[:kz]Қазақстан табиғатты қорғау жөніндегі тұжырымдаманы бекітті: 2026–2035 жылдарға арналған биоәртүрлілікті сақтау тұжырымдамасының мақсаттарын ашамыз[:ru]Казахстан утвердил Концепцию по сохранению природы: раскрываем цели Концепции биоразнообразия на 2026-2035 годы

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1173956?lang=kk

Қазақстан Республикасының Үкіметі биологиялық әртүрлілікті сақтау және оны орнықты пайдалану жөніндегі тұжырымдаманы қабылдады. Бұл – табиғатты қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру және биоәртүрлілікті ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды стратегиялық құжат.

Тұжырымдаманың қабылдануы Қазақстанның 1994 жылы ратификацияланған Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция шеңберіндегі міндеттемелерін орындауға бағытталған. Бұл құжатқа сәйкес қатысушы елдер ұлттық стратегиялар әзірлеуге міндетті. Сонымен қатар, Тұжырымдама 2050 жылға қарай табиғатпен үйлесімділікті қалпына келтіруге бағытталған Куньмин–Монреаль жаһандық биоәртүрлілік бағдарламасының ауқымды мақсаттарын іске асырудың негізі болып табылады.

«Тұжырымдама – бұл болашаққа бағытталған инвестиция, ұлттық және халықаралық міндеттемелерді жүзеге асыру жолындағы көпжылдық жүйелі еңбектің жемісі.

Мамандардың, ғылыми қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру және БҰҰ Даму Бағдарламасымен Қазақстандағы серіктестік арқасында теңдестірілген әрі амбициялық құжат әзірленді. Бұл құжат биоәртүрлілікті қорғау бойынша нақты шараларды жоспарлаудың негізіне айналады, оның ішінде елдегі орманды алқаптарды ұлғайту, ормандарды өрттен қорғау шараларын жүзеге асыру, табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту қарастырылған.

Тұжырымдама еліміздің игілігі мен орнықты дамуының негізі ретінде табиғи байлықты сақтау жолындағы басты бағдарға айналады.

Тұжырымдама Мемлекет басшысының бастамаларына тікелей қолдау көрсетіп, «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асырады. Оның идеологиясы тәсілді түбегейлі өзгертуге негізделген: яғни келтірілген залалдың салдарымен күресуден – проактивті басқаруға және табиғи капиталдың таза өсімін қамтамасыз етуге көшуді көздейді.

Конституциялық реформаның қисынды жалғасы болып табылатын бұл құжат нақты нысаналы индикаторларды және басым бағыттарды іске асыру бойынша нақты шараларды белгілейді.

«Биоәртүрлілікті сақтау – бұл планетамыздың болашақтағы өміршеңдігін айқындайтын ортақ жауапкершілік. Осы құжаттың қабылдануы экожүйелердің тұрақтылығын арттыруға және еліміздің табиғи байлығын келешек ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов.

Қабылданған Тұжырымдама ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кең ауқымды салааралық жұмысының нәтижесі болып табылады. Құжат Қазақстандағы БҰҰДБ-ның қолдауымен, Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан жоба шеңберінде және ұлттық сарапшылар қауымдастығының қатысуымен әзірленді.

«Тұжырымдаманың бекітілуі – мемлекеттік органдардың, ғылыми орта мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысының жемісі. Құжатты әзірлеу барысында халықаралық тәсілдер мен ұсынымдарды ескере отырып, негізгі ұлттық басымдықтарды айқындау бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Қазақстанның табиғатты қорғау қауымдастығын осынау маңызды стратегиялық құжаттың қабылдануымен құттықтаймын», – деп атап өтті Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (ҚБСА) директоры Вера Воронова.

Тұжырымдама 8 негізгі бағытты және 13 нысаналы индикаторды қамтиды.

Бірінші бағыт – біртұтас экологиялық желіні және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту. Мұндай аумақтарды құру өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің нысандарын сақтаудың ең тиімді тетігі әрі жалпыәлемдік тәжірибесі болып табылады.

Жалпы, 2035 жылға қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың көлемін 31 млн гектардан 33,2 млн гектарға дейін ұлғайту көзделген.

Екінші бағыт – ормандарды күзету мен молайтудың тиімділігін арттыру, орманды орнықты пайдалануды дамыту.

Қолда бар ормандарды сақтай отырып және орман дақылдарын отырғызу көлемін ұлғайту арқылы еліміздің орманмен қамтылған аумағын 14,7 млн гектарға жеткізу жоспарлануда (қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 13,9 млн гектарды құрайды).

Тағы бір маңызды бағыт – ағаш ресурстарын ұтымды пайдалану. Тұжырымдамада отандық ағашты терең өңдеуді енгізу және 2035 жылға қарай ағаш өңдеу саласының өнімін бес есеге арттыру қарастырылған.

Үшінші бағыт – жануарлар дүниесін мониторингілеу, қорғау және орнықты пайдалану жүйесін жетілдіру.

Бұл ретте Тұжырымдамада Қызыл кітапқа енген жануарларды сақтауға және олардың санын тұрақты түрде арттыруға, сондай-ақ аңшылық (оның ішінде трофейлік аңшылық) нысаны болып табылатын жабайы жануарларды орнықты пайдалануға бағытталған бірқатар іс-шаралар қарастырылған.

Төртінші бағыт – ихтиофауна және табиғи балық ресурстары. Бұл салалар мониторинг жұмыстарын күшейтуді және қауіп-қатердің барлық түрлерін терең зерттеуді талап етеді.

Бесінші және алтыншы бағыттар өсімдіктер дүниесі бойынша ауқымды жұмыстарды, сондай-ақ жайылымдардың тозуы сияқты өзекті мәселені қамтиды. Мониторинг, түгендеу және озық ғылыми негізделген шешімдерді қолдану – қазіргі сын-қатерлерге қарсы тұрудың негізгі жолдары болып табылады.

Соңғы екі бағыт биоәртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдаланудың бүкіл жүйесінің негізі мен діңгегі болып табылады. Биоәртүрлілік туралы барлық деректерді жинақтау және жүйелеу, сондай-ақ индикаторлардың тиімді жүйесін құру осы бағыттағы ұзақ мерзімді стратегияны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Биология ғылымдарының кандидаты Александр Бербердің пікірінше, биоәртүрлілік саласындағы ұлттық міндеттерді айқындау және тұжырымдамалық құжатты бекіту мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ жеке сектордың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл тек сирек кездесетін және негізгі түрлерді ғана емес, бүкіл биоәртүрлілікті сақтау мен қалпына келтіруге жол ашады. Себебі аталған шаралар тек қорғау іс-шараларымен ғана шектелмей, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасын қорғаумен де тікелей байланысты.

Қабылданған Тұжырымдама Қазақстанның Орталық Азиядағы табиғатты қорғау саласындағы көшбасшылығын нығайтады. Сонымен қатар, ол орнықты әрі үйлесімді болашақ құруға бағытталған жаңа ұлттық және халықаралық серіктестіктер үшін бірегей платформа қалыптастырады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1173956?lang=ru

Правительством Республики Казахстан принята Концепция по сохранению и устойчивому использованию биологического разнообразия. Это ключевой стратегический документ, определяющий государственную политику в сфере охраны природы, восстановления экосистем и рационального использования биоразнообразия.

Принятие Концепции направлено на выполнение обязательств Казахстана в рамках Конвенции о биологическом разнообразии, ратифицированной в 1994 году, которая обязывает стороны разрабатывать национальные стратегии. Кроме того, Концепция служит основой для реализации амбициозных целей Куньмин-Монреальской глобальной программы по биоразнообразию, задающей вектор на восстановление гармонии с природой к 2050 году.

Концепция – это инвестиция в будущее, плод многолетней системной работы во исполнение национальных и международных обязательств.

Благодаря концентрации усилий экспертов, научного сообщества и партнерству с Программой развития ООН в Казахстане, подготовлен сбалансированный и амбициозный документ, который станет основой для планирования практических мер по защите биоразнообразия, включая увеличение лесистости нашей страны, реализации мероприятий по охране лесов от пожаров, устойчивому использованию природных ресурсов и развитию системы особо охраняемых природных территорий.

Концепция станет главным компасом в сохранении природного достояния, как основы благополучия и устойчивого развития страны.

Концепция напрямую поддерживает инициативы Главы государства и реализует принципы «Таза Қазақстан». Её идеология заключается в фундаментальном изменении подхода: переходе от реагирования на ущерб к проактивному управлению и обеспечению чистого прироста природного капитала.

Документ, являющийся логическим продолжением Конституционной реформы, устанавливает чёткие целевые индикаторы и конкретные меры по реализации приоритетных направлений.

Как отмечает Сухроб Ходжиматов, заместитель Постоянного представителя ПРООН в Казахстане “Сохранение биоразнообразия – это коллективная ответственность, которая определяет жизнеспособность нашей планеты в будущем. Принятие этого документа позволит повысить устойчивость экосистем и сохранить природное богатство страны для будущих поколений”.

Принятая Концепция стала результатом широкой межсекторальной работы Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан при поддержке ПРООН в Казахстане в рамках проекта, реализуемого при финансовой поддержке ГЭФ, и при участии национального экспертного сообщества.

“Утверждение Концепции стало результатом совместной работы государственных органов, научного сообщества и общественных организаций. В ходе её разработки была проделана масштабная работа по определению ключевых национальных приоритетов с учётом международных подходов и рекомендаций. Поздравляю природоохранное сообщество Казахстана с принятием этого важного стратегического документа”, – отметила директор Ассоциации сохранения биоразнообразия Казахстана Вера Воронова.

Концепция охватывает 8 ключевых направлений и 13 целевых индикаторов.

Первое – развитие единой экологической сети и системы особо охраняемых природных территорий, так как создание таких территорий является наиболее действенным механизмом и общемировой практикой сохранения объектов растительного и животного мира.

В целом к 2035 году предусматривается увеличить площадь особо охраняемых природных территорий с 31 млн гектар до 33,2 млн гектар.

Второе – повышение эффективности охраны воспроизводства лесов, развитие устойчивого лесопользования.

Сохраняя имеющиеся леса и увеличивая объемы посадок лесных культур, планируется довести покрытую лесом площадь страны до 14,7 млн гектар (в настоящее время эта площадь составляет 13,9 млн. гектар).

Немаловажным направлением является рациональное использование древесных ресурсов. Концепцией предусматривается внедрение углубленной переработки отечественной древесины с увеличением выпуска продукции деревообрабатывающей отрасли к 2035 году в пять раз.

Третье – совершенствование системы мониторинга, охраны и устойчивого использования животного мира.

При этом Концепцией предусматривается ряд мероприятий, направленных на сохранение и устойчивый рост краснокнижных животных, а также устойчивое использования диких животных, являющихся объектами охоты (в том числе и трофейной).

Четвертое – ихтиофауна и естественные рыбные ресурсы. Это области требующие усиления работы по мониторингу и глубокому исследованию всех типов рисков.

Пятое и шестое направление – включают в себя большой блок работы по растительному миру, а также такую острую проблему как деградация пастбищ. Мониторинг, инвентаризация и применение передовых научно-обоснованных решений – это то, что противопоставляется существующим вызовам.

Последние два направления являются фундаментом и каркасом всей системы сохранения и устойчивого использования биоразнообразия. Сбор и систематизация всех данных о биоразнообразии, построение эффективной системы индикаторов позволят выстроить долгосрочную стратегию в этом направлении.

По мнению Александра Бербера, кандидата биологических наук, определение национальных задач в области биоразнообразия и утверждение концептуального документа позволит объединить усилия государственных органов, международных и неправительственных организаций, частного сектора в сохранении и восстановлении не только редких, ключевых видов, но и всего биоразнообразия, поскольку эти меры связаны не только с охранными мероприятиями, но и защитой среды обитания.

Принятая Концепция укрепляет лидерство Казахстана в области охраны природы в Центральной Азии и создаёт платформу для новых национальных и международных партнёрств, направленных на построение устойчивого и гармоничного будущего.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх