[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1166235?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Кеңейтілген алқа барысында вице-министр Жомарт Әлиев елдегі экологияның жай-күйі және 2025 жылғы жұмыс қорытындылары туралы баяндама жасады.
Оның айтуынша, есепті кезеңде экологиялық жүктеменің төмендеуі қамтамасыз етіліп, табиғат қорғау заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді. Шығарындылар көлемі 4,01 млн тоннаны, төгінділер көлемі 2,3 млн тоннаны құрады, бұл тиісінше 2024 жылғы көрсеткіштерден 0,5% және 2,5%-ға төмен. Бұл ретте шығарындылардың 63%-ы 50 ірі өнеркәсіптік кәсіпорынға тиесілі, нормативтік көлемі 148 мың тоннаға (-7,2%) төмендетілген.
Мониторингтің автоматтандырылған жүйелерін енгізу жалғасуда.
Бүгінгі таңда талап 115 ірі кәсіпорынға қатысты, олардың көпшілігі деректер жүйесіне қосылған. Арнайы датчиктер әр 20 минут сайын ластаушы заттардың концентрациясы туралы деректерді жүйеге тікелей жібереді.
2025 жылы ғарыштық мониторингті пайдалана отырып, 3828 рұқсат етілмеген полигон анықталды, олардың 95% жойылды. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 165 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жеңілдетілген қаржыландыру тетігі шеңберінде бүгінгі күні инфрақұрылымды дамыту және қалдықтармен жұмыс істеу бойынша мақұлданған 62 жобаның 25-і жалпы сомасы 294 млрд теңгеге, оның ішінде қоқыс таситын көліктерді сатып алу, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі жобалар іске асырылуда.
Сонымен қатар, Республикалық маңызы бар қалаларда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын салу бойынша 293 млрд теңге сомасына инвестициялар туралы келісімдер жасалды.
«Экоқолдау» бағдарламасы аясында 60 мың тоннаға жуық қалдық қайта өңделді.
Жалпы қуаттылығы тәулігіне 3600 тонна болатын Астана, Алматы және Шымкент қалаларында үш қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарлануда.
Қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.
Министрлік экологиялық жүктемені азайту, заңнаманы жетілдіру және қалдықтармен жұмыс істеудің заманауи инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жүйелі шараларды іске асыруды жалғастырады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1166235?lang=ru
В ходе расширенной коллегии Министерство экологии и природных ресурсов РК вице-министр Жомарт Алиев представил доклад о состоянии экологии в стране и итогах работы за 2025 год.
По его словам, в отчетном периоде обеспечено снижение экологической нагрузки и усилен контроль за соблюдением природоохранного законодательства. Объем выбросов составил 4,01 млн тонн, объем сбросов — 2,3 млн тонн, что на 0,5% и 2,5% ниже показателей 2024 года соответственно. При этом 63% выбросов приходится на 50 крупнейших промышленных предприятий, по которым нормативный объем выбросов снижен на 148 тыс. тонн (–7,2%).
Продолжается внедрение автоматизированных систем мониторинга (АСМ). На сегодня требование распространяется на 115 крупных предприятий, большая часть уже подключена к системе передачи данных. Специальные датчики каждые 20 минут передают данные о концентрации загрязняющих веществ напрямую в систему.
В 2025 году с использованием космического мониторинга выявлено 3828 несанкционированных свалок, ликвидировано 95%. За нарушение экологического законодательства к административной ответственности привлечены 165 должностных лиц.
В рамках механизма льготного финансирования на сегодняшний день уже реализуются 25 из 62-х одобренных проектов по развитию инфраструктуры и обращению с отходами на общую сумму 294 млрд тенге, включая проекты по закупке мусоровозов, сортировке и переработке отходов.
Вместе с тем, заключены соглашения об инвестициях на сумму 293 млрд тенге по строительству заводов по энергетической утилизации отходов в городах республиканского значения.
В рамках программы «Экоқолдау» переработано около 60 тыс. тонн отходов.
Планируется строительство трех мусоросжигательных заводов в городах Астана, Алматы и Шымкент общей мощностью 3600 тонн в сутки.
Утверждена Концепция управления всеми видами отходов на 2026–2030 годы.
Министерство продолжит реализацию системных мер по снижению экологической нагрузки, совершенствованию законодательства и развитию современной инфраструктуры обращения с отходами.
