[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1151639?lang=kk
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің 5-ағыны тыңдаушыларымен өткен консультациялық кездесуге қатысты.
Іс-шараға Сенат жанындағы Аналитика мектебінің тыңдаушылары, сараптамалық қауымдастық өкілдері мен жобалық командалар қатысып, биоалуантүрлілікті сақтау, климаттың өзгеруі және қалдықтарды басқару мәселелерін қоса алғанда, экологиялық саясаттың негізгі басымдықтарын талқылады.
Кездесу барысында Министр тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану салаларында аналитика мен дәлелдерге негізделген тәсілдердің рөлі артып келе жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, Министрліктің салалық департаменттерінің директорлары мен БҰҰ Даму бағдарламасының (ПРООН) Қазақстандағы Тұрақты өкілі К. Вавьерниа тыңдаушылар алдында сөз сөйлеп, «Сұрақ-жауап» сессиясы барысында Аналитика мектебі тыңдаушыларының сауалдарына жауап берді.
«Мұндай іс-шаралар ерекше маңызды, себебі тиімді экологиялық саясат тек қана жоғары мақсаттарға емес, сонымен қатар дәлелдерге, аналитикалық мүмкіндіктерге және саналы талқылауға негізделуі тиіс. ПРООН Қазақстанға ұлттық стратегиялар мен іс-қимыл жоспарларын әзірлеуде аналитикалық және техникалық қолдау көрсетіп келе жатқанын мақтан тұтады. Бұл ұлттық басымдықтардың жаһандық міндеттемелерге сәйкестігін қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды Қазақстанның ұлттық даму контексіне тиімді түрде интеграциялауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті К. Вавьерниа ханым.
Кездесу соңында Е. Нысанбаев кәсіби аналитиктерді даярлаудың маңыздылығын атап өтіп, еліміздің экологиялық саясатын жетілдіру барысында аналитикалық әзірлемелерді тәжірибеде қолдануға Министрліктің мүдделі екенін білдірді.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1151639?lang=ru
Сегодня Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Е. Нысанбаев принял участие в консультационной встрече со слушателями 5-го потока Школы аналитики при Сенате Парламента Республики Казахстан.
В мероприятие приняли участие слушатели Школы аналитики при Сенате, представителей экспертного сообщества и проектных команд для обсуждения ключевых экологических приоритетов, включая биоразнообразие, климат и управление отходами.
В ходе встречи Министр отметил возрастающую роль аналитики и доказательных подходов в формировании эффективной государственной политики, в том числе в сфере охраны окружающей среды, адаптации к изменению климата и рационального использования природных ресурсов.
Также перед слушателями также выступили директора отраслевых департаментов Министерства, Постоянный представитель ПРООН в Казахстане К. Вавьерниа, которые также ответили на вопросы слушателей Школы аналитики в сессии «Вопросы-ответы».
«Подобные мероприятия особенно ценны, поскольку эффективная экологическая политика зависит не только от амбиций, но и от доказательств, аналитических возможностей и информированного обсуждения. ПРООН гордится тем, что оказывает Казахстану аналитическую и техническую поддержку в разработке национальных стратегий и планов действий, помогая обеспечить соответствие национальных приоритетов глобальным обязательствам, одновременно интегрируя их в контекст национального развития Казахстана», – подчеркнула г-жа К. Вавьерниа .
В завершении встречи Е. Нысанбаев подчеркнул значимость подготовки профессиональных аналитиков и выразил заинтересованность Министерства в практическом применении аналитических разработок при совершенствовании экологической политики страны.
