[:kz]Қалдықтар табысқа айналады: ел тұрғындары үйден шықпай-ақ қалай табыс таба алады[:ru]Отходы превращаются в доходы: как жители страны могут зарабатывать, не выходя из дома

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1144196?lang=kk

Астана қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында «Таза үй – Таза ел» экологиялық бастамасы іске қосылды. Жобаның бастамашысы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның қолдауымен «Жасыл даму» АҚ. Ал жобаны тәжірибелік тұрғыда жүзеге асыруды «Astana Qaqazy» ЖШС қамтамасыз етті.

Бастама аясында елордадағы тұрғын үй кешендерінің аулалары мен аумақтарында қағаз және пластик қалдықтарын бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылды. Тұрғындар картон, қағаз, пластик және бөтелкелерді таза күйінде сұрыптап тапсыру мүмкіндігіне ие болды. Жиналған барлық қалдықтар қайта өңдеу зауыттарына жөнелтіліп, оларға «екінші өмір» беріледі.

Жоба «EcoQolday» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Контейнерлерді орнату қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын қалыптастыру мен қала тұрғындарын экологиялық жауапты мінез-құлыққа тартудағы маңызды практикалық қадам болды.

«Қалдықтарды бөлек жинау – бұл тек экология мен экономика мәселесі ғана емес, сонымен қатар қоғамның экологиялық мәдениетінің көрсеткіші. «Таза үй – Таза ел» бастамасы әрбір елорда тұрғынына өз үйінің, қаласының және тұтас елінің тазалығы үшін жеке жауапкершілікті сезінуге, сондай-ақ осы арқылы табыс тауып, оны үйдің қажеттіліктеріне жұмсауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов.

EcoQolday цифрлық платформасы (https://apps.apple.com/kz/app/ecoqolday/id6475673696) қалдықтарды көму көлемін азайтуға, қайта өңдеу саласын дамытуға және ресурстарды тұтынуға саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Тұрғындар үшін бұл – қосымша шығындарсыз және қиындықсыз экологиялық бастамаларға қатысудың ыңғайлы әрі түсінікті құралы.

«Жасыл даму» АҚ және жоба серіктестері бастаманың географиясын кезең-кезеңімен кеңейтіп, қалдықтарды бөлек жинау жүйесіне барған сайын көбірек тұрғынды тартуды және Қазақстанда таза, орнықты әрі экологиялық жауапты ортаны қалыптастыру миссиясын дәйекті түрде іске асыруды жоспарлап отыр.

[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1144196?lang=ru

В Астане в рамках реализации концепции развития экологической культуры «Таза Қазақстан» была запущена экологическая инициатива «Таза үй – Таза ел». Инициатором проекта выступило АО «Жасыл даму» при поддержке Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, акимата города Астаны и Общенациональной социал-демократической партии. Практическую реализацию проекта обеспечила компания ТОО «Astana Qaqazy».

В рамках инициативы во дворах и на территориях жилых комплексов столицы установлены специальные контейнеры для раздельного сбора бумажных и пластиковых отходов. Жители жилых комплексов получили возможность сортировать и сдавать картон, бумагу, пластик и бутылки в чистом виде. Все собранные отходы направляются на перерабатывающие заводы, где им будет дана «вторая жизнь».

Проект реализуется в рамках программы «EcoQolday». Установка контейнеров стала важным практическим шагом в формировании инфраструктуры раздельного сбора отходов и вовлечении горожан в экологически ответственное поведение.

«Раздельный сбор отходов – это не только вопрос экологии и экономики, но и показатель уровня экологической культуры общества. Инициатива «Таза үй – Таза ел» направлена на то, чтобы каждый житель столицы почувствовал личную ответственность за чистоту своего дома, города и страны в целом, а также смог заработать на этом, а вырученные деньги потратить на нужды дома», – отметил заместитель председателя правления АО «Жасыл даму» Кабдолданов Нуржан.

Цифровая платформа EcoQolday (https://apps.apple.com/kz/app/ecoqolday/id6475673696) способствует снижению объёмов захоронения отходов, развитию перерабатывающей отрасли и формированию осознанного отношения к потреблению ресурсов. Для жителей это удобный и понятный инструмент участия в экологической повестке без дополнительных затрат и сложностей.

АО «Жасыл даму» и партнёры проекта планируют поэтапно расширять географию инициативы, вовлекая все больше жителей в систему раздельного сбора отходов и последовательно реализуя миссию по созданию чистой, устойчивой и экологически ответственной среды в Казахстане.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх