[:kz]Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Қытай комиссиясының 12-отырысы өтті[:ru]Состоялось 12-е заседание Казахстанско-китайской комиссии по сотрудничеству в области охраны окружающей среды

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1144322?lang=kk

2026 жылғы 16 қаңтарда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев пен Қытай Халық Республикасы Экология және қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Го Фанның теңтөрағалығымен Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Қытай комиссиясының 12-отырысы өтті.

Іс-шараны ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі
М.Т. Ошурбаев аша отырып, ауаның, судың және топырақтың ластануы, қалдықтарды басқару, сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдары сияқты ортақ экологиялық сын-қатерлерді шешу үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда Қазақстан–Қытай комиссиясының экологиялық мәселелерді талқылау мен шешудің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді және трансшекаралық өзендердің су сапасын қорғау туралы келісімді іске асырудың маңызды тетігі екені ерекше атап өтілді.

Отырыс барысында Комиссия аясындағы екі жұмыс тобының 2025 жылғы қызметі туралы баяндамалар тыңдалды. Тараптар Қара Ертіс, Іле, Текес, Қорғас және Еміл трансшекаралық өзендерінің су сапасын мониторингтеу бойынша практикалық өзара іс-қимылды, сондай-ақ жедел ақпарат алмасу тетіктерінің тиімді жұмысын, бірлескен оқу-жаттығулар мен сараптамалық семинарлардың өткізілгенін атап өтті.

Қазақстан тарапының озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды. Осы тақырыпта «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Б.Б. Абенов баяндама жасап, Қазақстанда ОҚТ енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерін және осы салада ҚХР-мен одан әрі өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттарын таныстырды.

ҚХР Экология және қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Го Фан өз сөзінде Қытайда экологиялық өркениет қағидаттары жүйелі түрде ілгерілеп жатқанын, жасыл желектерді дамыту мен экожүйелерді қалпына келтіруге бағытталған ауқымды бағдарламалар іске асырылып жатқанын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және ластаушы заттар шығарындыларын қысқарту бойынша белсенді шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

Го Фан қытай тарапының биологиялық әртүрлілікті сақтау, пластикпен ластануға қарсы, сондай-ақ жасыл технологияларды дамыту және енгізу салаларында Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар қазақстандық тарапты ағымдағы жылдың сәуір айында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы іс-шараларға қатысуға шақырды.

 

Өз кезегінде Вице-министр М.Т. Ошурбаев қытай тарапын 2026 жылғы
22–24 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін Орталық Азияның өңірлік экологиялық саммитке белсенді қатысуға шақырды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан – Қытай ынтымақтастық комиссиясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, Комиссияның 12-отырысының хаттамасына қол қойылды.

Кездесу соңында тараптар қоршаған ортаны қорғау және орнықты дамыту мәселелері бойынша конструктивті өзара іс-қимылды әрі қарай жалғастыруға және ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін растады, сондай-ақ Комиссияның келесі отырысын ағымдағы жылдың соңына дейін ҚХР өткізуге уағдаласты.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1144322?lang=ru

16 января 2026 года состоялось 12-е заседание Казахстанско-китайской комиссии по сотрудничеству в области охраны окружающей среды под сопредседательством Вице-министра экологии и природных ресурсов РК
М.Т. Ошурбаева и Заместителя министра экологии и охраны окружающей среды Китайской Народной Республики Го Фан.

Открывая заседание, Вице-министр экологии и природных ресурсов РК
М.Т. Ошурбаев отметил важность укрепления двустороннего сотрудничества для решения общий экологических вызовов, включая вопросы загрязнения воздуха, воды и почвы, управления отходами и последствий изменения климата. В этом контексте было подчеркнуто, что Казахстанско-китайская комиссия является важным механизмом для обсуждения и решения экологических вопросов, а также для реализации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о сотрудничестве в области охраны окружающей среды и Соглашения об охране качества вод трансграничных рек.

В ходе заседания были заслушаны доклады о деятельности двух рабочих групп в рамках Комиссии за 2025 год. Стороны отметили практическое взаимодействие по мониторингу качества вод трансграничных рек Кара-Ертис, Иле, Текес, Хоргос и Емель, а также эффективное функционирование механизмов оперативного обмена информацией, проведение совместных тренировок и экспертных семинаров.

Отдельное внимание было уделено инициативе казахстанской стороны по развитию сотрудничества в области внедрения наилучших доступных техник. С соответствующим докладом выступил заместитель Председателя Правления НАО «Международный центр зеленых технологий и инвестиционных проектов» Б.Б. Абенов, который представил результаты проводимой работы по внедрению НДТ в Казахстане и возможные направления дальнейшего взаимодействия с КНР в данной сфере.

В своем выступлении Заместитель министра экологии и охраны окружающей среды КНР Го Фан проинформировала, в Китае последовательно продвигаются основы экологической цивилизации, реализуются масштабные программы по развитию зеленых насаждений и восстановлению экосистем, активно принимаются меры по охране окружающей среды и сокращению выбросов загрязняющих веществ.

Го Фан подчеркнула готовность китайской стороны к углублению сотрудничества с Казахстаном в сферах сохранения биологического разнообразия, противодействия пластиковому загрязнению, а также развития и внедрения зеленых технологий. Кроме того, она пригласила казахстанскую сторону принять участие в мероприятиях в рамках Шанхайской организации сотрудничества, запланированных к проведению в апреле текущего года.

Вице-министр М.Т. Ошурбаев, в свою очередь, пригласил китайскую сторону принять активное участие в Региональном экологическом саммите Центральной Азии, который состоится 22–24 апреля 2026 года в городе Астане.

По итогам заседания был утвержден План работы Казахстанско-китайской комиссии по сотрудничеству в области охраны окружающей среды на 2026 год и подписан Протокол 12-го заседания Комиссии.

В завершение встречи участники подтвердили намерение продолжать конструктивное взаимодействие и дальнейшее развитие сотрудничества по вопросам охраны окружающей среды и устойчивого развития, и договорились провести следующее заседание Комиссии в КНР до конца текущего года.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх