахстана Батырбек Аубакиров, заместитель директора филиала по корпоративному бизнесу Банка ЦентрКредит Асет Кусаинбеков, главный менеджер Департамента по организации обращения с отходами АО «Жасыл даму» Рустем Ускенбаев, эколог и экобелсенді Айдана Қыдырова, эксперт Управления коммунальных отходов МЭПР РК Дамигуль Рахманбердиева, а также эксперт в области устойчивого развития Асыл Окапова.

«Мы видим высокий уровень вовлеченности молодежи и качество представленных идей. Особенно важно, что проекты ориентированы на практическое применение и способны внести реальный вклад в развитие системы обращения с отходами в Казахстане», – отметил председатель правления Ассоциации переработчиков вторичного сырья Казахстана Батырбек Аубакиров.

Конкурс CYCLELAB играет важную роль в формировании экологической культуры и поддержке молодых новаторов. Он способствует развитию инновационных решений в сфере переработки отходов, популяризации принципов устойчивого развития и укреплению взаимодействия между государством, бизнесом и обществом.

Церемония награждения победителей с общим призовым фондом 3 700 000 тенге состоится в апреле 2026 года. Организаторы планируют масштабировать инициативу и продолжить развитие платформы CYCLELAB как эффективного инструмента поддержки экологических проектов и подготовки специалистов для «зелёной» экономики Казахстана.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх