[:kz]Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/982297?lang=kk
Бүкіл ел бойынша ауқымды экологиялық іс-шаралар жалғасуда – тақырыптық апта аясында экологиялық жобалар көрмесі ұйымдастырылып, аталмыш шарада «Жасыл технологиялар» бағыты бойынша 9 көрме аймағы құрылды. Олардың әрқайсысына тоқталайық.
Өнеркәсіптік қалдықтарды кешенді қайта өңдеу жобасы
Компания өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша инновациялық жобаларды дамытуда. Негізгі жоба-көмір ЖЭО күлін қайта өңдеп, одан металл концентраттары алынады, пластикке арналған қоспа-түйіршіктер және «жасыл» бетон өндіріледі. Бұдан басқа, 2024 жылғы желтоқсанда “Ақнар” құс фабрикасының (Қарағанды қ.) қалдықтары негізінде органикалық көбіктүзгіш және көбікбетон блоктарын өндіру іске қосылды.
Smart Energy Solution
Smart Energy Solutions электр энергиясын тұтынуды оңтайландыратын өнеркәсіптік кәсіпорын бағдарламалық құралын әзірлеуде. Бұл жүйе жасанды интеллект негізінде энергия желісінің жұмысын талдап, ауытқуларды анықтайды, сондай-ақ сұранысты болжай отырып, шығындарды азайтуға көмектеседі.
«Dala-Ecos SP»
«Dala-Ecos SP» ЖШС өнеркәсіптік шығарындылар мен қалдықтарды экологиялық құрылыс материалдарына айналдыру технологияларын көрсетеді. Бір жоба Қазақмыс компаниясының мыс балқыту зауытының қалдық газдарынан күкірт диоксидін ұстап, Greencrete™ материалы үшін серополимерлі тұтқыр зат шығарады. Тағы бір жоба өнеркәсіптік қалдықтарды, соның ішінде мұнай шламдарын greencrete™ композиттік күкіртбетонына өңдейді.
FACEPLATE
Бұл күн және жел станцияларының жұмысын қазіргі сәтте бақылауға және басқаруға арналған инновациялық платформа. Ол жаңартылатын энергияны біртұтас «ақылды» желіге біріктіреді, жасыл энергияны пайдалану тиімділігін арттырып, шығындарды және CO₂ шығарындыларын азайтады.
TabQorTech
TabQorTech-ормандарды бақылауға және қалпына келтіруге арналған экодрон. Олар заңсыз ағаш кесу және экожүйелерге басқа қауіптерді анықтау үшін нақты уақыт режимінде ормандарды күзетеді. Бірегей функциясы – автономды ағаш отырғызу: дрон тұқым және қоректік заттары бар биологиялық ыдырайтын капсулаларды таратады, тіпті құрғақ аймақтарда да көшеттердің өсіп шығуын қамтамасыз етеді.
SMARTECOFIELD
Smartecofield – мұнаймен ластанған топырақты тазартуға арналған мобильді биотехнология. Жоба 2015 жылы іске қосылып, дат мамандарымен бірлесіп жетілдірілді. Оның негізінде қазақстандық Бакойл — KZ биопрепараты және цифрлық шешімдер (оттегі наноқозғалтқыштары, датчиктер, автоматтандыру). SMARTECOFIELD мобильді кешені топырақты тазарту мерзімін 12-15 айдан 1-2 айға дейін қысқарту және экожүйеге зиян келтірмеу арқылы мұнай төгілуінің салдарын тез жоюға мүмкіндік береді.
«Су ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС
Судың ғылыми-технологиялық орталығы еліміздегі су айдындарын тазартудың патенттелген биотехнологиясы және микробалдырларды өнеркәсіптік өндіруге лицензиясы бар жалғыз ұйым. Бұл әдіс химиялық реагенттерді қолданбай, суды өздігінен тазартатын Chlorella Vulgaris SKO-а KM-0870 хлорелла штаммын қолдануды көздейді. Осы арқылы ағынды суларды тиімді тазартып, экожүйені қалпына келтіреді және балықтардың өлуінің алдын алады.
«Акмоласвязьмонтаж» ЖШС
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Ақмоласвязьмонтаж» ЖШС төтенше жағдайларды басқарудың тиімділігін арттыру үшін бірыңғай цифрлық экожүйені құрды. Жүйе экологиялық және техногендік қатерлерді анықтап, олардың салдарын модельдеу және залалды бағалаудан бастап, шешуге дейінгі циклін қамтамасыз етеді. Шешімдер жасанды интеллект және машиналық оқыту технологиялары негізінде аумақтық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып қабылданады.
Murat Beton Technology
«Murat Beton Technology» жобасы мұнай шламдары мен күкірттен жасалған FSSC (Fiber Sludge Sulfur Concrete) бетонын ұсынады. Бұл материал кәдімгі бетонға қарағанда берік, төзімді және өндіріс кезінде суды қажет етпейді. Бұл технология мұнай қалдықтарын жойып, полигондарды, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұл көрме «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылды. 21-23 сәуір аралығында іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты.
Әрбір қатысушыға алғыс білдіре отырып, тақырыптық аптаның жалғасатынын еске саламыз. Шаралар 26 сәуірде жаппай ағаш отырғызумен аяқталады.[:ru]На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/982297?lang=ru
По всей стране продолжаются масштабные экологические мероприятия – в рамках тематической недели была организована выставка экологических проектов, где по направлению «Зеленые технологии» представлены 9 зон. Остановимся на каждом из них.
Стенд, проект Комплексной переработки промышленных отходов
Компания развивает инновационные проекты по переработке промышленных отходов. Основной проект – переработка золы угольных ТЭЦ: из золы извлекаются металлические концентраты, производятся компаунд-гранулы для пластика и шлакощелочной «зелёный» бетон. Кроме того, в декабре 2024 года запущено производство органического пенообразователя и пенобетонных блоков на основе отходов птицефабрики «Акнар» (г. Караганда).
Стенд Smart Energy Solution
Smart Energy Solution разрабатывает программное обеспечение для промышленных предприятий, которое оптимизирует потребление электроэнергии. Данная система на основе искусственного интеллекта и машинного обучения анализирует энергосеть, выявляет аномалии, прогнозирует спрос и помогает снижать затраты.
Стенд ТОО «Dala-Ecos SP»
ТОО «Dala-Ecos SP» демонстрирует технологии превращения промышленных выбросов и отходов в экологичные строительные материалы. Один проект улавливает диоксид серы из отходящих газов медеплавильного завода Казахмыса и производит серополимерное вяжущее для материала GreenCrete™. Другой проект перерабатывает индустриальные отходы, включая нефтешламы, в композитный серобетон GreenCrete™.
Стенд FACEPLATE
Faceplate — инновационная платформа для мониторинга и управления работой солнечных и ветровых электростанций в реальном времени. Она объединяет возобновляемые источники энергии в единую «умную» сеть, повышая эффективность использования зелёной энергии, снижая потери и сокращая выбросы CO₂.
Стенд TabQorTech
TabQorTech — экодрон для мониторинга лесов и их восстановления. Беспилотник патрулирует лесные массивы в реальном времени, выявляя незаконные вырубки и другие угрозы экосистемам. Уникальная функция – автономная посадка деревьев: дрон разбрасывает биоразлагаемые капсулы с семенами и питательными веществами, обеспечивая высокую приживаемость саженцев даже в засушливых регионах.
Стенд SMARTECOFIELD
SMARTECOFIELD — мобильная биотехнология для очистки нефтезагрязнённых грунтов. Проект запущен в 2015 году и усовершенствован совместно с датскими специалистами. В основе — казахстанский биопрепарат БАКОЙЛ-KZ и цифровые решения (кислородные нанопузырьки, датчики, автоматизация). Мобильный комплекс SMARTECOFIELD позволяет быстро устранять последствия нефтеразливов, сокращая срок очистки почвы с 12–15 месяцев до 1–2 месяцев и не нанося вреда экосистеме.
Стенд ТОО «Научно-технологический центр воды»
Научно-технологический центр воды — единственная организация в Казахстане с запатентованной биотехнологией реабилитации водоёмов и лицензией на промышленное производство микроводорослей. В основе метода — штамм хлореллы Chlorella vulgaris SKO-А KM-0870, запускающий естественное самоочищение воды без применения химических реагентов. Решение эффективно очищает сточные воды, восстанавливает экосистемы и предотвращает массовую гибель рыбы.
Стенд ТОО «Акмоласвязьмонтаж»
В рамках инициативы «Таза Қазақстан» ТОО «Акмоласвязьмонтаж» создало единую цифровую экосистему для повышения эффективности управления чрезвычайными ситуациями. Система обеспечивает полный цикл действий – от выявления экологических и техногенных угроз, моделирования их последствий и оценки ущерба до координации реагирования. Решения принимаются на основе технологий искусственного интеллекта и машинного обучения с учётом территориальных особенностей и уровня реагирования.
Стенд Murat Beton Technology
Проект «Murat Beton Technology» предлагает бетон нового поколения FSSC (Fiber Sludge Sulfur Concrete) из нефтешламов и серы. Этот материал прочнее и долговечнее обычного бетона, устойчив к агрессивным средам и не требует воды при производстве (что особенно ценно в холодном климате). Технология позволяет утилизировать отходы нефтедобычи, сокращать объём свалок, снижать выбросы парниковых газов и экономить природные ресурсы.
Стоит отметить, что данная выставка была организована в рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан». С 21 по 23 апреля мероприятие посетили более 2000 человек.
Благодарим всех за участие! И напоминаем, что тематическая неделя продолжается, завершится 26 апреля массовой посадкой деревьев.
