[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/988097?lang=ru
«Жасыл даму» АҚ еліміздің ірі қалаларында қоқыс өңдеу зауыттарын салуға 3% жылдық мөлшерлемемен, 15 жылға дейінгі мерзімге және 2 жылға дейінгі жеңілдік кезеңімен қарыз түрінде қаржыландыру ұсынады. Бұл қаржыландыру кәдеге жарату төлем есебінен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда әкімдіктер ұсынған 67 жоба мақұлданды, оның 43-і қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған.
Сол жобалардың бірі – резеңке-техникалық бұйымдарды өңдеумен айналысатын және пиролиз отыны мен резеңке үгіндісін өндіретін «Еділ и компания» ЖШС. Қазіргі уақытта зауыт жылына 543 тонна өңделген өнім шығарады, алайда жаңарту аясында өндірістік қуаттылық жылына 8,3 мың тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұл қалдықтарды өңдеу тиімділігін айтарлықтай арттырып, бұрын полигондарға және қоймаларға түсетін резеңке бұйымдарының көлемін едәуір азайтады.
Жаңарту жобасына жаңа цехтың іске қосылуы кіреді, оның құрылысы 2025 жылдың күзіне дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жобаға «Жасыл даму» АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ тарапынан көрсетілген қолдау маңызды рөл атқарды. Кәсіпорынға 354,5 млн теңге көлемінде қаржыландыру берілді.
Жобаның күтілетін нәтижелері:
- 20-дан астам жаңа жұмыс орнын құру, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
- резинотехникалық өнімдердің көп көлемін қайта өңдеу арқылы экологиялық жүктемені азайту және қоршаған ортаның ластануын төмендету.
- қалдықтарды қайта өңдеу, соның ішінде резинотехникалық өнімдерді қайта өңдеу нарығындағы кәсіпорынның позицияларын нығайту.
«Еділ и компания» ЖШС қалдықтарды қайта өңдеу зауытының модернизациялау жобасы Қазақстандағы өнеркәсіптің тұрақты дамуына маңызды қадам болып табылады, сондай-ақ өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға елеулі үлес қосады.
Министрлік «Жасыл даму» АҚ-ның қаржылай қолдауына ие болған кәсіпорындардың жұмысын бұдан әрі де жариялап отырады.
[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/988097?lang=ru
АО «Жасыл даму» предоставляет финансирование в виде займов под 3% годовых сроком до 15 лет с отсрочкой по выплатам до двух лет по строительству мусороперерабатывающих заводов в крупных городах за счёт утилизационного платежа. На сегодня одобрены 67 проектов, представленных акиматами, из которых 43 направлены на переработку отходов.
Одним из таких компаний является ТОО «Еділ и компания», которая успешно реализует проекты по переработке резинотехнических изделий, включая производство пиролизного топлива и резиновой крошки. На текущий момент завод производит 543 тонны переработанных материалов в год, однако в рамках модернизации мощности предприятия будут увеличены до 8,3 тыс. тонн в год. Это позволит значительно повысить эффективность переработки отходов и значительно сократить объемы резинотехнических изделий, которые ранее попадали на свалки и хранилища.
Проект модернизации включает в себя запуск нового цеха, который планируется завершить осенью 2025 года. Важной частью проекта является поддержка со стороны АО «Жасыл даму» и АО «Фонд развития промышленности», которые предоставили финансирование в размере 354,5 млн. тенге.
Ожидаемые результаты проекта:
- Создание более 20 новых рабочих мест, что способствует улучшению социально-экономической ситуации в регионе.
- Снижение экологической нагрузки за счет переработки большего объема отходов резинотехнических изделий и уменьшение загрязнения окружающей среды.
- Усиление позиций предприятия на рынке переработки мусора, включая резинотехнические изделия.
Проект модернизации мусороперерабатывающего завода ТОО «Еділ и компания» является важным шагом к устойчивому развитию промышленности в Казахстане, а также значительным вкладом в улучшение экологической ситуации в регионе.
Министерство продолжит освещать деятельность предприятий получивших финансовую поддержку АО «Жасыл даму».
