[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/994258?lang=kk
2025 жылдың басынан бері елімізде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 405 іс-шара өткізілді. Атап айтқанда: «Таза қала», «Таза аймақ», «Таза жағалау», «Қалаға ағаш», «Мөлдір бұлақ», Халықаралық құстар күні, «Жер сағаты» және басқа да акциялар ұйымдастырылды.
Негізгі нәтижелер:
– 121 мың тоннадан астам қалдық жиналды
– 584 мың гектарға жуық аумақ тазартылды
– 1,7 миллионнан астам ағаш көшеті отырғызылды
Іс-шараларға 1,4 миллионға жуық адам қатысты, оның ішінде 82 мың ерікті бар
ЖОО мен мектептерде экосағаттар аясында экология департаменттерінің зертханаларына экскурсиялар мен дәрістер өткізілді. 5000-нан астам студент экологиялық мониторинг құралдарымен танысты.
Су айдындарын тазарту кезінде 342 балық аулау торы жиналды, 21 бұлақ қалпына келтірілді, мектеп оқушылары 1982 ұя (құс үйшігі) орнатты.
21–23 сәуір аралығында Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен «Таза Қазақстан» экофестивалі өтті. Көрме алаңында келесідей жобалар таныстырылды:
– Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жобалары
– Ірі өнеркәсіптік компаниялардың бастамалары (ERG, ТШО, КПО, Қазахмыс)
– Халықаралық жасыл технологиялар орталығының қолдауымен экостартаптар
– Мектеп оқушыларының экологиялық жобалары.
Көрмені 1500-ден астам адам, соның ішінде елорда ЖОО-лары мен колледждерінің студенттері тамашалады.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында халықпен кері байланыс орнату мақсатында Telegram-да чат-бот жұмыс істеп тұр. Бұл чат-бот арқылы әрбір азамат ластанған аумақтың фотосын және геолокациясын жолдай алады. Өтінімдер автоматты түрде тиісті органдарға жіберіліп, жедел түрде қарастырылады.
Чат-бот іске қосылғаннан бері жүйеге 18322 өтінім келіп түсті, оның 16907-сі орындалды. Чат-ботты ең белсенді қолданатындар — Алматы мен Астана қалаларының, сондай-ақ Түркістан облысының тұрғындары.
Еліміздің таза болашағы үшін белсенділік танытып, үлес қосқандарыңызға алғысымызды білдіреміз![:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/994258?lang=ru
С начала 2025 года по всей стране в рамках инициативы «Таза Қазақстан» проведено 405 мероприятий. Среди них акции: «Чистый город», «Таза аймақ», «Чистые берега», «Дерево для города», «Мөлдір бұлақ», Международный день птиц, «Час Земли» и другие.
Основные результаты:
– Собрано более 121 тыс. тонн отходов
– Очищено около 584 тыс. га территории
– Высажено свыше 1,7 млн. саженцев деревьев
– Участие приняли около 1,4 млн. человек, включая 82 тыс. волонтёров.
В рамках эко-часов в вузах и школах прошли лекции и экскурсии в лаборатории департаментов экологии, где более 5000 студентов ознакомились с приборами экологического мониторинга.
При очистке водоёмов собрано 342 рыболовные сети, восстановлен 21 родник, школьниками установлено 1982 скворечника.
С 21 по 23 апреля в Астане прошёл экофестиваль «Таза Қазақстан» с участием Главы Государства. В рамках выставочной зоны были представлены:
– Проекты по переработке и утилизации отходов
– Инициативы крупных промышленных компаний (ERG, ТШО, КПО, Казахмыс)
– Экостартапы под эгидой Международного центра зелёных технологий
– Экологические проекты школьников
Выставку посетили более 1500 человек, в том числе студенты столичных вузов и колледжей.
Для обратной связи с населением в рамках инициативы «Таза Қазақстан» продолжает работу чат-бот в Telegram, с помощью которого каждый гражданин может направить фото и геолокацию загрязнённой территории. Заявки автоматически направляются в ответственные органы для оперативного реагирования.
С момента страта чат-бота в систему поступило 18322 заявки, из которых выполнены – 16907. Наиболее активными пользователями чат-бота являются жители городов Алматы и Астаны, а также Туркестанской области.
Благодарим всех за активное участие и вклад в чистое будущее страны!
#ТазаҚазақстан #Экофестиваль #Экология #УстойчивоеРазвитие #ЧистаяСтрана
