[:kz]Елімізде қалдықтарды тиімді қайта өңдеу бойынша шамамен 317 млрд теңге сомаға жаңа жобалар мақұлданды[:ru]Новые проекты по эффективной переработке отходов на сумму порядка 317 млрд тенге одобрены в Казахстане

[:kz]https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/963054?lang=kk

 

Үкімет отырысында коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару жөніндегі жұмыс туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев баяндады. 

Ол еліміздің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында сұрыптау мен қайта өңдеу үлесін арттыру, сондай-ақ халықты қоқыс шығару қызметтерімен қамтуды арттыру көзделгенін атап өтті.

«Осы жоспардың индикаторларын декомпозициялау шеңберінде барлық өңірлерге жоспарлы көрсеткіштер белгіленді. Коммуналдық қалдықтар бойынша, жыл сайын елімізде шамамен 4,5 млн тонна түзіледі, 2024 жылғы қайта өңдеу жоспары 30% болса, нақты өңделгені шамамен – 26%. Еліміздің 20 өңірінен жоспарлы көрсеткішке 7 өңір қол жеткізбеді. Олардың ішінен: Ұлытау, Маңғыстау облыстары және Алматы қаласын ерекше атап өтемін. Біз бұл салада қалыптасқан жағдайды түзетуге мүмкіндік беретін бірқатар мәселелерді шешумен айналасып жатырмыз», — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Министрдің айтуынша, негізгі себептің бірі – экономикалық тартымдылықтың төменділігі. 2021 жылы жаңа Экологиялық кодексті қабылдаған сәттен бастап әкімдіктер тұрмыстық қалдықтар тарифін қайта қарап, мәслихаттарда бекітуі тиіс болған. Бүгінгі күні еліміздегі 211 аудан мен қаланың 155-інде тарифтер қайта қаралды. Тарифтері қайта қаралмаған аудан мен қалалардың басым бөлігі – Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында.

Осыған байланысты, қолданыстағы тарифтер тиісті қызмет көрсету шығындарын өтемейді. Мысалы, Атырау қаласында әкімдік есептеген тариф мөлшері 527 теңге болса, мәслихаттардың халық мүддесін ескере отырып, бекіткені – 379 теңге.

«Бұл мәселені мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы шешу жоспарлануда. Онда тұрмыстық қалдықтар үшін шекті, яғни экономикалық тартымды тарифті бекіту көзделуде. Жеке серіктес ағымдағы және шекті тарифтің айырмасын утильтөлем есебінен алатын болады. Тиімділікті арттыру мақсатында біз шекті тарифтерді бекітуді әкімдіктер құзіретіне береміз. Заңнамаға тиісті түзетулер Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр», — деді министр.

Бұған қоса, Министрлік мәселені жүйелі шешу мақсатында тұрмыстық қалдықтар тарифін 3 жылда кемінде бір рет қайта қарау кезеңділігі бойынша Кодекске түзетулерді әзірледі.

Өткен жылдан бастап Министрлік қалдықтарды жинау және қайта өңдеу кәсіпорындарын ынталандыру мақсатында «ЕсoQolday» бағдарламасын қайта іске қосты. Биыл осы төлемдерге 9,2 млрд теңге қарастырылды.

«Мысалы, полимер қалдықтарының жиналған және қайта өңделген әр тоннасы үшін биыл төлемдер сомасы 71 мың теңгеден асады. Бұдан бөлек, біз қалдықтарды қайта өңдеудің меншікті жүйесі бар өндірушілер мен импорттаушыларды утильалым төлеуден босату талаптарын жеңілдеттік», — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Атап айтқанда меншіктегі міндеттеме тек қайта өңдеу жабдықтарына қолданылады, ал ғимараттар немесе көлік құралдары жалға алынуы немесе аутсорсингке берілуі мүмкін. Сонымен бірге 2031 жылдан бастап қайта өңдеу үлесін қазіргі 30%-дан 40%-ға ұлғайту талабы қарастырылуда.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының ірі қалаларда қоқыс өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін утильтөлем есебінен жеңілдетілген қаржыландыру механизмі бекітілді, жылдық 3%-бен 15 жылға және екі жылға дейінгі демалысы бар несиелер көзделген.

Бүгінгі күні Министрлік, әкімдіктер ұсынған, құны 316,9 млрд тенгені құрайтын 67 жобаны мақұлдады, оның ішінде 43 жоба қайта өңдеуге бағытталған.

67 жобаның ішінде:

  • құны 47,3 млрд тенгені құрайтын 9 жобаны Өнеркәсіпті дамыту қоры мақұлдады, оның 6-уы 4,1 млрд тенгеге қаржыландырылды.
  • 3 жоба бойынша инвесторларды қаржыландыру үшін келісім-шарт жасақталуда.
  • құны 39,9 млрд тенгені құрайтын 15 жоба бойынша Өнеркәсіпті дамыту қоры сараптамаларды аяқтау сатысында.

«Қалған 43 жоба бойынша инвесторлар Өнеркәсіпті дамыту қорының ескертулерін пысықтауда. Сонымен қатар күрделі мәселелерді шешу үшін менің төрағалығыммен барлық өңірлердің, инвесторлардың қатысуымен тұрақты түрде кеңестер өткізілуде және әр жобаға Министрлік пен әкімдіктердің жауапты қызметкерлері бекітілді», — деп түсіндірді министр.

Жалпы, жобаларды іске асыру қайта өңдеу қуатын жылына 1,1 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Құрылатын зауыттар толық жүктелген жағдайда қайта өңдеу үлесі 40%-ға жетеді.

Талдау көрсеткендей, өңірлерде жобаларды жүзеге асыру және қайталама шикізатты максималды түрде алу кезінде тұрмыстық қалдықтардың келесі негізгі фракцияларын қайта өңдеу қуаттылығын арттыру үшін әлеует сақталады.

«Мысалы, пластик бойынша қайта өңдеу әлеуеті жылына шамамен 450 мың тоннаны құрайды. Мәселен, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Жетісу облыстарында пластикті қайта өңдейтін кәсіпорындар жоқ әрі тиісті жобалар ұсынылмады. Шыны қалдықтарын қайта өңдеу бойынша да әлеует бар. Дегенмен Алматы, Жамбыл облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін, және Ақтөбе мен Қызылорда қалаларында жоспарланған жобаларды ескерсек, қалған өңірлерге шыны қалдықтарын осы объектілерге жеткізу мәселесін пысықтауды ұсынамыз», — деді Ерлан Нысанбаев.

Сондай-ақ оның айтуынша, Түркістан, Абай облыстарында және Шымкент қаласында қалдықтарды сұрыптау болмағанына қарамастан Министрлікке жобалар ұсынылмай отыр. Жобаларды сүйемелдеу жағынан да жүйелі мәселелер бар.

«Мысалы, Алматы облысында “Алатау Жарық Компаниясы” жоқ қосалқы стансаға техникалық шарттар берді, бұл “ЭйДиСи Таза Әлем” компаниясының құжаттарды Өнеркәсіпті дамыту қорына тапсыруын кешіктірді. Қызылорда облысының аудан орталықтарында сұрыптау бойынша 6 жоба үшін жер телімдері бөлінген. Алайда, бұл учаскелерге инженерлік инфрақұрылым жеткізілмеген, бұл жобалардың жүзеге асырылу мерзімдеріне теріс әсер етуі мүмкін. Ақтөбе облысын ерекше атап өткім келеді. «Дельта Ақтөбе» компаниясы қалдықтарды шығарудан бастап, қайта өңдеу және көмуге дейінгі барлық процестерді ұйымдастыруды жоспарлаған. Алайда әкімдіктің тарапынан бұрын берілген жер учаскесіне арналған келісімшарт бұзылды», — деп мәлімдеді министр.

Ерлан Нысанбаев Ақтөбе облысында утильтөлем есебінен 2021 жылы құны 1,6 млн еуро, қуаты жылына 60 мың тоннаны құрайтын сұрыптау желісі әлі іске қосылмағанын айтты. Абай облысында құны 2,6 млн еуро, қуаты жылына 100 мың тоннаны құрайтын сұрыптау желісі де іске қосылған жоқ.

Қалдықтарды полигондарға көму көлемін азайтудың тағы бір тиімді механизмі — оларды энергетикалық кәдеге жарату. Әлемде экологиялық таза технологиялар бар, олардың шығарындылары еуропалық стандарттарға сәйкес келеді.

«Бүгінгі таңда Министрлік “Атамекен” палатасымен бірге қоқыс жағатын зауыттардың өндіретін электр энергиясына шекті аукциондық бағасын өзектендіруді аяқтады. Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған қалаларының әкімдіктері осындай жобаларды жүзеге асыруға дайын. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату қажеттілігі бар басқа өңірлерге бұл мәселені пысықтауды бастау қажет», — деді спикер.

Министр елімізде қалдықтарды жинаудан бастап қайта өңдеуге дейінгі бақылау жүйесінің әлсіздігін атап өтті. Оның айтуынша, қалдықтарды басқару процестерін цифрландыру — шешімдердің бірі болып саналады.

«Астанада қалдықтарды басқару процесінің барлық қатысушылары жасанды интеллектті қолдана отырып, цифрлық жүйеде жұмыс істейді. Бұл пилоттық жоба өзінің тиімділігін көрсетті. Әкімдіктерге осы тәжірибені өз өңірлерінде енгізу туралы мәселе қойылды», — деді ол.

Өнеркәсіптік қалдықтар бойынша, жыл сайын республикада шамамен 1 млрд тонна қалдықтар түзіледі.

Осы қалдықтардың негізгі «түзушілері» экономиканың келесі салалары болып саналады:

  • «Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу» – 70%,
  • «Өңдеуші өнеркәсіп» – 15,8%,
  • «Электрэнергиямен, бумен, газбен қамтамасыз ету» – 2%,
  • қалғаны экономиканың өзге салалары.

Экологиялық кодекске сәйкес қалдықтарды басқарудың келесі талаптары көзделген:

  • мемлекеттік реттеу (қауіпті қалдықтар бойынша қызметті лицензиялау және басқа қалдық түрлері үшін хабарламалық тәртіп);
  • қалдықтар иерархиясы қағидаты;
  • қалдықтарды уақытша сақтау мерзімдері.

Аталған талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкерлшілік қарастырылған.

2022-2024 жылдары қалдықтарды басқару талаптарын бұзғаны үшін 14,3 млрд теңгеге 405 айыппұл салынды.

«Жалпы алғанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір кәсіпорын қалдық көлемін азайту мақсатында ең үздік қолжетімді техниканы пайдалануды ескере отырып, Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлейді», — деп толықтырды министр.

Биыл қалдықтарды басқару бойынша 3 арнайы анықтамалық әзірленуде:

  • «Қалдықтарды термиялық әдіспен жою және кәдеге жарату»;
  • «Қалдықтарды көму»;
  • «Қалдықтарды қалпына келтіру»;

Сонымен қатар Министрлік жүргізген талдау, жүйелі мәселелердің әлі де бар екенін айқындады, атап айтқанда:

  • біртұтас нормативтік-құқықтық базаның,
  • қалдықтарды қайта өңдеуді экономикалық ынталандырудың,
  • Ведомствоаралық үйлестірудің механизмі мен нақты регламенттің,
  • Қалдықтарды есепке алу мен бақылаудың орталықтандырылған ақпараттық жүйесінің,
  • жария есептіліктің жоқ екендігін көрсетті.

«Осыған орай, Министрлік заңнамалық базаға және реттеу құралдарына ауқымды талдау жасауды, оның нәтижесінде барлық мүдделі тараптың пікірлерін ескере отырып, Қалдықтардың барлық түрін басқару жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеуді ұсынады», — деп түйіндеді Ерлан Нысанбаев.

Бұл қалдықтардың жинақталуына, нақты түзілуіне және оларды экономиканың нақты салаларына тартудың перспективті тәсілдеріне кешенді баға беруге мүмкіндік жасайды.

https://primeminister.kz/news/elimizde-kaldyktardy-tiimdi-kayta-ondeu-boyynsha-shamamen-317-mlrd-tenge-somaga-zhana-zhobalar-makuldandy-29840[:ru]https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/963054?lang=ru

О работе по управлению коммунальными и промышленными отходами на заседании Правительства доложил министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев. Он отметил, что Национальным планом развития страны до 2029 года обозначено повышение доли сортировки и переработки, а также охвата населения услугами вывоза отходов.

Так, например, по коммунальным отходам ежегодно в стране образуется более 4,5 млн тонн, а уровень переработки в 2024 году составил 26%, при плане 30%. Из 20 регионов плановые показатели не достигнуты 7 регионами. Наибольшее недостижение наблюдается в Ұлытау – 12%, город Алматы – 7,3%, Мангистауская область – 5,5%, Северо-Казахстанская область – 5% и в городе Шымкент – 3,5%.

Министр добавил, что в этой отрасли есть ряд проблем, над решением которых сейчас активно ведется работа. Одна из них – низкая экономическая привлекательность. С момента принятия в 2021 году нового Экологического кодекса акиматы должны были пересмотреть и утвердить на маслихатах тарифы на твердые бытовые отходы (ТБО). На сегодняшний день, по информации министра, из 211 районов и городов страны тарифы пересмотрены в 155.

С наибольшим количеством районов и городов, где не пересмотрены тарифы, являются следующие регионы – Павлодарская, Восточно-Казахстанская и Алматинская области. В этой связи тарифы на ТБО зачастую не покрывают реальных затрат спецпредприятий.

Например, в городе Атырау утвержден тариф в размере 379 тенге, тогда как разработанный акиматом составлял 527 тенге. Решение этого вопроса, как отметил на заседании Правительства Ерлан Нысанбаев, может стать механизмом ГЧП через утверждение предельного, то есть экономически привлекательного тарифа на ТБО. Разница между текущим и экономически привлекательным тарифами будет возмещаться частному партнеру за счет утилизационных платежей. Для повышения эффективности компетенцию по утверждению предельных тарифов предлагается передать на уровень акиматов. Поправки в законодательство находятся в Мажилисе Парламента.

В целях системного решения вопроса Министерством разработаны поправки в Кодекс в части периодичности пересмотра тарифа на ТБО не реже одного раза в 3 года. Кроме того, с прошлого года возобновлена программа выплат специальным предприятиям по управлению отходами – «ЕсoQolday». На 2025 год предусмотрено 9,2 млрд. тенге. Данные выплаты, как сообщил министр, направлены на стимулирование раздельного сбора и переработку отходов с получением готовой продукции. К примеру, за тонну собранных и переработанных полимерных отходов сумма выплат в этом году составляет более 71 тыс. тенге.

Важно также отметить, что упрощены требования по освобождению от уплаты утильсбора производителей и импортеров, имеющих собственную систему переработки отходов, а именно обязательство иметь в собственности будет распространяться только на оборудование по переработке, а здания или транспортные средства могут быть арендованы или переданы в аутсорсинг. При этом планируется поэтапное повышение требования по увеличению доли переработки с действующих 30% до 40% с 2031 году.

В рамках реализации поручения Главы государства по строительству мусороперерабатывающих заводов в крупных городах утвержден механизм льготного финансирования за счет утилизационного платежа в виде займов под 3% годовых сроком до 15 лет с каникулами по выплатам до двух лет. На сегодняшний день представленные акиматами 67 проектов на сумму 316,9 млрд тенге одобрены Министерством экологии и НПП «Атамекен», из них 43 проекта по переработке отходов.

Из 67 проектов: 9 проектов на сумму 47,3 млрд тенге одобрены в ФРП, из них 6 проектов профинансированы Жасыл даму на сумму 4,1 млрд тенге. На сегодня по 3 проектам ведутся работы по заключению договоров для предоставления средств инвесторам; 15 проектов на сумму 39,9 млрд тенге находятся на финальной фазе рассмотрения в ФРП. Остальные 43 проекта на сумму 229,7 млрд тенге инвесторами отрабатываются замечания ФРП

Министр сообщил, что реализация проектов позволит увеличить мощность переработки на 1,1 млн тонн в год. В случае полной загрузки создаваемых мощностей доля переработки достигнет 40%. Проведённый Министерством анализ показывал, что при реализации проектов в регионах и максимальном извлечении вторичного сырья остаётся потенциал для увеличения мощностей по переработке следующих основных фракций твердых бытовых отходов (ТБО).

К примеру, по пластику имеется потенциал по переработке порядка 450 тыс. тонн в год. Так, в Восточно-Казахстанской области и областях Ұлытау и Жетісу отсутствуют действующие предприятия, и не заявлены проекты по переработке пластика. С учётом действующих мощностей в Алматинской, Жамбылской областях и в городах Алматы и Шымкент по переработке стекла и при реализации заявленных крупных проектов в городах Актобе и Кызылорда акиматам остальных регионов необходимо проработать вопрос поставки вторсырья на эти объекты.

Также, несмотря на полное отсутствие сортировки отходов в Туркестанской области, области Абай и городе Шымкент отсутствуют проекты в данном направлении. Ерлан Нысанбаев отметил, что действенным механизмом сокращения захороняемых на полигонах отходов является их энергетическая утилизация. В мире имеются экологически чистые технологии, выбросы от которых соответствуют европейским стандартам.

На сегодня Министерство совместно с НПП «Атамекен» завершает работу по актуализации предельной аукционной цены на вырабатываемую мусоросжигательными заводами электроэнергию. В городах Астана, Алматы, Шымкент, Кызылорда, Талдыкорган акиматы уже готовы приступить к реализации таких проектов. Остальным регионам, где также наблюдается потребность в энергетической утилизации отходов, предложено начать проработку этого вопроса.

Кроме того, министр экологии и природных ресурсов обозначил слабый контроль за обращением с отходами, начиная от сбора до переработки. Цифровизация процессов обращения с отходами, по его словам, является одним из решений. На сегодня в Астане все участники процесса управления отходами работают в цифровой системе с применением искусственного интеллекта. Этот пилотный проект показал свою эффективность. Перед акиматами поставлен вопрос о внедрении данного опыта в их регионах.

В части управления промышленными отходами ежегодно в республике образуется порядка 1 млрд тонн промышленных отходов. Основными «образователями» являются следующие сектора экономики:

  • горнодобывающая промышленность и разработка карьеров – 70%,
  • обрабатывающая промышленность – 15,8%,
  • снабжение электричеством, паром, газом – 2%.

Министр напомнил, что в соответствии с Экологическим кодексом в части управления отходами предусмотрено государственное регулирование, внедрён принцип иерархии отходов, и определены сроки временного хранения отходов. За неисполнение требований по управлению отходами предусмотрены штрафы. С 2022 по 2024 годы за нарушение экологического законодательства в части управления отходами наложено 405 штрафов на сумму 14,3 млрд тенге.

В частности:

  • АО «КаспийНефть» за накопление отходов без экологического разрешения наложен и взыскан штраф на сумму 13,7 млрд тенге.
  • АО «AltyntauKokshetau» за сверхнормативное накопление отходов наложен и взыскан штраф на сумму 145 млн тенге.
  • АО «Финансово-инвестиционная корпорация» за сверхнормативное накопление отходов наложен и взыскан штраф на сумму 108,7 млн тенге.

В целом, в соответствии с действующим законодательством каждое предприятие в целях минимизации объема отходов разрабатывает Программу управления отходами с учетом использования наилучшей доступной техники. В текущем году находятся в разработке 3 специализированных справочника по управлению отходами:

  • Уничтожение и утилизация отходов термическим способом;
  • Захоронение отходов;
  • Восстановление отходов.

Вместе с тем, анализ, проведённый Министерством, обнажил наличие системных проблем в управлении отходами, а именно отсутствие единой нормативно-правовой базы, экономических стимулов переработки отходов, механизма и четкого регламента межведомственной координации, централизованной информационной системы по учёту и прослеживаемости отходов и публичной отчетности.

В этой связи Министерством предлагается провести масштабный анализ законодательной базы и инструментов регулирования, по результатам которого разработать концепцию управления всеми видами отходов с учётом мнений заинтересованных сторон. Это позволит комплексно оценить историческое наследие, фактическое образование и перспективные методы вовлечения их в реальный сектор экономики.

https://primeminister.kz/ru/news/novye-proekty-po-effektivnoy-pererabotke-otkhodov-na-summu-poryadka-317-mlrd-tenge-odobreny-v-kazakhstane-29840

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх