[:kz]Алматы қаласында жаңа картон мен қағаз өндіретін зауыт салынады – бұл «Жасыл даму» АҚ жобасы[:ru]Новый завод по производству картона и бумаги появится в Алматы – проект АО «Жасыл даму»

[:kz]«Жасыл даму» АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ бірлесіп, Алматы қаласының индустриялық аймағында жаңа картон мен қағаз өндіретін зауыт салу үшін 37,1 млрд теңге көлемінде инновациялық жобаны қаржыландырды.

Болашақ кәсіпорынның бірегейлігі – шикізат ретінде қайта өңделген макулатураны пайдалануында, бұл экологиялық жүктемені азайтып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға септігін тигізеді.

«KZ Recycling» ЖШС – Қазақстан бойынша ғана емес, Ресейдің бірнеше қалаларында да макулатура жинау бойынша кең өкілдік желісі бар жалғыз отандық компания.

Мемлекеттік деңгейде қолдау тапқан жоба жаңа өндірістік кешеннің құрылысын және қолданыстағы зауытты жаңғыртуды қамтиды. Бұл гофрлеу қағазы, гофрленген картонның тегіс қабаттарына арналған картон және гипсокартон бұйымдарына арналған қаптау картонын өндіру көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде құрамында масса дайындау қондырғылары, қағаз жасау машиналары, ағын суларды тазарту құрылғылары мен қазандықтар секілді жоғары технологиялы жүйелермен жабдықталған қағаз және картон өндіру желісі іске қосылады.

Құрылыс-монтаж жұмыстарына 12 млрд теңге қарастырылған, ал жабдықтар мен арнайы техниканы лизингке сатып алуға тағы 25,1 млрд теңге бөлінген.

Жеңілдетілген қаржыландыру механизмі келесідей: «Жасыл даму» кәсіпорны утилизациялық төлемнен жиналған қаражатты Өнеркәсіпті дамыту қорына аударады, ал Қор өз кезегінде «KZ Recycling» ЖШС-не жылдық 3% мөлшерлемемен, 15 жыл мерзімге, 2 жылға дейінгі жеңілдік кезеңімен заем береді.

Осылайша, бұл жоба – Қазақстандағы қайта өңдеу және қаптама материалдарын өндіру саласындағы ең ірі инвестициялық жоба болып табылады. Ол жаңа жұмыс орындарының ашылуына, экологиялық жағдайдың жақсаруына және елдің халықаралық «жасыл» нарықтардағы позициясын нығайтуға ықпал етеді.[:ru]АО «Жасыл даму» совместно c АО «Фонд развития промышленности» профинансировали инновационный проект на сумму 37,1 млрд тенге для строительства нового завода по производству картона и бумаги в индустриальной зоне г. Алматы.

Уникальность будущего предприятия заключается в использовании переработанной макулатуры в качестве сырья, что снижает нагрузку на экологию и способствует более рациональному использованию природных ресурсов.

ТОО «KZ Recycling» – единственная отечественная компания, обладающая широкой сетью представительств по сбору макулатуры не только по всему Казахстану, но и в нескольких городах России.

Проект, поддержанный на государственном уровне, включает строительство нового производственного комплекса и модернизацию существующего завода, что позволит значительно увеличить объемы выпускаемой продукции, включая бумагу для гофрирования, картон для плоских слоев гофрированного картона и картон облицовочный для гипсокартонных изделий. В результате реализации проекта будет запущена современная линия по производству бумаги и картона, оснащенная высокотехнологичными системами, такими как установки подготовки массы, бумагоделательные машины, установки очистки сточных вод и котлы.

На строительно-монтажные работы предусмотрено финансирование в размере 12 млрд тенге и еще 25,1 млрд тенге на приобретение оборудования и специальной техники в лизинг. Механизм льготного финансирования выглядит следующим образом: предприятие «Жасыл даму» из средств, собранных от утилизационного платежа, передает деньги в Фонд развития промышленности, который в свою очередь, уже предоставляет ТОО «KZ Recycling» заём под 3% годовых сроком до 15 лет с каникулами по выплатам до 2 лет.

Таким образом, это крупнейший инвестпроект в Казахстане в секторе переработки и производства упаковочных материалов, который будет способствовать созданию новых рабочих мест, улучшению экологической ситуации и укреплению позиций страны на международных «зеленых» рынках.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх