[:kz]https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/949841?lang=ru
Ағымдағы жылдың 3 наурызында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниямен жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесуде оқушылар мен жастардың климаттың өзгеруі мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған «Климаттық қорап» білім беру бағдарламасы таныстырылды.
Бұл бағдарламаға оқу-ойын материалдарының жиынтығы, оның ішінде иллюстрацияланған оқулық, «Климаттық викторина» карточкаларының жиынтығы, климаттық өзгерістердің болжамды салдары бар Қабырға картасы, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ұсыныстары бар плакаттар кіреді.
«Климаттық қорап» тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар білім беру мекемелері үшін практикалық құралдарды, соның ішінде мұғалімдерге арналған тренингтерді, әдістемелік ұсыныстарды және жобалық жұмыстарға арналған идеяларды ұсынады.
Бағдарлама қазірдің өзінде 13 тілге аударылған және әртүрлі оқу орталарына бейімделген, толығырақ сайтта: https://climate-box.com/ru/ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі өскелең ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін осындай бастамаларды қолдайды. БҰҰДБ сияқты халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл Ұлттық экологиялық саясатты іске асыруда және орнықты дамуға қол жеткізуде маңызды бағыт болып қала береді.[:ru]https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/949841?lang=ru
3 марта текущего года в Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нысанбаев провел рабочее совещание с Постоянным представителем Программы развития ООН (ПРООН) в Казахстане Катаржиной Вавьернией. В ходе встречи обсуждены вопросы Регионального сотрудничества в области охраны окружающей среды и устойчивого развития.
На встрече была презентована образовательная программа «Климатическая шкатулка», направленная на повышение осведомленности школьников и молодежи по вопросам изменения климата.
Данная программа включает комплект учебно-игровых материалов, среди которых иллюстрированный учебник, набор карточек «Климатическая викторина», настенная карта с прогнозируемыми последствиями климатических изменений, а также плакаты с рекомендациями по снижению выбросов парниковых газов и адаптации к изменению климата.
«Климатическая шкатулка» предоставляет не только теоретические знания, но и практические инструменты для образовательных учреждений, включая тренинги для педагогов, методические рекомендации и идеи для проектных работ. Программа уже переведена на 13 языков и адаптирована для различных учебных сред, Подробнее на сайте: https://climate-box.com/ru/
Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан приветствует подобные инициативы, способствующие формированию экологической культуры среди подрастающего поколения. Взаимодействие с международными организациями, такими как ПРООН, остается важным направлением в реализации национальной экологической политики и достижении устойчивого развития.
