[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1176426?lang=kk
Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін талқылау және түсіндіру бойынша кездесу өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға конституциялық реформаның негізгі новеллалары, оның философиясы мен стратегиялық бағдарлары түсіндірілді. Адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бекітуге, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға, билік тармақтарын нақты ажыратуға, сондай-ақ мемлекеттің зайырлы сипатын нығайтуға бағытталған нормаларға ерекше назар аударылды.
Спикерлер Конституцияның жаңартылған жобасы әділеттілік, мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігі және егемендіктің, аумақтық тұтастық пен заң үстемдігінің базалық құндылықтарының мызғымастығы идеяларын жүйелі түрде бекітетінін атап өтті. Цифрлық кеңістіктегі азаматтардың құқықтарын қорғауға, отбасы институты мен дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық қатысу тетіктерін кеңейтуге қатысты жаңа нормаларға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жүргізіліп жатқан өзгерістерге қолдау білдіріп, халықпен кеңінен түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1176426?lang=ru
Сегодня в Министерстве экологии и природных ресурсов РК состоялась встреча с членами Общенациональной коалиции, по обсуждению и разъяснению ключевых положений проекта новой Конституции Республики Казахстан.
В ходе мероприятия участникам были разъяснены основные новеллы конституционной реформы, ее философия и стратегические ориентиры. Особое внимание было уделено закреплению приоритета прав и свобод человека, усилению принципов правового государства, четкому разграничению ветвей власти, а также нормам, направленным на укрепление светского характера государства.
Спикеры отметили, что обновленный проект Конституции системно закрепляет идеи справедливости, ответственности государства перед гражданами и незыблемости базовых ценностей суверенитета, территориальной целостности и верховенства закона. Отдельный акцент был сделан на новых нормах, касающихся защиты прав граждан в цифровом пространстве, укрепления института семьи и традиционных ценностей, а также расширения механизмов общественного участия.
По итогам встречи участники выразили поддержку проводимым преобразованиям и отметили важность широкой разъяснительной работы с населением.
