[:kz]https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/957554?lang=kk
2025 жылғы 14 наурызда “QazBioPharm” Ұлттық холдингінде өткен кездесуге Президент Әкімшілігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Холдингтің жетекші ғалымдары мен Ә.Бөкейхан атындағы “Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС Басқарма төрағасы қатысты.
Шарада неғұрлым төзімді өсімдік тұқымдарын өсіру, Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру, жасыл белдеу құру, сондай-ақ фитопатологиялардың таралуының алдын алу сынды тақырыптар қозғалды. Генетикалық инженерия мүмкіндіктеріне және құрғақшылық пен топырақтың тұздануына төзімді түрлерді шығаруға баса назар аударылды.
Холдингтің бас директоры Е.Әбдірайымов ғылым, өндіріс саласындағы қызметтің негізгі нәтижелері мен жетістіктерін, сондай-ақ биопрепараттар өндірісін кеңейту жоспарларын ұсынды.
Сондай-ақ, аталмыш кездесуде Ұлттық биотехнология орталығының мамандары экожүйелерді қалпына келтіруге бағытталған озық әзірлемелер мен зерттеулерді көрсетті. Генетикалық инженерия мүмкіндіктеріне және құрғақшылық пен топырақтың тұздануына төзімді түрлер шығаруға ерекше назар аударылды.
Талқылаулардан кейін делегация Ұлттық биотехнология орталығының зертханалары мен жылыжайына барып, өсімдіктердің селекциясы мен гендік инженерия саласындағы соңғы әзірлемелерімен танысты.
Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев ғылым мен мемлекеттік құрылымдардың ынтымақтастығы, экологиялық міндеттерді шешуде және тұрақты табиғат қорғау стратегияларын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария Холдингтің жоғары ғылыми әлеуетін, зерттеулердің белсенді дамуын ғана емес, олардың практикалық қолданылуын да атап өтті. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықтың, озық технологиялармен алмасудың және үздік тәжірибелерді енгізудің маңыздылығына тоқталды. Қазақстан өңірлерінде білім беру мен мамандар даярлауға ерекше назар аударылды, бұл ғылыми жетістіктерді масштабтауға және саланың дамуына мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экология және биотехнология саласындағы одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау және экожүйелерді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға ғылыми әзірлемелерді енгізу қажеттігін атап өтті.[:ru]https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/957554?lang=ru
14 марта 2025 года в АО «Национальный холдинг QazBioPharm» состоялась рабочая встреча с министром экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерланом Нысанбаевым.
В мероприятии приняли участие представители Администрации Президента, Министерства экологии и природных ресурсов, ведущие ученые Холдинга, а также Председатель Правления ТОО «Казахский научно-исследовательский институт лесного хозяйства и агролесомелиорации имени А.Н. Букейхана».
В ходе обсуждений были затронуты вопросы выведения наиболее устойчивых пород растений, озеленения осушенного дна Аральского моря, создания зелёного пояса, а также меры по предотвращению распространения фитопатологий. Особое внимание уделили возможностям генетической инженерии и созданию культур, устойчивых к засухе и засолению почв.
Генеральный директор Холдинга Ергали Абдураимов представил основные результаты деятельности и достижения в области науки, производства, а также планы по расширению производства биопрепаратов.
На встрече специалисты Национального центра биотехнологий продемонстрировали передовые разработки и исследования в области биотехнологий, направленные на восстановление экосистем. Особое внимание уделили возможностям генетической инженерии и созданию культур, устойчивых к засухе и засолению почв.
После обсуждений делегация посетила лаборатории и оранжерею Национального центра биотехнологии, где представили новейшие наработки в области селекции и генной инженерии растений.
Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев подчеркнул, что сотрудничество науки и государственных структур играет ключевую роль в решении экологических задач и формировании устойчивых природоохранных стратегий.
Советник Президента Республики Казахстан по вопросам науки и инноваций Кунсулу Закария подчеркнула высокий научный потенциал Холдинга, отметив не только активное развитие исследований, но и их практическое применение. Она также выделила значимость международного сотрудничества, обмена передовыми технологиями и внедрения лучших практик. Особое внимание было уделено передаче знаний и подготовке специалистов в регионах Казахстана, что позволит масштабировать научные достижения и усилить их влияние на развитие отрасли.
По итогам встречи стороны выразили готовность к дальнейшему сотрудничеству в сфере экологии и биотехнологий. Участники подчеркнули необходимость внедрения научных разработок в государственные программы по охране окружающей среды и восстановлению экосистем.
