[:kz]Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері мен перспективалары[:ru]Проблемы и перспективы сохранения биоразнообразия Центральной Азии

[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1012775?lang=kk

Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде адамдардың зиянды әрекеттері салдарынан жойылып кету қаупі төніп отырған жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау өзекті мәселе екенін ерекше атап өтіп, Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру қажеттігін мәлімдеді.

Мемлекет басшысының жоғарыда атап өткен тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы (Академия)  2025 жылдың 5 маусымында эколог күніне арналған «Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық форум өткізді.

Форум жұмысын Ұлттық ғылым академиясының президенті А.Күрішбаев аша отырып, өз сөзінде, Орталық Азиядағы биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша Академияның ұстанымын айтып онымен байланысты тәуекелдерді басқаруға бағытталған ғылыми негізделген нақты шараларды ұсынды.

Іс-шарада ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Құрмалаев өз баяндамаларында биологиялық әртүрлілікті сақтау – экологиялық қауіпсіздіктің, жерді тұрақты пайдаланудың және өңіраралық ынтымақтастықтың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Сонымен қатар, табиғатты қорғаудың ғылыми-тәжірибелік негізін нығайту, трансшекаралық экологиялық бастамаларды дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия өңірінің бірегей экожүйелерін ұзақ мерзімді қорғауға бағытталған Биологиялық әртүрлілік қорын қоса алғанда, жаңа қаржылық және институционалдық тетіктерді қалыптастыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Форумға сонымен қатар БҰҰДБ, ЮНЕСКО, ФАО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылары, Ресей, Германия, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және басқа елдердің жетекші шетелдік ғалымдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жас ғалымдар, Қазақстанның экология және табиғатты қорғау саласындағы мамандары қатысты.

Форум аясындағы көрмеде көпфункционалды мобильді SIGMA кешені (кеңістіктік мониторинг пен геotalдау жүйесі) таныстырылды – бұл табиғи және антропогендік үдерістерді кеңістіктік-уақыттық талдау үшін арналған цифрлық платформа. Ол экология, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, климат, биологиялық әртүрлілік және басқа да салалардағы мониторинг пен болжауға арналған.

Форум биологиялық әртүрлілікті сақтау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми зерттеулер мен білім беру бастамаларын қолдау ісінде мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру жолындағы маңызды қадам болды.

Халықаралық форумның қорытындысы бойынша бүгінгі талқылау барысында ұсынылған негізгі ұсыныстар, бастамалар мен биологиялық әртүрлілік мәселелерін шешу жолдары қамтылатын қарар әзірлеу туралы шешім қабылданды.[:ru] 

На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РКhttps://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1012775?lang=ru

В своем выступлении на IV Национальном курултае Глава государства особо подчеркнул актуальность охраны биоразнообразия животного и растительного мира, находящегося под угрозой в результате разрушительной деятельности человека и заявил о необходимости создания Международного фонда охраны биологического разнообразия.

Во исполнения поручений Главы государства Национальная академия наук РК при Президенте РК 5 июня 2025 года провела Международный форум «Проблемы и перспективы сохранения биоразнообразия Центральной Азии» посвященный Дню эколога.

Форум открыл Президент Национальной академии наук при Президенте РК А.Куришбаев, он озвучил позицию Национальной академии наук и представил конкретные научно-обоснованные меры, направленные на сохранение биоразнообразия Центральной Азии.

На мероприятие выступили вице-министр экологии и природных ресурсов РК Н.Курмалаев, который отметил, что сохранение биоразнообразия является неотъемлемым элементом экологической безопасности, устойчивого землепользования и межрегионального сотрудничества.

В своем выступлении вице-министр акцентировал внимание на необходимости усиления научно-практической базы охраны природы, создания трансграничных природоохранных инициатив, а также формирования новых финансовых и институциональных механизмов, включая Фонд биоразнообразия, ориентированных на долгосрочную защиту уникальных экосистем Казахстана и всего Центрально-Азиатского региона.

В форуме также приняли участие представители и эксперты ПРООН, ЮНЕСКО, ФАО, международных организаций, ведущие зарубежные ученые из России, Германии, Кыргызстана, Таджикистана, Азербайджана и др. ученые, а также первые руководители Вузов, НИИ, молодые учёные, специалисты в области экологии, охраны природы Казахстана.

В рамках выставки форума продемонстрирован многофункциональный мобильный комплекс SIGMA (система геоанализа и пространственного мониторинга) – цифровая платформа для пространственно-временного анализа, предназначенная для мониторинга и прогнозирования природных и антропогенных процессов в различных секторах: экология, сельское хозяйство, водные ресурсы, климат, биоразнообразие и др.

Форум стал важным шагом на пути консолидации усилий различных заинтересованных сторон в деле сохранения биологического разнообразия, международного сотрудничества, поддержки научных исследований и образовательных инициатив.

По результатам Международного форума было принято решение подготовить резолюцию, в которой будут отражены ключевые предложения, инициативы и пути решения вопросов биоразнообразия, представленные в ходе сегодняшнего обсуждения.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх