[:kz]Экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаны қорғау туралы[:ru]О повышении экологической культуры и охране окружающей среды

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1166272?lang=kk

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқасында вице-министр Мансұр Ошурбаев елімізде экологиялық күн тәртібінің қалай жүйелі түрде іске асырылып жатқаны және алдағы жылдарға қандай міндеттер тұрғаны туралы айтып берді.

Не істелінді

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында 2025 жылы бүкіл ел бойынша 1294 экологиялық акция өтті. Оларға 6,9 млн-ға жуық адам, оның ішінде 781 мың еріктілер қатысты. Нәтижесінде 884,3 мың тонна қоқыс жиналып, 1,1 млн гектар аумақ тазартылды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін өңірлерде ең таза ауылдық округ пен аулаға конкурстар, мектеп жарыстары мен шығармалар конкурстары өткізілді.

2024 жылдың маусым айынан бастап @TazaQazBot чат-боты жұмыс істейді. 2025 жылы чат-бот арқылы 26 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 24 мыңнан астамы орындалды. Көбінесе адамдар аумақтарды жинау, қоқыстарды шығару, көшелерді абаттандыру және жолдарды жөндеу мәселелері бойынша жүгінетін. Чатбот мемлекет пен халық арасындағы кері байланыстың ыңғайлы құралына айналды.

Ағымдағы жылға арналған жоспарлар

Наурыз айынан бастап оңтүстік өңірлерде аумақтарды, су айдындары мен бұлақтарды тазарту, сондай-ақ ағаш отырғызу бойынша акциялар басталады. Ауа райы қолайлы болған сәттен осындай шаралар елдің солтүстік аймақтарында да өтеді.

Өңірлік экологиялық саммит

2026 жылғы сәуірде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп Өңірлік экологиялық саммит өткізіледі. Ол Орталық Азияның экологиялық және климаттық мәселелерін талқылау үшін негізгі алаңға айналады.

Саммит аясында RES EXPO 2026 Халықаралық жасыл технологиялар көрмесі жоспарланған, онда өңір елдерінің ұлттық павильондары ұсынылады. Мемлекет басшыларының декларациясын және БҰҰ агенттіктерімен 2030 жылға дейінгі іс-қимыл бағдарламасын қоса алғанда, қорытынды құжаттар қабылданады деп күтілуде. Әлеуметтік желілердегі саммиттің ресми сайты мен беттері іске қосылды.

Сондай-ақ, баяндама барысында халықаралық ынтымақтастық, климаттық саясат, метеорологиялық қызметті дамыту және Каспий теңізімен ахуал мәселелері қозғалды.

Қорытындылай келе, экологиялық күн тәртібі елдің стратегиялық басымдығы болып қала беретіні атап өтілді. Министрлік халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мониторинг жүйесін жетілдіру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі практикалық шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1166272?lang=ru

Сегодня на коллегии Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан вице-министр Мансур Ошурбаев рассказал о том, как в стране системно реализуется экологическая повестка и какие задачи стоят на ближайшие годы.

Что уже сделано

В рамках концепции «Таза Қазақстан» в 2025 году по всей стране прошло 1294 экологические акции. В них приняли участие около 6,9 млн человек, в том числе 781 тыс. волонтёров. В результате было собрано 884,3 тыс. тонн мусора и очищено 1,1 млн гектаров территорий.

Для формирования экологической культуры в регионах проводились конкурсы на самый чистый сельский округ и двор, школьные соревнования и конкурсы сочинений.

С июня 2024 года работает чат-бот @TazaQazBot. В 2025 году через него поступило более 26 тыс. обращений, из которых свыше 24 тыс. уже исполнены. Чаще всего люди обращались по вопросам уборки территорий, вывоза мусора, благоустройства улиц и ремонта дорог. Чат-бот стал удобным инструментом обратной связи между государством и населением.

Планы на текущий год

С марта в южных регионах начнутся акции по очистке территорий, водоёмов и родников, а также посадка деревьев. По мере потепления аналогичные мероприятия пройдут и в северных регионах страны.

Региональный экологический саммит

В апреле 2026 года Казахстан совместно с Организация Объединённых Наций проведёт Региональный экологический саммит (РЭС 2026). Он станет ключевой площадкой для обсуждения экологических и климатических вопросов Центральной Азии.

В рамках саммита запланирована международная выставка зелёных технологий RES EXPO 2026, где будут представлены национальные павильоны стран региона. Ожидается принятие итоговых документов, включая Декларацию глав государств и Программу действий с агентствами ООН до 2030 года. Уже запущены официальный сайт и страницы Саммита в социальных сетях.

Также в ходе доклада были затронуты вопросы международного сотрудничества, климатической политики, развития метеорологической службы и ситуации с Каспийским морем.

В завершение отмечено, что экологическая повестка остаётся стратегическим приоритетом страны. Министерство продолжит работу по развитию международного сотрудничества, совершенствованию системы мониторинга и реализации практических мер по защите окружающей среды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх