[:kz]Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды[:ru]Подписан план мероприятий по ввозу и адаптации амурских тигров в Казахстане

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1105433?lang=kk

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Құжат аймақта баламасы жоқ – Орталық Азияда жолбарысты қайта қалпына келтіру жобасы бойынша уағдаластықтарды бекітеді.

Келісімге екі елдің экология және табиғи ресурстар министрлері – Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов қол қойды.

Жоспар аясында Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысын – екі аталық және екі аналық дараны өтеусіз береді. Жануарлар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жеткізіледі.

Жолбарысты Қазақстанға қайта енгізу идеясының ғылыми және тарихи негізі бар. 2009 жылы халықаралық биологтар тобы (Driscoll және басқалар, 2009) жүргізген генетикалық зерттеулер нәтижесінде жойылып кеткен тұран жолбарысы мен қазіргі амур жолбарысының ДНҚ ұқсастығы дәлелденді. Бұл жаңалық жоғалған популяцияны қалпына келтіру жұмыстарына бастау болуға мүмкіндік берді.

Ресей тарапы ветеринариялық дайындық пен тасымалдауды қамтамасыз етсе, Қазақстан тарапы қарсы алу, орналастыру және мониторинг жүргізу жұмыстарын атқарады. Жоба БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылады.

2018 жылы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды, онда қазіргі таңда Қазақстанға алғаш Нидерландыдан әкелінген амур жолбарыстары мекендейді.

Бағдарламаның табысты іске асырылуы Қазақстанды жолбарыс жойылып кеткен өңірге оны қайта енгізе алған алғашқы елдердің біріне айналдырады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1105433?lang=ru

В ходе государственного визита Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева в Россию подписан Совместный план действий по ввозу и адаптации амурских тигров в Казахстане. Документ закрепляет договорённости по восстановлению тигра в Центральной Азии – проекта, не имеющего аналогов в регионе.

Соглашение подписали Министры экологии и природных ресурсов двух стран – Ерлан Нысанбаев и Александр Козлов.

В рамках плана Россия безвозмездно передаст Казахстану четырёх амурских тигров – двух самцов и двух самок. Животных доставят в Государственный природный резерват «Иле-Балхаш».

Идея возвращения тигра в Казахстан имеет научное и историческое обоснование. В 2009 году международная группа биологов (Driscoll et al., 2009) провела генетические исследования, подтвердившие близость ДНК вымершего туранского и современного амурского тигров. Это открытие позволило начать подготовку к восстановлению утраченной популяции.

Российская сторона обеспечит ветеринарную подготовку и транспортировку, казахстанская – встречу, размещение и мониторинг. Проект реализуется при поддержке ПРООН.

В 2018 году в Казахстане создан резерват «Иле-Балхаш», где уже обитают первые амурские тигры, прибывшие из Нидерландов. Успешная реализация программы сделает Казахстан одной из первых стран, сумевших вернуть тигра в регион его исчезновения.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх