[:kz]Қазгидромет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ суперкомпьютерінде жоғары дәлдіктегі ауа райы болжамын іске қосты[:ru]Казгидромет запустил прогноз погоды высокого разрешения на суперкомпьютере КазНУ имени аль-Фараби

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1161093?lang=kk

«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасының аумағы үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Суперкомпьютерлік орталығының есептеу ресурстарында кеңістіктік ажыратымдылығы 2 км болатын Weather Research and Forecasting (WRF) сандық ауа райын болжау моделін іске қосты.

Жобаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің қолдауының арқасында мүмкін болды. Министр Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер пайдалануға берілгеннен кейін Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет пен Университет басшылығы арасындағы өзара іс-қимылды бастамалады.

Бұл ынтымақтастық — Қазақстан ғылымын дамыту және халық пен мемлекеттік органдарды метеорологиялық қызметпен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында білім беру мекемелері (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) мен мемлекеттік құрылымдардың («Қазгидромет» РМК) өзара әрекеттесуінің жақсы үлгісі.

Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ суперкомпьютерінде WRF моделін күн сайын автоматты түрде іске қосу жүзеге асырылады. Нәтижесінде Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша ауа температурасы, атмосфералық жауын-шашын, жел параметрлері және метеограммалар бойынша болжамдар қалыптастырылады. Есептеулер автоматты режимде орындалады, сонымен қатар модельдің шығыс деректерінің сапасы мен дәлдігін арттыру үшін оларды талдау қатар жүргізіледі.

Жобаны іске асыру елдің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін нығайтуға, қауіпті табиғи құбылыстар туралы ерте ескерту жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет пен елдің жетекші университеті арасындағы ғылыми және білім беру ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.

Айта кету қажет, 2 км ажыратымдылықтағы WRF моделін енгізу Қазақстан Республикасында метеорологиялық қызметті дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ресми сайтта «Ауа райының сандық болжамы» бөлімі қолжетімді болады. Онда барлық пайдаланушылар модель есептеулерінің нәтижелерін және елдің бүкіл аумағы бойынша болжам карталарын қарай алады:
https://www.kazhydromet.kz/vc/wrf/maps-x.html?lang=ru[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1161093?lang=ru

Казгидромет запустил прогноз погоды высокого разрешения на суперкомпьютере КазНУ имени аль-Фараби. РГП «Казгидромет» запустил для территории Республики Казахстан численную модель прогноза погоды Weather Research and Forecasting (WRF) с пространственным разрешением 2 км на вычислительных ресурсах Суперкомпьютерного центра НАО «Казахский национальный университет имени аль-Фараби».

Реализация проекта стала возможной благодаря поддержке Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, инициировавшего взаимодействие между Национальной гидрометеорологической службой и руководством Университета после ввода в эксплуатацию самого мощного суперкомпьютера в Центральной Азии.

Данное сотрудничество — это хороший пример взаимодействия между образовательными учреждениями (КазНУ имени аль-Фараби) и государственными структурами (РГП «Казгидромет») в интересах развития науки Казахстана и улучшения метеорологического обслуживания населения и государственных органов.

В настоящее время на суперкомпьютере КазНУ имени аль-Фараби осуществляется ежедневный автоматический запуск модели WRF с формированием прогнозов температуры воздуха, атмосферных осадков, параметров ветра и метеограмм по всей территории Казахстана. Расчёты выполняются в автоматическом режиме, параллельно проводится их анализ для дальнейшего повышения качества и точности выходных данных модели.

Реализация проекта направлена на укрепление гидрометеорологической безопасности страны, совершенствование системы раннего предупреждения опасных природных явлений, а также развитие научного и образовательного сотрудничества между Национальной гидрометеорологической службой и ведущим университетом страны.

Необходимо отметить, что внедрение модели WRF с разрешением 2 км представляет собой значительный шаг вперёд в развитии метеорологического обслуживания Республики Казахстан. На официальном сайте будет доступна вкладка «Численный прогноз погоды», где все пользователи смогут просматривать результаты расчётов модели и карты прогноза по всей территории страны:
https://www.kazhydromet.kz/vc/wrf/maps-x.html?lang=ru

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх