[:kz]Астанада экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосқан үздік мектептер марапатталды[:ru]В Астане наградили лучшие школы за вклад в развитие экологической культуры

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1184360?lang=kk

Астанада Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында EcoQolday цифрлық жүйесін пайдалана отырып қайта өңдеуге жіберілген қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруда және оқушылар арасында экологиялық білім беруді дамытуда жоғары нәтиже көрсеткен елорданың мемлекеттік мектептері марапатталды.

Шараға 300-ге жуық адам қатысты, олардың қатарында білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, мектеп парламенттерінің өкілдері және экология саласының сарапшылары болды. Бағдарлама «Таза табиғат – жарқын болашақ» атты тақырыптық көрмеден басталып, онда қалдықтарды қайта өңдеу мен қайта пайдаланудың мүмкіндіктерін көрсететін жобалар ұсынылды.

Астана қаласы мектептері арасындағы байқау жеңімпаздары: бірінші орын – Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясы (1825 кг қалдық жиналды),
екінші орын – Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясы (1236 кг),
үшінші орын – Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейі (570 кг).
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жобаға Астана қаласының 107 мектебі қатысты.

Жоба аясында оқушыларға арналған экологиялық білім беру іс-шаралары өткізілді, сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинауға арналған 2730 экоурна орнатылды. Бұл оқушылардың экологиялық белсенділігін айтарлықтай арттырды.

Құттықтау сөз сөйлегендер қатарында Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары Абылай Алмұханов, сондай-ақ «Халықаралық экологиялық академия» мекемесінің президенті Айгүл Абдуалиева болды.

«Экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру – бұл ел болашағына салынған стратегиялық инвестиция. Бүгінгі оқушылар қоғамда экологиялық жауапты мінез-құлықтың насихаттаушыларына айналуда», – деп «Жасыл даму» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің директоры Серікбол Қалиақбаров атап өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесін ілгерілетуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген білім беру ұйымдарын ынталандыру, сондай-ақ жас ұрпақ арасында экологиялық жауапкершілікті нығайту болды. Байқау үздік тәжірибелермен алмасуға және білім беру үдерісіне тұрақты шешімдерді енгізуге тиімді алаңға айналды.

«Таза Қазақстан» бастамасы мектеп оқушыларында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға, тұрақты тұтыну дағдыларын дамытуға және ұлттық экологиялық күн тәртібін қолдауға бағытталған. Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті. Биылдың өзінде облыстық маңызы бар 15 ірі қаладағы мемлекеттік оқу орындарында білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланған. Ерекше назар мектеп оқушыларын кеңінен қамтуға және экологиялық ағартудың жаңа, заманауи форматтарын енгізуге аударылады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1184360?lang=ru

В Астане, во Дворце школьников имени Махамбета Утемисулы, состоялось торжественное мероприятие в рамках Концепции развития экологической культуры «Таза Қазақстан». В ходе события были награждены государственные школы столицы, показавшие наилучшие результаты в формировании культуры раздельного сбора отходов, переданных на переработку с использованием цифровой системы EcoQolday, а также в развитии экологического образования среди учащихся.

В мероприятии приняли участие около 300 человек, включая руководителей образовательных организаций, их заместителей, представителей школьных парламентов и экспертов в сфере экологии. Программа началась с тематической выставки «Таза табиғат – жарқын болашақ», где были представлены проекты, демонстрирующие возможности вторичной переработки и повторного использования отходов.

Победителями конкурса среди школ города Астаны стали первое место – школа-гимназия №77 имени Фаризы Онгарсыновой (собрано 1825 кг отходов), второе место – школа-гимназия №65 имени Магжана Жумабаева (собрано 1236 кг отходов), третье место – школа-лицей №56 имени Шакарима (570 кг отходов). Победители были награждены ценными призами. Всего в проекте приняли участие 107 школ города Астаны.

В рамках реализации проекта были проведены образовательные мероприятия для учащихся, а также установлены 2 730 экоурн для раздельного сбора отходов, что значительно повысило уровень экологической вовлечённости школьников.

С приветственным словом выступили руководитель Управления образования города Астаны Касымхан Сенгазиев, заместитель директора Департамента управления отходами Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Абылай Алмуханов, а также президент учреждения «Международная экологическая академия» Айгуль Абдуалиева, представившая итоги реализации образовательных инициатив в сфере управления отходами.

«Формирование экологической культуры с раннего возраста – это стратегическая инвестиция в будущее страны. Сегодняшние школьники становятся проводниками экологически ответственного поведения в обществе», – отметил директор Департамента инвестиционных проектов АО «Жасыл даму» Серикбол Калиакбаров.

Основной целью мероприятия стало поощрение образовательных организаций, добившихся значительных результатов в продвижении практик раздельного сбора отходов, а также укрепление экологической ответственности среди подрастающего поколения. Конкурс стал эффективной площадкой для обмена лучшими практиками и внедрения устойчивых решений в образовательный процесс.

Инициатива в рамках «Таза Қазақстан» направлена на формирование у школьников бережного отношения к окружающей среде, развитие навыков устойчивого потребления и поддержку национальной экологической повестки. Организаторы подчеркивают, что работа в данном направлении будет последовательно продолжена. Уже в текущем году запланировано проведение образовательных мероприятий в государственных учебных заведениях 15 крупных городов областного значения. Особое внимание будет уделено расширению охвата школьников, а также внедрению и развитию новых, современных форматов экологического просвещения.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх